0 дауыс
164k көрілді
Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезект ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас

осы ұйқастардың жасалу жолын түсіндіріп бере аласыздар ма? мысалы, қара өлең ұйқасы - а,а,б,а

3 жауап

+2 дауыс

Қара өлең ұйқас - ААБА

Шұбыртпалы ұйқас - АААА...

Ерікті ұйқас - АӘБВГ... 

Кезекті ұйқас-АБВБ

Шалыс ұйқас - АБАБ

Егіз ұйқас - ААББ

Аралас ұйқас  -  ААБВБВБББ

 

+1 дауыс
Ұйқас түрлері

 Қазақ  поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары
мыналар:

1.     
Қара өлең ұйқас               5. Шалыс ұйқас

2.     
Шұбыртпалы ұйқас         6. Егіз ұйқас

3.     
Ерікті ұйқас                      7. Аралас келетін ұйқас

4.     
Кезекті ұйқас                    8. Осы күнгі ерікті
ұйқастар

1.      Қара өлең ұйқасы

Бұл
- бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ,
бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін
көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі
1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады. Жаңағы
Абайдан келтірген үзінді осыған жатады. Бұлай ұйқасу жалғыз он бір буынды
өлеңдерде ғана емес, 7,8 буынды өлеңдерде де бола береді.

Мысалы:

Оқыған
білер әр сөзді,

Надандай
болмас ақ көзді.

Надан
жөндіге жөн келмес,

Білер
қайдағы шәргезді.

                                                            (Абай)

Бұл да жоғарыдағы Абайдан келтірген үзіндіміз тәрізді. 1-2-4-жолдары
ұйқасады да, 3-жолы бос қалады. Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны»
өлеңінен алған, «аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан тұрса,
мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады. Ал ұйқасы жағынан ешбір айырмасы жоқ.

2.      Шұбыртпалы ұйқас

Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін
ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары
да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі
аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен
келеді.

Мысалы:

Ереулі
атқа ер салмай,

Егеулі
найза қолға алмай,

Еңку-еңку
жер шалмай,

Қоңыр
салқын төске алмай,

Тебіңгі
терге  шірімей,

Терлігі
майдай ерімей,

Алты
малта ас болмай,

Өзіңнен
туған жас бала

Сақалы
шығып жат болмай,

Ат
үстінде күн көрмей,

Ашаршылық,  шөл көрмей,

Ер
төсектен безінбей,

Ұлы
түске ұрынбай,

Түн
қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі
теріс тағынбай,

Темір
қазық жастанбай,

Қу
толағай бастанбай,

Ерлердің
ісі бітер ме?!

                                                        (Махамбет)

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек
екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген
ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді.

3.      Ерікті ұйқас

Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың
қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың
басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды.

Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары
бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда
кездеседі. Мысалы:

Сіздер кейін тұрыңыз,                     Бірге туған ит еді,

Барайын жалғыз мен деді.                             Жалғыз
өзім барайын.

Әуелі алла анайым,                                        Мінген
аты ала еді,

Хақ жаратқан құдайым,                                 Атасы
әйел демесең

Мал шыдамас жауырға,                                  Қарлыға
қыз да ер еді.

Ер шыдамас бауырға,

                                                       
(«Қобыланды» жырынан)

Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген
үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-мен 4-жол, 5-мен 6-жолы бір
ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді.
9-жолдың ұйқасы 2-ге келеді. 10-жол бос қалады. 11-жол  тағы 2-жолдың ұйқасымен бір.

Осы сықылды бірде олай, бірде бұлай, ой толқынына қарап, керекті жерінде
ұйқастыра салушылықты ерікті ұйқас
дейді.

Есте болатын бір нәрсе алдыңғы бір шумақ жоғарғы айтқанымыздай болып
ұйқасады екен, енді келесі шумақтың тағы солай ұйқасуы шарт емес. Мүлде басқаша
болып ұйқасуы да мүмкін. Сондықтан да ерікті ұйқас атанады.

Ескі жырлардың көбі-ақ осы ерікті ұйқастан құралған. Ерікті ұйқастың түрі
біздің бүгінгі әдебиетімізде де бар.

