Әбдіғалидің термесі атты терме бар?

0 дауыс
1.1k қаралым
Кеш жарық! Кімде "Әбдіғалидың термесі" атты терме бар? Орындаушысы маңызды емес. Алдын-ала рахмет!
Қазақша ән

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Ғаламторда Әбдіғали деген өнер адамы жалғыз-ақ екен.

Әбдіғали Алдажарұлы (1890-1937), әнші, өнерпаз. Ырғызбайдың қара шаңырағының иесі, оның кенже ұлы Жортардың немересі. Атасы Иемберді Жортарұлы аса дәулетті адам болған. Алдажар Иембердіулы 1910 ж. Меккеге қажылық қа барып қайтар жолда қайтыс болған. Сүйегі Медине қаласының зиратына жерленген. Әбдіғали атадан қалған жалғыз ұл болғандықтан, ерке өскен, сал-серілік құрған. Абайдың, Шәкәрімнің, Шәкәрімнің Қабышының, Ағашаяқ Берікболдың әндерін ел арасына кеңінен насихаттаған. Шәкәрім Шақпақтағы шошаласында жалғыз жатқан кезде шығарған әндерін өзі ойлап тапқан сандық (цифрлық ) нотаға түсіріп Әбдіғалиға жолдап отырған. Әбдіғали 1922-28 ж. Шыңғыстау болысының орынбасары, төрағасы болып қызмет істеген. 1928 ж. тәркіге алынып, түрмеге қамалған. 3 айдан кейін абақтыдан босап, Шөптіқақ деген жерде қоныстанады, Семей радиосынан аракідік ән айтып, қымыз сатып күнелтеді. 1931 ж. тағы да қамауға алынып, бір жарым жылдан соң босап шығады. М. Әуезов Әбдіғалидан Әмірдің, Майбасардың, Мұхамеджанның әндерін жазып алып, «Абай жолы» эпопеясына пайдаланған. Ұлы суреткер Әбдіғалимен бірге Шыңғысқа келген сайын сауық-сайран құрып, саятқа шығып тұрған.

Ол кісінің термелері интернетте жоқ. Мүмкін шаң басқан архивтерден табылып қалар :)

0 дауыс

Жұбатхан, Алла разы болсын! Иә, мүмкін табылып қалар...

 
 
 
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы