+4 дауыс
105k көрілді

Бітіруші сыныпқа арналған соңғы қоңырау тілек сөздер керек?

соңғы қоңырау, сонгы конырау

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Соңғы қоңырау сыңғыры...
Мектеп бітіру кешінде айтылатын ақ тілек

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз! 
 
*

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.

Қымбатты ұстаздар! Он бір жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін.

Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін. Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!
 
Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан»  менің сыныптас достарым!
Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсекте, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық.
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз.
Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

*

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. 
Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. 
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. 
Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. 

Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Сіздердің осы мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. 

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырға­сынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық. 
Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқанын баяндады. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де туған ауылымыздай сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туға жеріміздің мәрте­бесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз 

Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Әуелі, Елбасымыз айтқандай үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіремін 

Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – ауданымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты үлкен үміт күтеді. Ауданымыз бойынша үздік оқып, білім алған 15 түлек «Алтын белгіге» және 2 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» үміткер болса, оның барлығы де өз білімдерін дәлелдей алды. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап-өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атануда. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. 
Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін! 
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге аудан жұртшылығы атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін! 

Тост-тілек пен дос-тілек кітабынан: 
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз. 
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін. 
Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін.Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

*

Біздің құлағымыз мәңгі күмбірлеп тұратын күміс қоңыраудың ең алғашқы жарқын үні мен соңғы да болса мұңды, салмақты әсем сыңғыры. Ұстаздарымыздың қимас сезімдегі жанары мен мектебіміздің ақ баталы қариядай бейнесі бәріміздің жүрегімізде үлкен үміт, нық сенім ұялатады. 
Өмірдегі сара жолды кешегі шәкірт біз нақ осы сәттегі толқыныстан, тебіреністен, сезім арпалысымен бастаймыз. Әрине, қимаймыз, көзімізге жас та аламыз. 
Сіздермен қимастықпен қоштасып тұрып, әлі де талай өрендерді білім нәрімен сусындатып, қанат қақтыра берулеріңізге тілектеспіз!

*

Көздеген мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер. 
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.

*

Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз. 
Кеудеңе күн орнасын. Ата – ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын. 

Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін. 

Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз. 
Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.

Мектепті, балам, бітірдің, 
Самғатты қиял ғарышқа. 
Қанаты арман құсының 
Апарсын сені алысқа. 

Кешегі шәкірт бала едің, 
Қарайсың бүгін жігіт боп. 
Шарлаған арман әлемін, 
Шыңдарға шыңнан биіктеп. 

Отаның сипап маңдайдан, 
Аямас сенен жақсысын. 
Ізде, тап, қиыр-шалғайдан 
Еліңе қажет бақ құсын. 

Асқарға қолың соз балам, 
Бәйгеге түс те, бақ сына. 
Намысқа тиер озбаған, 
Қол соғар жұртың жақсыға. 

Ғылым қу, елге ет еңбек, 
Маман бол қажет білікті 
Өресі биік екен деп, 
Мақтайды жампоз жігітті. 

Білімді басқа жастадың, 
Ғылымды іздеп үңіліп. 
Өмірге сапар бастадың, 
Алдыңда күліп тұр үміт. 

Өмірден енді дәріс ал, 
Білім мен ойды қоса ұштап, 
Самғауға, балам, барын сал, 
Қанатың болсын аттестат. 

Түсініп жөн мен жобаны, 
Ер жеткен жансың жетелі. 
Шыңдарда ғана болады, 
Қыранның салған мекені. 

*

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз! 

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз. 

Қымбатты ұстаздар! Он бір жыл бойы бізге білім беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға үлкен рахмет! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп сенемін. 

Ал, он бір жыл бойы бірге оқыған сыныптастарым, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін. 

Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер! 

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым! 

Бүгінгі күні бәріміз өзіміздің алтын ұямыздан «өмір» атты ұлы тауды бетке алып ұшып бара жатқанымызда айтар тілегім: қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық. 

Әрқашан жадымызда есімімізді жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман – тілегіміз ортақ. Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Түркі дүниесі түгел болсын!» Бұл тілектер, сыныптас достар, біздің бойтұмарымыз болсын! 

Болса да өзге жүрек, 
Адамға адам – тірек. 
Сыныптастар мынау, 
Сіздерге айтар тілек: 

Дана сүйер ел бол, 
Ар ойлаған бай бол. 
Ең бастысы, АДАМ 
Атымызға сай бол! 

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата-аналарымыз және менің қимас достарым! 

Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. 

Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді. 

Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа тармаса отырмаймыз. 

Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз! 

Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасы – фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр! 

Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңіздер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. 

Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз! 

Ұстаздың алғыс тілегі. 

Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі – 
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бүл күні! 
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама, 
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы! 

Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін, 
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің! 
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін, 
Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін. 

Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы, 
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады! 
Тойға ұлассын тойларың – ту қадаңдар биікке, 
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады. 

Оралыңдар отыздың ортасына толғанда, 
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың – арманға. 
Ел – жұртың бар тілектес, жығылма өмір егесте, 
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға! 

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз. 
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін. 
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады 
Қымбатты менің сыныптас достарым! Біздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Класс жетекшінің шәкірттеріне айтқан тілегі: 
Қымбатты түлектерім! 
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып,үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар! 
Шәкірттерім, алдағы үлкен сын Ұлттық бірынғай Тестілеуден абыроймен өтіп,қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай ,талмай ізденіп,ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар! 
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар ,өмірлеріңе құтты қадам тілеймін! 
Алтын ұя мектептің тұлпарлары ,дүлдүлі 
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні! 
Бірің-хакім,ал бірің болыңыздар ғұлама 
Мың дауыспен сайраған о,өмірдің бұлбұлы. 

Кластағы көмекшім,қолқанатым 
Қай істе де қорықпай қолға алатын. 
Класымның үздігі,белсендісі 
Шәкірттерім айтқалы тұр арман әнін. 

Класымда көп менін дарындылар 
Спорт қуған,өнер сүйген жолын бұлар. 
Ауданда да,облыста да үздік шыққан 
Жігіттерім шетінен чемпиондар. 

Шеттерінен өнерлі қыздарым бар, 
Би де билеп,шырқатып ән де салар. 
Класыммен әрқашан мақтанамын, 
Шәкірттерім өмірлік есте қалар. 

Жолың болсын, ардақты түлектерім, 
Дүрсілдеп соғып та тұр кіп - кішкентай жүректерің 
Тәлімді тәрбиемен біліп жиып 
Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім. 

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді , 
Ұстазыңды,балалық шақ көктеміңді. 
Орындап мақсат-міндет,арманыңды 
Жасай бер,туған елге еңбегіңді. /Калиева Сания Еркинкызы/ 
/Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши селосы/ /Оқу ісінің меңгерушісі/

0 дауыс

...