+4 дауыс
2.3k көрілді

«Алтын дала» табиғи резерватында 5400 ақбөкен өліп жатыр деген жаңалықтарды оқып жатырмыз. Қостанай облысы Алтын дала табиғи резерватында неліктен ақбөкен жаппай қырылып, өліп жатыр? Алтын дала қорғауындағы ақбөкендердің өліп жатқанын кім тексеріп жатыр?

Алтын дала,табиғи резерват, ақбөкен, акбокен

6 жауап

+5 дауыс
13 мамырда Қостанай облысында жаппай қырылған киіктер санының мыңнан асқаны белгілі болды. Мамандар су, топырақ және биологиялық материалдардың сынамаларын алып жатыр. Бұған дейін жануарлардан патматериалдар алынып, республикалық ветеринариялық зертханаға жолданды. Алдын ала нәтижелер 20 мамырға дейін жарияланады.

Нақты себептер әзірше белгісіз, бірақ мамандар киіктердің жаппай қырылуының себебі көтеремдік болуы мүмкін екенін айтты. 2014 жыл құрғақ болды, сондықтан бұл өңірде шөптің жетіспеушілігі байқалады. Киіктердің жаппай қырылу дерегі аймақта соңғы рет Жангелді ауданында 2012 жылдың маусым айында тіркелген. Ол кезде 926 киік пастереллез жұқпалы ауруынан мерт болған.
+3 дауыс

Қазақстанда қырылған киік саны 85 мыңға жетті деп хабарлады бүгін Астанада арнайы брифинг өткізген ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, киіктер Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында және Бетпақдалада қырылып жатыр. Киік өлекселерін жинап, жою, өртеу жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен қорғаныс министрлігі сарбаздары жұмылдырылып жатыр. Киік қырылған аймақтар қоршауға алынған, енді карантин жарияланбақ.

Брифингке қатысқан министрлік өкілдері киіктердің алдын-ала болжам бойынша жұқпалы пастереллез дертінен қырылғанын айтады. Министрлік қазір Ақтөбе облысы аумағында киіктердің қырылуы тоқтауға таяғанын, киіктердің қырылу орындары солтүстіккке қарай ойысып бара жатқанын айтады.

Қазақстан үкімет соңғы жылдары саны күрт азайған киіктерді аулауға 2021 жылға дейін тыйым салған болатын. Соңғы ресми есеп бойынша, қырылғанға дейінгі киік саны 256 мыңды құраған. Қазақ тілінде жүнінің түсіне қарай жазда - киік, қыста - ақбөкен аталатын (орысша - сайга, ағылшынша Saiga antelope - ред.) дала жануары негізінен Қазақстанды, Ресейдің Қалмақиясын және Моңғолияны мекендейді.

Азаттық.орг

+1 дауыс

Соңғы кездегі ақпарат бойынша ақбөкендердің іштері кеуіп,бурцеллез ауруына шалдығып жаппай қырылып жатыр деген деректер бар.

0 дауыс
Ең соңғы ақпараттар бойынша қырылған ақбөкендердің саны 100 мыңнан асып кетті. Аурудан өліп жатыр бәрі. Пастерилиоз дейді. Қарсы вакцинаны сала алмайды, себебі жабайы және қорғауға алынғандықтан.
0 дауыс
Бул сурактын жауабын мен булай корытындыласам деймин. Экология. Коршаган ортага зиян келттрип жаткан каншама факторлар жане ол факторлар адамнын колымен жасалып жаткан факторлар. Зауыт фабрикадан шыккан калдыктар тасталып жатр, казбалар кен орындары сонынишинде  уран. Ашык турде ондирилип калдыктары жерге тасталып ашык жатр емеспе осынын бари  жан жануарлардын жаппай кырылуына акеп жатр емеспе. Елимизди елу елдин катарына косамыз деп жургенде табигат тамашасынан айрылып калмасак етти.
+1 дауыс
Жоғарыдағы жауаптардың бәрі үкіметтің сандырағы.

Анализдің нәтижесі 5-ақ минутта дайын болады және Пастереллёз (геморрагическая септицемия) — острая зоонозная инфекционная болезнь, для которой характерны лихорадка,интоксикация, воспаления кожи, подкожной клетчатки, артриты, остеомиелиты.

Осы ауру белгілері жануарларға тән деп ойлайсыңдар ма?

Кешегі құлаған ракеталардың ұшу аймағы жоғарыдағы облыстардың территориясында жатыр және жауын-шашыннның көп болуы Бетпақдаладағы Нұра,Сарысусияқты өзендерді толтырды.Ал бұл өзендерге қасындағы қалалардан өнеркәсіп қалдықтары құйылады.Арғы жағын түсінікті болар...
...