0 дауыс
4.5k көрілді
Төлеңгіт руы жайлы мағұлмат бере аласыздар ма?

1 жауап

0 дауыс
ТӨЛЕҢГІТ (теленгут, теленгит) – түрік әлемінің шығыс атырабында қалыптасқан ежелгі рулардың бірі. Түп негізі (толонко, доланьге) ғұн жұртының бір әулеті саналатын, қытай деректерінде гаогүй аталған Теле тайпа бірлестігінен бастау алады.

Жарақты әскері бір түмен, яғни бүкіл төлеңгіт – 10 мың шаңырақ, 50 мың жан шамасында болған. Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрік қағанаты кезінде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрі жауынгер, негізгі рулардың қатарында, Толы өзенінің аңғарында жасапты. Алып мемлекет екіге бөлінгенде Көк Түрік – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенінің бойында қоныстанған екен. Көк Түрік ұлысы ыдырағаннан соңғы қырқыс, бұлғақ замандарда саны азайып, қуаты да кеміп, Байкөл маңы, Саянның сыртына қарай ығысқаны байқалады. Бұл кезде әуелгі қуатты қауымның кейбір бұтақ, бөлшектері Ұлы Дала шегінде қалған басқа бір іргелі тайпалардың құрамына кіргенін көреміз. Мәселен, Рәшид-әд-Диннің көрсетуінше, он ата жалайырдың үлкен бір тармағы төлеңгіт аталады» Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады. Қазіргі қазақтағы аталы басқа тайпалар сияқты, төлеңгіт руынан шыққан тұлғалар да ел өмірінде елеулі із қалдырды. Абылай хан заманындағы қолбасыЖаназар батыр, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өткен ақын қыз Жазық, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған күйші Дина Нұрпейісова, XX ғасырдың екінші жарымында атаққа шыққан математик Орынбек Жәутіков, Қазақ ұлт аспаптар оркестрін түрлентіп, қайта құрған дирижер Шамғон Қажығалиев, классик жазушы Тәкен Әлімқұлов, белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев осы ежелгі жұрттан болатын. Қазіргі тарихшылар пікіріне назар аударсақ, Т.Омарбек «Тарақ таңбалы қазақ руларының тарихи тамырлары» мақаласында («Шәмші» журналы,, 2009 ж. №11): «Жалпы қазақ халқын құраған тарақ таңбалы бес тайпаның ішінде (төре, жалайыр, төлеңгіт, тарақты-табын, тарақтының өзі) ежелгі тарихы терең, ұлыс ретінде белгілі тайпалар кімдер дер болсақ, алғаш төлеңгіттерді ауызға алар едік...Олар Х ғасырда Қытай деректерінен белгілі болған Жалайырлардан да бұрын VII ғасырда жеке ұлыс ретінде көршілеріне белгілі болды», – деп мынадай тізім келтірген: Солтүстік ғұндары– Гаогюйдің Телеңгіті (Теленгут)–Теле Теленгіті (Толанко) – Тоғыз-оғыз Теленгіті (Доланге) – Жалайырдың Телеңгіті (Тулангит) – Тарақты.

 

Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/shezhire/shejre-tolengt-62103/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

 

Төлеңгіт (теленгут, теленгит) – түрік әлемінің шығыс атырабында қалыптасқан ежелгі рулардың бірі. Түп негізі (толонко, доланьге) ғұн жұртының бір әулеті саналатын, қытай деректерінде гаогүй аталған Теле тайпа бірлестігінен бастау алады. Жарақты әскері бір түмен, яғни бүкіл төлеңгіт – 10 мың шаңырақ, 50 мың жан шамасында болған. Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрік қағанаты кезінде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрі жауынгер, негізгі рулардың қатарында, Толы өзенінің аңғарында жасапты. Алып мемлекет екіге бөлінгенде Көк Түрік – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенінің бойында қоныстанған екен. Көк Түрік ұлысы ыдырағаннан соңғы қырқыс, бұлғақ замандарда саны азайып, қуаты да кеміп, Байкөл маңы, Саянның сыртына қарай ығысқаны байқалады. Бұл кезде әуелгі қуатты қауымның кейбір бұтақ, бөлшектері Ұлы Дала шегінде қалған басқа бір іргелі тайпалардың құрамына кіргенін көреміз. Мәселен, Рәшид-әд-Диннің көрсетуінше, он ата жалайырдың үлкен бір тармағы төлеңгіт аталады» Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады. Қазіргі қазақтағы аталы басқа тайпалар сияқты, төлеңгіт руынан шыққан тұлғалар да ел өмірінде елеулі із қалдырды. Абылай хан заманындағы қолбасы Жаназар батыр, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өткен ақын қыз Жазық, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған күйші Дина Нұрпейісова, XX ғасырдың екінші жарымында атаққа шыққан математик Орынбек Жәутіков, Қазақ ұлт аспаптар оркестрін түрлентіп, қайта құрған дирижер Шамғон Қажығалиев, классик жазушы Тәкен Әлімқұлов, белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев осы ежелгі жұрттан болатын. Қазіргі тарихшылар пікіріне назар аударсақ, Т.Омарбек «Тарақ таңбалы қазақ руларының тарихи тамырлары» мақаласында («Шәмші» журналы,, 2009 ж. №11): «Жалпы қазақ халқын құраған тарақ таңбалы бес тайпаның ішінде (төре, жалайыр, төлеңгіт, тарақты-табын, тарақтының өзі) ежелгі тарихы терең, ұлыс ретінде белгілі тайпалар кімдер дер болсақ, алғаш төлеңгіттерді ауызға алар едік...Олар Х ғасырда Қытай деректерінен белгілі болған Жалайырлардан да бұрын VII ғасырда жеке ұлыс ретінде көршілеріне белгілі болды», – деп мынадай тізім келтірген: Солтүстік ғұндары– Гаогюйдің Телеңгіті (Теленгут)–Теле Теленгіті (Толанко) – Тоғыз-оғыз Теленгіті (Доланге) – Жалайырдың Телеңгіті (Тулангит) – Тарақты.

Ұқсас сұрақтар

...