Әсет Найманбаев – ұлы ақын Абайдың бағытын ұстанған, әлеуметтік ойын, демократтық-ағартушылық көзқарасын әнмен, өлеңмен таратқан, Абайдың алдын көргенталантты шәкірттерінің бірі. Әсет ақын 1867 жылы Шығыс Қазақстан өңіріндегі Мақаншы ауданының Бақты ауылында дүниеге келген. Әсеттің әкесі Найманбай мен шешесі Кермеқасұлдарының болашағын ойлап, оны жеті-сегіз жасқа келгенде Бақтыдағы Зейнолла имамның медресесіне берген. Жасынан зерек Әсет он үш-он төрт жасынан бастап қиссалар жаттап айтқан. Бүкіл қазақ даласын шарпыған 1916 жыл дүрбелеңі Әсет тағдырына да ықпал еткен. Туып-өскен Шығыс Қазақстан өңіріндегі Қытай еліне қарайтын Шығыс Түркістан жеріне үдере көшкенде Әсет те сол дүрмекпен бірге кеткен. Әні мен жырын жанына серік еткен Әсет ел аралап жүріп 1922 жылы Құлжа қаласында кенеттен қайтыс болған. Әсеттің поэзиялық шығармалары, ақындық мұрасы үш топқа бөлінеді: 1) өлеңдері; 2) айтыстары; 3) қисса-дастандары.
Әсет Найманбаев өлеңдерін төмендегідей топтап көрсетуге болады.
Арнау өлеңдер
«Маманға»
«Күшік болысқа»
«Қанағатқа»
«Қызыр төреге»
«Жасболат болысқа»
«Елшібай байға»
Әсеттің алғашқы шығарған әндері – «Еркем-ай», «Қаракөз».
Әсет Найманбаевтың «Әсет» әніндегі:
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған.
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын даусы көкте дамылдаған.
Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дәсерлетіп.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп, –
деген жолдар ақынның төлқұжаты іспеттес.
Қазақ музыкатану ғылымының көшбасшысы, академик-сазгер А.Жұбанов: «Інжу-маржан әні – Әсет шығармашылығының шыңы», – деп бағалаған.
Әсет Найманбаев ұлы Абайдан кейін орыстың ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударып, оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсеттің «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұғыман – Назым», «Кешубай» деген дастандары бар. Әсеттіңгуманистік идеясын танытатын шығармасы – «Француз» қиссасы. Әсет Найманбаевтың қисса-дастандарының негізгі идеясы – әділеттілікті насихаттау.
Әсет шығармашылығының негізгі саласы – айтыстары. Әсет Ырысжанмен, Бақтыбай ақынмен айтысқан. Әсет пен Ырысжанның жұмбақ айтысы «Біржан – Сара» айтысынан кейінгі ірі шығарма болып табылады.
Әсеттің шығармалар жинағы белгілі әдебиетші ғалымдар С.Ордалиев пенБ.Адамбаевтың құрастыруымен алғаш рет 1968 жылы, екінші рет белгілі жазушы Б.Нұржекемен ғалым Б.Абылқасымовтың құрастыруымен 1988 жылы басылып шыққан.