0 дауыс
37.0k көрілді
Жер баптағанға, күте білгенге азық,  бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады . Жері байдың елі бай шығарма тақырыпта шығарма керек?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамзаттың жер-анаға деген ықыласы ерекше. Топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. Әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген Отанымыз бар. Алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? Өзінің меншікті жері жоқ адам, ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма?

Әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. Ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? Жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі адамға қалқан болуды қалайды. Ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған адаммен бірдей. Бірде бір адам қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. Сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. Әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. Уақыт өте  сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда.

Жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. Бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? Бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. Кезінде «Шаңырақ», «Бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? Еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. Ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. Мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. Бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. Қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым-балам қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. Кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. Қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. Өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, Алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.

Құрметпен, «Тіл» журналының бас редакторы Нұргүл Қарағойшина

+1 дауыс

Қойнауы мол кенге тұнған,

Кең жайлауы малға толған.

Жерұйықтай жері жайсаң,

Жаны – жомарт, елі – дарқан, - деп ақын жыр жолдарын арнаған Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан.

Қазақстан даласы өте әсем. Ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне бір жасыл дастарқандай болып жайылады. Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария сияқты өзендері бар. Жерінің асты пайдалы қазбаларға бай. «Жері байдың – елі бай» дегендей, құнарлы өлкеміздің байтақ төсі байлық пен берекенің , бақыт  пен қуаныштың ұйтқысы еді.

Осындай жер жаннатын:

Алтайым, Тарбағатай, Алатауым,                

Мекендеп қазекемдей ел бір қауым.   

Бөленіп белуардан шалғынына

Рахатты өткізеді жаз жайлауым,- деп ақын атамыз Сәбең жыр жолдарына қосқан.

Иә, ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары- біздің басты байлығымыз.Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Осы қазынаны сақтау жолында бабаларымыз үш жүз жылға жуық қанын төгіп, жанын пида етіп, азап пен қасіреттен құтылу үшін күресті. Бірақ аққан қан, төккен тер текке кетпеді. Қазақ халқының арманы іске асты.Бұдан 20 жыл бұрын ақ түйенің қарны жарылып, еліміз тәуелсіздігін жариялады.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім! – деген  ақын жырынан қуат алған қазақ елі ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикасы мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор мемлекет құрды. Ата Заңы, көгілдір байрағы, Елтаңбасы, Әнұраны,өз теңгесі,бүкіл халық болып сайлаған Елбасы, Парламенті бар құдіретті елміз.Біздің құдіреттілігіміз халықтың бірлігінде,елімізде тұратын түрлі ұлттардың татулығында.  Осы 20 жыл ішінде біз сан түрлі кедергілерді жеңіп, тірлігімізді түзедік, ел өмірі айтарлықтай өзгерді.

Қазақстанның саяси өмірінің орталығы – жаңа астана – Астана қаласы бой көтеріп, әрбір қазақтың көңілін марқайтып, болашаққа деген сенімін нығайтты. Бас қаламызда Ақ орда, Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы, Парламент және Үкімет үйі орналасқан. Қысқа мерзім ішінде «Думан» ойын-сауық кешені, «Аквапарк», «Пирамида», «Астана- Бәйтерек» және тағы басқа кешендер салынып, Астана сұлулығын, сәулетін, ажарын ашып, келген қонақтардың да, тұрғындардың да көңіл- күйін көтеріп, ерекше шабыт, әсерге бөлеуде.

Еліміз ұлтаралық қарым-қатынасқа аса зор мән беруде. Сондықтан да осы 20 жыл ішінде 140 ұлт пен 40-тан астам конфессияның өкілдерін мемлекет қүұру ісіне жұмылдырып, толыққанды қазақстандық ұлтты қалыптастырды.

Елбасымыз адамзат тарихындағы ең ұлы адамгершілік қадам жасап, дүниедегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы - Семей полигонын жапты. Осылайша мемлекетіміз әлемдегі бейбітшілік пен ізгі ниеттің үлгісіне айналды.

Биылғы жылы біз Ата Заңымыздың 16 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік. Мұның өзі Конституциямыздың өз дәуірінің талаптарына сай екендігін, Қазақстаннның орнықты дамуына кең мүмкіндік ашқан өміршең заң екендігін дәлелдеді. 2000-2010 жылдар Қазақстанның сыртқы саясаттағы жұлдызды жылдары болды, себебі осы уақыт ішінде Қазақстан- Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық – экономикалық қоғамдастық, Азиядағы өзара іс- қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрудың бастамашысы болып қана қоймай, осы ұйымдарға басшылық етті. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.

