+1 дауыс
3.1k көрілді
"Брент" сөзінің қазақша баламасы қалай айтылады ?

2 жауап

+2 дауыс
Брент емес Бренд, гугл переводчиктің айтуы бойынша қазақшасы "фирмалық атауы" екен
+2 дауыс

Бренд (ағылш. brand, [brænd]) — сауда белгісі, немесе қазіргі кезде біздің бренд деп жүргеніміз — таңба ғана емес, сол таңбаның астарында тұрғанның барлығы. Әдемі таңба-рәміздерді және фирмалық мәнерді бренд деп атау қате болмады. Бренд — бұл сауда белгісі ғана емес, бұл тұтынушыға берілетін уәде және сол уәдені орындау. Брендтерді өмірге әкелген тауар белгілері туралы тұңғыш заң 1870 жылғы 8 шілдеде АҚШ-та қабылданған.Сілтеме

Ежелгі заманнан бері адамдар қарым-қатынас жасауды, таңбалар арқылы белгілі бір сезімді немесе ақпаратты беруді қажет етті. Бұл таңбалар бір идеяны жақтаушыларды өздерінің бәсекелестерінен өзгеше етіп көрсетті. таңбалар адамның немесе топтың даралығын көрсетуге, өзінің мақтанышын немесе белгілі бір қасиеттерді иеленетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Адамдар өз идеалдарын қорғай отырып, белгілі бір тудың астына жиналған.

Қазақстан тауарлары ішінде бренд мәртебесін иеленгендер жоққа тән.Оның бір себебі қазіргі бәсекелестік заманында нарықта өзін еркін сезінудің басты шартының – сапалы өнімді ғана емес, оған қоса тұтынушы санасындағы бәсекелестік айқасына төтеп бере алатын бейнені де өндірудің кәсіпкерлеріміздің әлі де оң жамбасынан келмей отырғанында.

...