АДАМ АҒЗАСЫ ҮШІН ЕҢ ҚАУІПТІ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Ұялы телефондардың адам ағзасы мен денсаулығына зиянын зерттеумен айналысатын hi-tech индустрия мамандары электромагнитті толқындарды тарату деңгейі жоғары бірқатар смартфон түрлерін анықтады. Бұл туралыnewstop.kz хабарлады. Зерттеу барысында мамандар смартфондардан тарайтын электромагнитті толқындар деңгейінің коэффициентін анықтаған. Нәтижесінде HTC One Mini 2 смартфоны адам денсаулығына ең қауіпті болып танылды. Оның тарататын электромагнитті толқындар деңгейінің коэффициенті 1,46 Вт/кг құрады. Сондай-ақ Nokia Asha 503 (1,43 Вт/кг) пен iPhone 5s (0,979 Вт/кг) смартфондарының да аса қауіпті екені анықталды. Электромагнитті толқындарды тарату деңгейі төмен, сәйкесінше адам денсаулығына да аса зиян келтірмейтін смартфондар қатарына Galaxy Mega (0,142 Вт/кг), LG G3 (0,291 Вт/кг), BlackBerry Passport (0,33 Вт/кг), HTC Desire 620 (0,362 Вт/кг), сондай-ақ Samsung Galaxy Note (0,241 Вт/кг) пен Galaxy S6 Edge (0,334 Вт/кг) жатқызылды.