+5 дауыс
883 көрілді

Бұрын үй ішінен қандай да бір жәндікті көрсем болды, бірден "Өлтіру керек!" деген ой сап ете түседі де, өлтіруге ыңғайлы нәрсе іздей бастайтынмын. Маса ұшып бара жатса шапалақтап, үстімізге қонып тұрса, алақанмен қойып қалып арқыры өлтіріп жатамыз ғой. Соңғы кезде жәндіктерді өлтірсем, біртүрлі сезім пайда болады... Не екенін білмейм: аяушылық, өзімді кінәлі сезіну?!.. "Жаны бар жыбырлаған нәрсенің өмірін қидым"... "Адам бола тұра, саналы адам бола тұра, осындай үлкен бола тұра кішкентай ғана әлсіз жаратылысты неге өлтірдім?"...  деген ойлар келеді.  Шыбын тамақ бар жерде жүрсе, бәрін ластайтыны түсінікті. Улы жәндіктер де бар. Бірақ еш зиянсыз жәндіктерді біз не үшін өлтіреміз? Неге жәндік көрсек өлтіруге дайын тұрамыз? Адамның табиғаты неге осындай? Сіздер әлдеқандай жәндікті өлтірерден бұрын және өлтіргеннен кейін қандай сезімде боласыздар? 

(Өзім бір түрлі болғасын, сұрағым да бір түрлі болды ғой дим, айып етпеңіздер)))

Сұрақ та, жауаптары да күшті екен))

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен де өлтіремін,бірақ қатты аяймын.Олар да бір Аллаһтың жаратушысы.Олар шағады,бірақ олардың жаратылысы сондай ғой?!
Мысалы құмырсқа.Ол еңбектеніп жүреді,балаларына дән алып келеді.Сол дәнді табу үшін қанша еңбектенеді.Сол ауыр дәнін үйшігіне алып келе жатқанда бір адам оны басып кетеді.Болды.Дәні де,өзі де жоқ((
+1 дауыс
Демек сізде періштеліктің бірінші белгілері көріне бастағанғо, сізге берер кеңесім адам болып қала беріңіз табиғат заңдылықтарына бойсынып, табиғатта күштілер ғана тірі қалады. Сезімге беріле беру да дұрыс емес, әсіресе істеп болған ісіңе өкiну. Біртүрлі сұрағыңызға біртүрлі жауабым үшін айып етпеңіз !!!
Періштелік?)))) хехе))
+1 дауыс
Мен жауап берейін.Себебі біз кейбір шақпайтын жәндіктерден қауіптенеміз құлағымызға кіріп кетеді деп.Мысалы Тарақанды алайық үйде тарақан жүрсе оны өлтіреміз.құлағымызға кіріп кетпесін деп,кіріп кетсе адамға зияны тиеді.
Иә, қолайсыздық тудыратыны рас. Бірақ сұрағым келгені неге өлтіреміз? Неге сыртқа шығарып жібермейміз?
Одан сайын, көбейіп үйіміздің ауласына отар құрып алуынан қорқамыз.Сосын түнде құлағымызға кіріп кетеді деп те сескенетініміз рас!
0 дауыс
Маған зияны тиер болса өлтiремiн. Мысалы: 3-жыланды өлтiрiп бензин құйып жағып жiбергем, уядағы 83-араға қайнаған су шашып өлтiргенмiн. Ал былай устiмде қоңыз, құмырсқалар жүрсе үпiрiп жiберем, жолда жүргенде жәндiктердi басып кетпеуге әрекеттенiп жүрем. Себебi Аллаh жаратқанын себепсiз өлтiру, Аллаhқа деген құрметсiздiкке жатады.
0 дауыс
тіл тигізбесен болд!
0 дауыс
Мен құрттай кезімде де қазір де өлтіріп көрген емеспін. Құрттай кезімде жаным ашығасын ал қазір əдет болып кеткесін. Бір рет 7-8 жас кезімде біздің үйде тауықтың балапандарын бағатын. Соның ішінде бір сап сары біреуін менікі деп өзім қарайтын едім. Бір күні ауырып қалып 2-3 күн қасынан кетпей қарап жүретін едім ертесі күн таңмен келіп есікті ашып қалсам қарайған сап сары құмырсқалар қоршап жеп жатыр екен, көзі жоқ қап қара боп қалған. өзі өліп қалған. Сол кезде сондай қатты ашуым келіп жек көріп кетіп едім құмырсқаларға. Бірақ дым істегенім жоқ

Ұқсас сұрақтар

...