4.      Кезекті ұйқас

Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.

Мысалы:

Сәулең болса кеудеңде,        Танымассың, көрмессің,

Мына сөзге көңіл бөл!        
Қаптаған соң көзді шел.

Егер сәулең болмаса,                 Имамсыздық намазда

        Мейлің тіріл, мейлің өл!           
Қызылбастың салған жол т.б.                                    (Абай)

Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің
бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары
болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары
ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.

5.      Шалыс ұйқас

 

Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір
түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол
ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.

Мысалы:

Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

                                                            (Абай)

Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де
кездеседі.

Мысалы:

Сол қатаң кезде еркіндік ұранды айттым,

Дедім мен жаншылғанға: көзіңді аш!

Аяйтын сезімді де мен  ояттым,

Сондықтан сүйер халық, мені ұмытпас.

                                                                 
(Пушкин)

6.      Егіз ұйқас

 

Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең
ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз.

Мысалы:

     Алыстан сермеп,                         Қисынын тауып,

Жүректен тербеп,                         Тағыны жетіп қайырған;

Шымырлап бойға жайылған;     Толғауы
тоқсан қызыл                          
Қиуадан шауып,                                                             
тіл,

                                                   
Сөйлеймін десең, өзің біл!

Бұл
- Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңі.

Бір
шумағы 8 жолдан құралады. 1-2 жол: «сермеп - тербеп» болып ұйқасады да,
3-жолдан ой бітпей: «шымырлап бойға жайылған» болып ашық қала тұрады. 4-5- жол
«шауып - тауып» болып бір ұйқасады. Ой бітпей, уақытша ашық қалған 3-жол
6-жолмен ұйқасады. 7-жол 8-жолмен ұйқасады да, ой бітеді.

Келтірген
үзіндінің айтылып өткен шалыс ұйқастан өзгешелігі: 1-3-жолмен, 2-4-жолмен
ұйқаспайды, ұйқастары үздіксіз жұп-жұп болып келеді. Және шумағы не сегіз, не
алты жолдан құрылады. Сегіз жолдан тұратын шумақ - жоғарғы келтіргеніміз. 6
жолдан тұратын шумақ төмендегі тәрізділер:

 Бойы бұлғаң,

Сөзі
жылмаң,

Кімді
көрсем, мен сонан -

Бетті бастым,

Қатты
састым,

Тұра
қаштым жалма-жан т.б.

                                                                          (Абай)

 

Ұйқастың бұл түрін егіз ұйқас
дейміз.

7.      Аралас келетін ұйқас

Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып кеп жасалған ұйқастар бар.
Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы
ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың
өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады.
Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін
ұйқас деп атайды.

Мысалы:

Ата-анаға көз қуаныш -

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

 

Гүлденіп ой өлкесі.

Еркелік кетті,

Ержетті,

Не бітті?

                                                   (Абай)

 

Бұл үзіндінің өзі бір шумақ, 7 тармақтан тұрады. Ұйқас түрлері жоғары біз
келтірген өлең ұйқастарынан бөлегірек. Әйтсе де байланысы бар. Бұл шумақтың
алдыңғы 4 жолы шалыс ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы ұйқастан құралған. Шалыс
ұйқас пен шұбыртпалы ұйқастан жаңаша ұйқасты өлең жасалып отыр.

Жалғыз ғана бұл екі ұйқас емес, басқа ұйқастардың да осылай араласып келуі
мүмкін.

Қазақ өлеңіндегі ұйқастың негізгі түрлері сегіз дей тұрсақ та, қазіргі бұл
айтылғандармен ұйқас түрлері түгелденбейді. Өйткені орыс не басқа тілдерден
қазақшаға аудару мәселесімен байланысты әртүрлі ұйқастардың кіруі мүмкін. Ол -
заңды нәрсе. Кейде оны ақындар аударып отырған тіліндегі өлең құрылысының
ерекшелігін сақтау үшін, кейде онсыз мағынасын толық беруге болмайтындықтан
қолданады. Кейбір ұйқастар тұрақталып та келеді. Мысалы, орыс өлеңдерін
аударумен байланысты қаусырмалы ұйқас (а -в -в - а) ене бастады. Бірақ бұл
айтылған жаңа ұйқастар әлі тұрақталып, қазақ өлеңдерінің байырғы ұйқастарына
айналып болмағандықтан, әзірше кітапқа енгізілген жоқ.