«Бүгінгі таңда жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес екені жалпыға бірдей ақиқат»,-деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тәуелсіздік жылдарында ғылым саласы да алға дамып келеді. Бұған Отанымыздағы туберкулез, АҚТБ/ЖҚТБ кеселдерінің азая бастағаны дәлел. Көз аурулары ғылыми зерттеу институтында адам жанарына ота жасаудың жаңа жолдары ашылып, ол мыңдаған адамдардың жанарына жарық сәуле сыйлап отыр. Ғалымдардың ерекше ізденісінің нәтижесінде қатерлі ісік ауруына қолданатын «Арглабин»енгізілді.

«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш- қуаты, қажыр-қайраты мол , ақылды да ойлы , дарынды жастар керек»,- деп Н. Ә. Назарбаев болашақ қазақ елінің азаматтары жан-жақты білімді болумен бірге, салауатты, денсаулығы мықты азамат болуына аса назар аударуда, Жастардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сапалы білім алуына жағдай жасалып «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама бойынша еліміздің талантты жастары шет елге барып білім алуда. Олар елге қайтып келген соң қасиетті қара шаңырақтың болашағы үшін еңбек етеді.

Қазақстанның 20 жылдағы бар жетістігі - біздің жарқын болашағымыздың темірқазығы.  Көреген басшы Нұрсұлтан атамыздың іскерлігімен елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлік болып, Қазақстанымыздың гүлдене беретіндігі, 50 елдің алдыңғы қатарынан орын алатындығы сөзсіз. Осынау береке мен байлығы шалқыған елдің халқы тату- тәтті өмір сүріп, өзге мемлекет  халқының қуана да қызғана қарар алып мемлекет болатындығына сенімдімін!

Мен осындай еркін, азат елдің ұланы екендігімді мақтан етемін! Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қаланатындығыма,келешек үшін жоба тауып, жол көрсететіндігіме уәде беремін, себебі тәуелсіздіктің туын биік ұстау – перзенттік  парызымыз, бабалар алдындағы мәңгілік қарызымыз!

Ежелден көксеген азаттықтың 20 жылы,

Құтты болсын, қазақстандықтар, баршаңызға!

Береке, бірлік, сыйластық боп әр отбасында,

Гүлдей жайнасын тәуелсіз ел өмірі!

Әбдірахман Ұлтуған 9 сынып оқушысы

0 дауыс
Осы бір тамыры тереңде жатқан, даналық сөздің баламасы «Ел тағдыры – жер тағдыры» деген тұжырымға саяды.Жазы жайлы, бауыры - байлыққа, өрісі – малға толған, топырағында тоқшылық тұнған, Шу өзенінің кербез керілген екі жағалауын бірдей жайлап, сыбағалы жерінің «емшегін емген» ерен елдің қашанда еңсесі биік.«Түгін тартса майы шыққан» қасиетті жердің негізгі байлық көзі жер кадастрының пайдалы көлемінің молдығына, жердің нәрі, су көзінің жеткіліктігіне, жер асты қазба байлығына байланысты. Біздің қасиетті Шу өңірі бұл үш байлықтың ешқайсынан да кенде емес. Ауданымыздың жер асты байлығы да көп нәрсені аңғартады. «Сулы жер - нулы жер» дегендей, ауданымыз Тасөткел су қоймасындағы 620 млн.текше метр су қорының арқасында судан тапшылық көріп отырған жоқ.Жерінің кеңдігі былай тұрсын, көне заманның көмбесіне айналып, тарихтың жұмбақ сырын қойнына жасырған Жайсан өңіріндегі қоңыр салқын тау бөктерлері мен Баласағұн өңірі ұланғайыр ауданымыздың мақтанышы.Сол сияқты дәулетімізді еселейтін, жеріміздің үсті ғана емес, жер астындағы қазына байлықтары да жетерлік. Республикалық деңгейдегі маңызы бар Шатырқұл кен орнынан мыс, алтын, күміс өндіріліп, еліміздің кен байыту комбинатына жіберілуде. Шатырқұл табыс көзі ғана емес, аудан еңбеккерлерін жұмыс орынымен де қамтып отыр. Осындай табиғи байлықтың ортасында отырған елдің шалқып-тасымауы мүмкін емес.Еңбек пен ерліктің үлгісін көрсеткен қарапайым еңбеккерлеріміз қажырлы еңбектері мен маңдай терінің арқасында атақ-даңққа бөленіп, ел ризығын арттыруға үлес қосты.Оған ауданымыздан шыққан 34 Социалистік Еңбек Ерлерінің жанқиярлық еңбектері куә.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз тойларды тарихтан тағылым алу, ұлылықтан ұлағат алу үшін өткізуіміз керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, ауданымыздың – 80, қаламыздың – 50 жылдық мерекелі мерейтойын өткізу - табыстарымызды паш ететін, аудан еңбекшілерін қуанышқа бөлейтін халық мейрамы іспетті ізгіліктің нышаны,Ынтымағы жарасқан, еңбектің туын биік ұстаған парасаты мен пайымы мол Шу өңірі ұлт пен ұлыстарды тоғыстырған достықтың шежіресіне айналған тарихи мекен. болды
...