Стресс ас қорыту жүйесіне қалай әсер етеді?

+2 дауыс
1.8k қаралым
Асқазан ауруларының көбісі күнделікті өмірде алған стресспен тікелей байланысты дегенді естіп қалып едім. Екеуінің нақты байланысы қалай? Жүйке жүйесіндегі өзгеріс ас қорытуға қалай әсерін тигізеді?
Жалпы медицина

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Күйзелістік (стресстік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғызатын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиологиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының бөлінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Жанды әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса, онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.

 

 

Оның бірінші белгілері:

• алаңғасарлық;

• жоғарғы қозғыштық;

• жиі шаршау;

• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;

• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;

• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;

• естің нашарлауы;

• кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін;

• қуаныш негізінің толық жоғалуы.
0 дауыс
өте тез тез ас қорытады!
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы