Журналистер неге микрофондарына үлбірек қаптама кигізіп қояды?

+2 дауыс
549 қаралым
Байқап жүрмін көптеген журналистер микрофондарын меховый чехолмен қаптап алады. Оның неге керегі бар? Сән үшін бе, әлде  басқа себебі бар ма?
• Санаты: Қызық сұрақтар

3 жауап

+6 дауыс
Жақсы жауап
Фильтр рөлінде болатын көрінеді. Артық дыбыс, жел, қатты естілетін "Б", "П", "Қ", "Д" сияқты әріптердің артық дауыстық бөліктерін азайтуға, микрофонның сезімтал бөлігіне шаң-тозаң, су тимеуіне, жалаңаш микрофондағы тесіткердің түрлі ұсақ заттармен бітеліп қалмауына себеп жасайды екен.
+4 дауыс
  • Қаптама микрофонға сырттан келетін жел екпінін тосады немесе бәсеңдетеді; 
  • Далада трансляция жасағанда анық дыбыс жазылуына көмектеседі;
  • Микрофонға қаптама кигізілсе, сөйлеуші "б" және "п" сияқты әріптерді айтқанда, тыңдарманның құлағына қатты естілмейді. 
  • Көбінесе дыбыс жазу студиялары, журналист мамандар сапалы, таза дыбыс жазу үшін қолданады. 
+1 дауыс
Кейбір телефондардың диктафонымен запись жазғанда жел болып тұрса быжырлап кетеді ғой, сол кезде микрофон фораменіне жіңішке мақта тығып қойса желді кезде да быжырламайды, сол үшін шығар ол да, желдің даусын басу үшін.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы