Әлемде мыңнан астам хобби түрі бар.Олардың барлығын суреттіп шығып мүмкін емес.Хобби - бұл адамның өзін қызықтыратын нәрсеге уақыты мен күш қуатын бөлуі.
Талғам секілді хоббиде бөлінеді.
Егер сіздің хоббиіңіз болса,өміріңіз қызықты бола түседі.Хобби белгілі бір салада біліміңізді арттырып,ой-өрісіңізді кеңейтеді.Хоббидің төрт үлкен тобы бар:заттарды жасау,заттарды қолдан жасау,заттарды коллекциялау,заттарды зерттеу.Бау-бақша өсіру ең ежелгі хобби түрлерінің бірі.Ағылшындар бау-бақша және гүл өсіруді,әсіресе раушан гүлін өте жақсы көреді.
Көптеген ересектер мен балалар компютер ойнағанды ұнатады.Бұл жаңа хобби,бірақ ол күн өткен сайын танымал бола түсуде.
Кез-келген адам өз өмірінің белгілі сәттерінде бір заттарды жинақтаумен айналысады:маркалар,тиындар,кітаптар,сіріңке қораптары,күйтабақтар,ашық хаттар,ойыншықтар,сағаттар.
Кейбір жинақтардың еш құндылығы жоқ,кейбірінің жоғары және бағалығы соншалықты тек мұражай мен көрмелерде сақталады.
Көптеген адамдар суретке түсірумен әуестенеді.Олар қыдырған жерлерінде үнемі камера алып жүреді.Қарапайым хобби - таспаларды жинақтау.Сізде операның,фолк музыкасының немесе джаз концертінің жазбасы болуы мүмкін.
Әлемдегі барлық хоббилерді суреттеп шығу қиын.Бастысы олар сізге білім алуға көмектеседі.
Хобби сөзін әуестену деп аударсаңызда болады өз қалауыңызға қарай.Бірақ меніңше хобби болып қала бергені дұрыс сияқты.Тыныс белгілерінде өзіңіз реттей жатарсыз қате болса