+1 дауыс
199k көрілді
Білім туралы шығарма тауып бересіздер ма?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады. Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады. Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. 2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі ағайын.
0 дауыс

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

0 дауыс

"Білім" дегеніміз адамзат тіршілігінің барысында жинақталған әлеуметтік тәжірибе: күнделікті тіршілікте, ғылымда, саясатта, ара қатынаста, өндірісте, қоршаған табиғи және қоғамдық қатынаста тануда т.б. Сол адамзат тіршілігін сақтап және оны алға қарай қорғап, дамытып отырудың қажетті заңдылығы - тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, беріліп отыратындығы.

Өмірге келген жас бала, одан соң, жасөспірім, жастар тіршілік тәжірибесіннегізінен үш ортадан көріп, біліп, түйісініп, өзі қатынаса жүріп жинайды. Ол- отбасы, қоршапжатқан орта және арнайы білім жүйесі. Өсіпкеле жатқан жас адам осы үшеуінің арасынан бой көтеретін субъект. Үш орта өзара байланвсты болып, балаға жүйелі ықпал етуге мүмкін. Керсінше, әрқайсы өзінше әрекет етіп, тіпті бірінің ықпалы екіншісінікіне қайшы келуге де ықпал. Осы әр қилы ықпалдар мен әсерлерді өз бойына өткізетін оъект біреу. Ол - бала, жасөспірім, жас. Бала алдында ауапты іс тұрады: нені алу, нені алмау керек? Неден үйреніп, неден жирену қажет? Бұған ол қандай жауап табады, бұл баланың өмірге алғашқы қадамдарын басып қандай тәрбие алғанына,неге бағдарлағанына, ойлау қабілетіне байланысты.

Білімдену тек өскелең жас ұрпаққа ғана емес. Ересектер де тіршілік, қызмет барысында үнемі ізденіс жағдайында болады. Әсіресе еңбек технологиясының жетілдірілуі, экономикалық қатынастағы өзгерістер, жұмыссыздық, ересектердің өзінің білімін жетілдіру немесе қайта даярлық процесінен өту әрекеттерін болмай қоймайтын заңды құбылысқа айналдырды. Білім беру немесе білім алу тек арнайы білімс беретін мекемелер шеңберінен шығып кетті. Мүдделер өзалдына білімденуде, өз еркімен ізденісін жалғастырады. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда әр адамның тіршілігінің өзекті саласы - білімдену. "Білім беру" және "білімдену". Екеуінене ортақ және айырмашылығы неде? Жас ұрпаққа білім беру, яғни өмірлік тәжірибемен қаруландыру, отбасының, әлеуметтік ортаның және арнайы білім мекемелерінің ісі екенін айттық. Алұрпақ оны қалайша қабылдады: немқұрайды, ұшқары, терең ұғына отырып, өз тәжірибесінеайналдыру арқылы... Неге бір отбасынан әркелкі мінезді және қабілетті бала өседі, неге бір мұғалімнен оқығандардың білімі, көзқарастары мен қабілеті әртүрлі? Осының бәрі мәселенің білімнің берілуінен гөрі, тәрбиеленушінің өзінің білімденуінде екенін көрсетеді. Ата-ана үйретумен шектеліп қалмай, бала үйренді ме жоқ па, басты назар соған аударылмаса күткен нәтиже келе қоймады.

Білім беру - өркениетті саяси әлеуметтенудің қозғаушы күші

0 дауыс

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі ағайын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.
2. Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. - 2009. - 30 қаңтар. - 1-3б.

0 дауыс
Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов
 

Қазіргі кезде білім-адам өміріне өте қажет.Онсыз адам оқуға түсе алмайды ал оқуға түсе алмаса өзінің мақсатына жете алмай және оны жұмыс  алмайды,жұмыс істемесе ол ақша тауып өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды.

Білім жайында ел аузынан әр түрлі мақал мәтелдер шыққан.Мысалы;

Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы

Бұның мағынасы мынада,еген адам оқымаса ол білімді бола алмайды ал білімді болмаса мақсатына жете алмайды.

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Күші көп адам біреуін женіп екіншісіне шаршағаннан шамасы жетпй қалады, ал білімі көп адам бір-екі сөзімен ғана мың адамды шаршамай ақ жене алады.

