0 дауыс
155k көрілді

Ұлттық дәстүр жолымен әйел адам атасының, қайын аға, қайын іні-сіңлісінің атын атамай, өзіне лайықты жарасымды ат қояды. Қайын сіңлі мен қайын інілерге қандай ат қоюға болады. Қайын іні (Қайны) мен сіңліге ат қою дәстүрі Ат тергеу әлі күнге дейін бар ма?

сұлу қыз,келін,Қайын іні қайны

Қазақстанның қай өңірлеріңде кімді қалай атайды?

3 жауап

0 дауыс

Ұлттық дәстүр жолымен әйел адам атасының, қайын аға, қайын іні-сіңлісінің атын атамай, өзіне лайықты жарасымды ат қояды. Мысалы, «үлкен ата», «бай атам», «ақ әже», «кенже бала», «ерке бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», «би ағам», «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» т.с.с. Бойы кішілеу інісін «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» деп те атап жатады. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.

Халқымыздың бойына сіңген дәстүр бойынша, келін бала алдымен түскен жерінің үлкен-кішісі, ерлер мен әйелдеріне өзінше ат қоя білуі тиіс. Ол қазақта «ат тергеу» деп аталады.Ат тергеу дегеніміз қайын жұртын тікелей атымен атамай, арнайы ишаралап ат қою дәстүрі. Бұл жас келіннің түскен жеріне, күйеуінің туыстарына деген ізгі құрметінің, әдебінің игі көріністерінің бірі болып саналады. Ат тергеу кезінде жаңа түскен келіннің тапқырлығы, сөзге шешендігі, жарасымды әзілқойлығы да сынға түсетін болған. Келіннің жас мөлшері, мінезі, келбеті мен бойындағы ерекше қасиетіне, болмыс-бітіміне, туыстық қатынасы мен мәртебесіне қарай қисынын келтіріп, ұтымды ат қоя білуі оның тапқырлығы мен даналығының көрінісі ретінде бағаланады.

Ұлттық дәстүр жолымен әйел адам атасының, қайын аға, қайын іні-сіңлісінің атын атамай, өзіне лайықты жарасымды ат қояды. Мысалы, «үлкен ата», «бай атам», «ақ әже», «кенже бала», «ерке бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», «би ағам», «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» т.с.с. Бойы кішілеу інісін «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» деп те атап жатады. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.

Қорыта айтқанда, ат тергеу – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрпы. Дала дағдысына бағынатын дәстүріміз сан ғасырдың құндылығы құйылған асыл арна іспетті. Сахара мәдениетімізде қаншама жауhар жәдігерлеріміз бен қазақи қасиеттеріміз жатыр десеңізші? Өкінішке қарай, ақпарат пен технология дамып жатқан бүгінгі қоғамда қазақтың келіндерінің ат қойып, ат тергейтін ата дәстүріміз қалып барады. Көптің бетіне топырақ шашудан аулақпын, дегенмен, жасы үлкенге құрмет, жасы кішіге ізет көрсететін инабатты келіндер саусақпен санарлықтай десе де болады. Осы ретте, әрбір қазақ отбасы осы салтты ұстанып, бір-біріне ықылас білдіріп, құрмет көрсете білсе, қандай керемет… Солай емес пе? Ал, сіз қалай ойлайсыз, замандас?

0 дауыс
Мен сенің ойыңа келісемін,мен өзіме қандай есім койдырсам болад??замандас
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме! Мен құйысқан еліне  болып түстім 2007 ж. Төрт бауыр екен.  Ең үлкен ұлы менің жолдасым. Үш қайын інім бар. Үлкен қайным Төре бала. Екінші қайнымды Мырзаға. Үшін ең кенжесін Ерке бала деп атадым.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 24.01.2023 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
...