Ұйқас мәселесін сөз еткенде, айрықша тоқталуды керек ететін жайттың бірі -
ішкі ұйқас (внутренная рифма). Ішкі ұйқасты сөз етудің әрі теориялық, әрі
практикалық мәні бар. Орыс тіліндегі әдебиет теориясы кітаптарында, жеке
зерттеулерде де бұл ұйқастың өзіне тән ерекшелігі де, өлеңнің көркемдік
қасиетін арттыруда қандай мәні барлығы да әлдеқашаннан бері айтылып,
белгіленген десек, біздің теориялық кітаптар, әдеби зерттеулерімізде ішкі ұйқас
туралы еш сөз болмайды. Ішкі ұйқасты оқырман жұртшылығының көпшілігі мүлде
білмеуі де мүмкін. Сондықтан ол жөнінде біраз тоқталу қажет тәрізді.

Ұйқастың өлең жолдарының тек аяғында емес, басында да, ортасында да
кездесетін жерлері болады. Мұны өлеңнің ішкі
ұйқасы деп атайды. Ішкі ұйқас белгілі мөлшерде қолданылса, табиғи дәрежеде
болса, өлеңнің музыкалылығын күшейтеді. Әрі оқуға жеңіл, әрі тартымды
болады.

Мысалы:

Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені дәсерлетіп.

Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.

                                                                                                (Әсет)

Батқанда қырдың күні тұмандатқан,

Қатқанда Сырдың суы бұлаң қаққан.

Күл
көрпе, қорда төсек, қолға байлап,

Үкілеп
қара таспен тұмарлатқан.

                                                                                               (Ілияс)

Келтірілген үзінділердегі жазбаша (курсивпен) жазылғандары жай ұйқастар да,
қарамен терілгендері ішкі ұйқасқа жатады.

Ішкі ұйқас тек белгілі мөлшерде, орынды қолданса ғана көркемдік рөлін
атқарады. Егер мөлшерден асырып алса, мазмұнға тікелей қатысы болмаса, онда ол
ұйқас қуалаушылыққа, түршілдікке айналады.

8.      Осы күнгі ерікті ұйқастар

Біз өлең құрылысын тексергенде, қазақ өлеңдерінің көпшілігі-ақ 11 буынды
өлең және 7-8 буынды өлеңмен жазылғандығын айттық. Шынында да, солай болды.
Абайға дейінгі 11,8,7 буынды өлеңдерден құралды. Өзгешеліктер бола қалса, әнге
салынып айтылатын өлеңдерде ғана болды. Бұлардың жай 11 буынды өлеңдерден
айырмасы - он бір буынды өлең тармақтары 3 бунақтан құралса, бұлар 4 бунақтан
құралады. Он бір буынды өлеңнің буынынан тыс не екі буынды, не үш буынды
бунақтар қосылады. Сол әннің ырғағына қарай түрлі ұйқастар болады. Мысалы,
«Жар-жар» осыған жатады. «Жар-жар» өлеңіне бір бунақ қосылған. Мұны біз бұрын
айтқанбыз. Ұйқас өзгешелігі - «Жар-жар» деген жолдың аяғы да «р» дыбысымен
тынады. Екі буыннан өз алдына бунақ, тармақ жасалады.

Өлеңге жалпы түр кіргізуші Абай ұйқас жағынан да көп өзгешелік кіргізді.
Абайдан түрлі ұйқастар табылады. Абай қазақ өлеңдерінің буын, бунақтарын
әртүрлі жолдармен, әртүрлі етіп иіп келтірсе де, бір өлшемге бағынып отыратыны
сықылды, ұйқастары да белгілі бір тәртіптен тыс шықпайды. Көбі-ақ әнге
бағынады. Әнге бағынбайтын өлеңі сирек. Сондықтан буын, бунақ ұйқастары да
сонымен нық байланысты.

