+1 дауыс
10.3k көрілді
Адам қалай өзін өзі тануы мүмкін ? Әрине айнаға қарап тану емес,  философиялық мағынадағы өзін тану ?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.

«...Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең-кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен–өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».

Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген.

+2 дауыс
Психологиялық емтихандар арқылы,ғылыми түрде өзіннің қандай типаж,қандай темпераменттке жататындығын туралы және т.б тәжірибелерді қолдана отырып өз-өзіңді тани түсесің.Өзім психологпын.Көмек керек болса көмектесуге әзірмін!Жекеге шықсаң болады!)))
...