+4 дауыс
1.3k көрілді
Күлкі өмір жасты ұзартады , әжімнің алдын алады, т.б пайдалы тұстары көп. Жақында вк дан шетелдік бір атақты адамның  күлкіден өліп кеткенін оқып едім. Бірақ  сене қоймадым, мән де бермеппін.  Енді жауап  тапқым келіп отыр. Тоқтаусыз бірнеше минут күлу өлімге әкеліп соқтыра ма? Қатты күлгенде , -ой ішегім түйіліп қалды дейміз.  Сонда тоқтаусыз күлкі  ішекке әсер етеді ме, әлде басқа ағзаға әсер етеді ме?
Барлық жауаптар үшін көп рахмет.

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Күлкіден өлген адамдар (мыс. философ Хрисипп ) тарихта көптеп саналады екен. Ол жай күлкі емес, еріктен тыс күлкі. Мұны патологикалық күлкі деп те атайды екен. Күлген кезде адамның қандай да бір мүшесі- жүрегі немесе миына зақым келуі де мүмкін екен. Содан адам күлкісін тізгіндей алмай қалады. Адам тоқтамай күлгенде жүрек соғысы тездеп, миокардқа (жүрек бұлшық еті) оттегі жетіспей қалатын көрінеді.
+1 дауыс
Тоқтаусыз күлгенде адам дем ала алмай қалуы мүмкін. Көңіл-күйі тамаша болса да, дем ала алмай қаншама адам өмірден өткен... :)
+1 дауыс
Бір жерден оқығам гректің атақты бір ойшылы есегіне шарап беріп мас қылып, оған крыса жегізіп күлкіден өліп кеткен. (Кім екенін тапсам айтармын)
Хрисипп деген философ...
Сен оны қайдан білесің әйтеуір тастан жасалған біреу анық есімде ))
Осы сұраққа жауап беру үшін википедияны парақтадым ғой)
Әйтеуір сенгеніңе рахмет))
0 дауыс
Бір сөзбен әбден мүмкін. Себебі адамның ішегі түйіліп қалса жазылмай, сосын өліп қалады.
+1 дауыс
Ішегі түйіліп қалуы мүмкін,ондайдан сақ болу керек!
+1 дауыс
Жауаптарды оқып.... Енді күлсем осылар есіме түседі....(( моя жинзь никогда не будет прежней...
0 дауыс
көп күлетін адамдар барлығы қатыгез болып кетеді
...