Қазақ классигі болған Абай не басқа ақындардың өлең құрылыстары біздің
поэзиямыздан да көп орын алды. Бұрынғы өлең құрылыстарымен біздің жазушыларымыз
күні бүгінге шейін пайдаланады. Сонымен қатар поэзиямызда бұрынғыдан өзгеше
құрылған өлеңдер бар. Өлең ұйқастарын мейлінше ерікті түрде құратын ақындар да
бар. Бұл өлеңдер әнге салып айтуға келмейді. Әннен гөрі декломацияға дұрыс
келеді. Бунақ, буындары да, ритмасы да бұрынғы өлең құрылыстарынан өзгеше.
Ұйқастары да, Абай өлеңі сықылды, бір өлшемнен аспай, бірдей болып отырмайды.

Осы күнгі ерікті ұйқастардың бұрынғы жырда келетін ерікті ұйқастардан
айырмасы - жыр өлеңдерінің ұйқастары ерікті түрде келгенмен, әр тармағының буын
сандары белгілі мөлшерден онша көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады.
Ал осы күнгі ерікті ұйқастардың әр тармағының буын сандары артық, кемді келе
береді.

Бұл сықылды ерікті ұйқастың соңына
көбірек түскен ақынның бірі - Сәбит. Сәбиттің «Көмір - коммунизм»,
«Жүйткі, қара айғырым», «Ақ аю» тағы бірнеше өлеңдері осы ағыммен жазылған.

Мысал үшін бірнеше үзінділер келтірелік:

 

Жаңа өмірде адамға адам қастық бітпек,

Адам бірлігін мықты тас қып алған соң,

Табиғатқа бұйда тағып,

Жалған тәңір орнынан болмақ бастық.

                                                                                               (Сәбит)

Бұл өлеңнің құрылысы бұрынғы өлеңдерден өзге. Бұндағы ұйқас қастық - тас қып - бастық деген сөздер.
Бірақ арасына сөз кіргізіп бөліп-бөліп жібергендіктен, ұйқассыз өлең сықылды
болып тұр. Шынында, бұл өлеңде ұйқас бар. Жүйесін тауып дұрыс оқығанда,
ұйқассыз өлең сықылды бет-бетімен кетпейді. Сөйтсе де бұрынғы өлеңдердің
ұйқастары сықылды кіл аяқта келіп отырмайды. Аяқта келетін ұйқасымды Сәбит
қалаған жеріне қояды. Ерікті түрде ұйқастырады. Бұл үзіндідегі бунақ, буын
сандары да өзгеше келеді.

Біздің бұл арада және бір айта кететініміз - Сәбиттің кейбір өлеңдерінде
бунақ, буын сандары бірде аз, бірде көп болып араласып келеді. Ұйқасы
анда-санда бір кездеседі. Ұйқасын тауып оқу өте қиын деген едік. Сондай бір
өлеңінен үзінді келтірелік.

Мысалы:

Ура?

Колхоз, совхоз,

Өндірістер, ұйымдар

Тура

Бетін Мәскеуге

Қойған.

Қума, қума! -

Деп жан айтпайды.

Сөздері:

Жарыс,

Қу,

Жет,

Оз,

Бәйге ал! -

Тума

Совет ұлы боп,

Артын алсаң

Айқасқан

Дуда.

                                              (Сәбит,
«Мәдениетші»)

Бұндағы ұйқастар: ура, тура, қума,
тума, дуда. Бірақ аралары өте алшақ. Ритмасы өзгеше. Бунақ, буындары бірде
аз, бірде көп. Дұрыс оқымаса, қара сөзге айналып кетуі мүмкін. Бұны өлең емес
деуге болмайды. Бұл - өлең. Ол талассыз. Бірақ әнмен, жырмен келетін өлеңдерден
құрылысы өзгеше. Сондықтан бұл осы күнгі ерікті ұйқасты өлең деп атап отырмыз.

Осы күнгі ерікті ұйқасты өлең құрылысына біздің
тоқтағандағы мақсатымыз - толық анализ беру, түрлі жақтарын қалдырмай, талдап
түсіндіру емес, өлеңнің бұл құрылысынан да оқушыларымыз хабардар болсын
дегендік
Жүрегім нені сезесің өлеңін қалай талдауға болады?? Түсіндііріп беріңіздерші?
0 дауыс
ұялы телефон номері 21947
...