Бәрімізге мәлім, қазақ елі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы бір жағынан жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының езгісінде болды. Еңбекші бұқараның жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы шаруа табынан, алдыңғы қатарлы интелегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық Ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың барлығы күшпен басылып отырды.
Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлихановтың (1835-1865 ж) алар орны ерекше.
Биыл қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толады.
Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлианов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бірауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр. Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Оның аққан жұлдыздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болған.
Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері әр уақытта толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыбы болды. Ол өз халқын сүйді, оның болашағына сенді, мақтан тұтты. Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады.
Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды.
Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған ерлерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды. Шоқан Уалиханов қырғыз тарихнамасының негізін қалаушы деп те әбден айтуға болады, «тарихи-филологиялық тұрғыдан қырғыздарды тұңғыш зерттеуші-деп көрсетеді белгілі кеңес тюркологы Ғ.Н. Кононов.
Өзінің тікелей көргендері, жазбаша нұсқалар мен халық аңыз –ертегілері негізінде қазақ ғалымы қырғыздар туралы бірспыра қызықты зерттеу жұмыстарын әзірледі, олар өздерінің мәнін осы уақытқа дейін жойған жоқ.
Өкінішке орай, қырғыз халқына арналған еңбектердің де көпшілігі аяқталмай қалған, сөйтіп олар ұзак уакыт архивте сақталып жатып, тек 1950-1960 жылдары ғана мәлім болды «қырғыздар туралы жабалар еңбегінде ол қырғыздың атақты көшіп-қоныс жерлеріне шолу жасап, елдің геграфиялық
Очеркін жасады.
Бүгінде Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Акдемик С. Зимановтың монграфиясында (1965ж) Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдайы пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көсетеді.
Бірақ, ғалымдардың барлығы негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орсытың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанын мойындайды.
Адам- әрқашан да өз ортасының перзенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдаларға байланысты болмақ.
Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңашырлығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді- кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.