Қазіргі  заманда білімді болмау мүмкін емес,өйткені ғалымдар әр түрлі техникалық заттар телефон,планшет,компьютерлер ойлап тапты . Егер бұнын бәрін сатып алып және оған ғаламтор қоссақ мектепте болып жатқан тақырыптарды алдын ала қарастырып ,алдын ала есептерін шығарып тастауға болады.

Менім ойымша,білімсіз адам болмайды әр біреуінде әр түрлі білімділік қасиеті бар,бірі математикадан шебер а келесісі ойына бір оқығаннан ақ есіне бәрін сақтап қалады.Бірақ адам көбірек оқыса ол білімді болады,ал білімді болмаса оған өмір сүру қиын болады.Мінекей осыдан

Оқу — білім бұлағы, Білім өмір шырағы-деген мақал шыққан.
0 дауыс

Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

Дүниеге адам боп келгеннен кейін, барша нәрселерден артық екендігіміз белгілі. Оны бәріміз жақсы білеміз.Аллаһ тағала адам баласын өзіне құлшылық ету үшін жаратып,оған ақыл-ой және білім беріп, бүкіл мақұлықтардан жоғары қойды. Жәннаттағы Адам атамыздың періштелерден артықшылығы олардың білмеген нәрселердің атауын білуінде еді.Дүниеге бірдей,яғни, тең дәрежеде ақыл-ой, оқу-білім тұрғысынан озамыз.Абай атамыздың «Адам баласы бір-бірінен ақыл-ой, оқу-білім және парасатпен озады.Басқасымен оздым деу ақымақшылық», дегенін көп нәрсені аңғарар едік.Енді сол артықшылықтың бірі болған оқу білімге өзімізше тоқтала кетсек.

Оқу-білім адамзатқа үйретілген және берілген үлкен нығмет. Қасиетті Құран Кәрім кітабымызда ең әуелі аят «иқра», яғни, «оқы» деп түсті.басқа көптеген адамға өте керекті әмірлер болғанына қарамастан, осы «оқы» деген әмірді бірінші беруі тегін емес.

Біздердің оқу арқылы көзіміз ашылып, көкірегіміз оянады.Өмірдегі, дүниеге деген көзқарасымыз дұрыс және ауқымды болып қалыптасады.Осы оқу арқылы ең бірінші Жаратушымызды танимыз.Ыбырай атамыз мұны былай айтып кеткен:

Оқу білген таниды,

Бір жаратқан Құдайды.

Танымаған Құдайды,

Неғылғанда ұнайды.

Онымен қоса адамдарды тани отырып, олармен қарым-қатынасымызды түзелтеміз.және де көптеген заттар мен құбылыстардың сырын ашып, құпиясын ұғына түсеміз.Өмірде өзіміздің тұрмыстық жағдайымызға пайдаландырамыз.

Кісі өмірдегі істерінен және қателіктерінен тәжірибе жинап көрген, білгені арқылы шыңдалады.Ал, көптеген оқиға мен жағдайлар бір адамның ғана басына өтуі мүмкін емес.Демек, біздер өзіміздің ғасырлар бойы жазылған небір данышпан, данагөй, ғұлама ғалымдардың кітаптарымен танысып, көптеген мағлұматтар аламыз.

Өзіміздің дініміз бен тілімізді, оған қоса салт-дәстүрімізді біліммен тікелей байланысты.Әлемдегі неше түрлі қызықты жаңалықтар мен құбылыстарды дер кезінде оқып біліп отыру қандай тамаша нәрсе. Бүгінгі мынау қарбалас, тасқын сияқты ағып жатқан күреске толы, қиын да қызықты өмірде оқуды жақсы көріп онымен тікелей байланыста болмасақ бекер.

Адам болмасына қажетті және өмір сүруге керекті нәрселерді оқып, білуге болады десек артық айтпаған болар едік.Оқумен білім туралы Құран Кәрімде Аллаһ тағаланың: «Әй, Пайғамбарым! Сен айт: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» (Зүмәр сүресі,9) дегені мен Пайғамбарымыздың «Тал бесіктен, жер бесікке дейін білім алыңдар» дегені сөзіміздің дәлелі айғағы.

0 дауыс
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
0 дауыс
Білім-адамның ой-санасы.Білімділік туғаннан біткен қасиет емес.
...