Кітап аудару үшін не керек?

+2 дауыс
814 қаралым
Кез келген бір тілдегі кітапты қазақ тіліне аударғың келсе, міндетті түрде өзің оқыған мамандыққа сай кітап болуы керек пе?! Филология факультетін бітірмеген адам көркем аударма жасай алмай ма? Жеке, тәуелсіз аударма жасау үшін не керек?
• Санаты: Қазақ тілі

3 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Көркем шығарма аудару үшін тіл байлығыңыз болса жеткілікті, (негізі аударуға қиыны ғылыми-техникалық материалдар, оның ішінде термин сөздер). Ал, көркем шығарма үшін аударуға қиыны тұрақты сөз тіркестері, оның қазақша баламасын табу. Мысалы өткенде бір аудармада "извините, я вчера с цепи сорвался" деген сөз тіркесін "кешірерсіз, мен кеше шынжырымды үзіп кеттім" деп аударғанын көріп, не дерімді білмедім...күлкіден өлдім... Сіз қалай аударар едіңіз...))) (аудармашылық қабілетіңізді байқап көрейік )))) 

 

Қандай жағдай екенін білмейм ғой, жағдайға байланысты: "Кешіріңіз, кеше шектен шығып кеттім (өзімді ұстай алмай қалдым) , (өзіме ие бола алмай қалдым)"  деп аударуға болатын шығар....
Сізге ештеме қажет емес, аудармамен айналыса беріңіз, тек бір айтарым ғылыми текстерді аударғанда, сол ғылым туралы аздап болса да хабарыңыз болуы керек (мысалы мен медециналық текстерді аударуға алмаймын, себебі маған оның терминдерін аудару қиынға соғады)
Көп рахмет кеңесіңізге))
+2 дауыс
Егер тіл байлығыңыз мол болса, аударма жасауға күшіңіз жетсе неге аудармасқа?! Кітап аудару адамның мамандығына қарамайды негізі.....
0 дауыс
Аударма жасағанда минталитетке сай,  халықтың салт дәстүрлерінен пайдаланып байтылып истелуи керек, әрине оны қоғамға шығаратын болсаңыз әдеби сарапшылардан өткізесін !!!

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
3 жауап
127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы