0 дауыс
535 көрілді

2 жауап

+1 дауыс
Бұл сұрақ па әлде жауап па, жоқ әлде тұжырым ба?

Негізі бұл жерде өз ойымды қалдырсам артық болмас;

Менің ойымша балаларға ұқсап кетуіндегі бірден - бір себеп, ол біріншіден қамқор іздейді, екіншіден үміті ұрпағында болғандықтан мынадай ойлар тууы мүмкін. Асарымды асадым, жасарымды жасадым, көргенім мен білгенім көп көрер қызығым енді болашақ ұрпағым деп ойласа керек. Сондықтан өз ұрпағынан тек жақсылыққа ғана үміт артып алып байқаусыз, елеусіз қалып қойса реніш басады. Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады деуші ма еді атам қазақ. Сол қасиеттің нақ шағы осы қартайған кез болса керек. Әрине замандастарының қатары сиреп кеткенде, әңгімелесетін, пікірлесетін адамдар қалмаған шақта тек өз ұрпағына ғана арқа сүйейді емес пе? Соның әрбір қуанышына қуанып, қайғысына ортақтасып жанына жақын алары сөзсіз. Сол себепті жыл өте олардың көңіліде сезімдері де тез жараланғыш болып қоя береді.
+2 дауыс
Әдетімше, қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін)):
*Өмірді көре берсең түсіне бересің. Бірінші жас боласың, өмірді көріп қойғандай қаталдау немесе "аса ақылды" жан боласын) сөйтіп өмірді көре бересің соңында қанша қателік жасап, жастықпен ештене түсінбегеніңді аңғарасың, өкінесің бірақ  пайда жоқ. Енді не істейсің? Қартайып қалдың, жастарға көмек бергің келеді, мендей  қателік жасамаса дейсің, сойтіп жастарға жақын боласың, өзіңнің жас кезіңдегідей олар да түсінбейді, жалпы түсінуге тырыспайды. Себеп? Себебі бір кездері өзің сияқты ол да "тым ақылды" болып жүр))) Енді не істейсің? ммм, "баланы жастан" дейсің, сөйтіп баламен бала боласың да. ))))*
Ибайай,бір рет бала болдық қой,енді болмай-ақ қойсам жақсы болар еді.]:)

Ұқсас сұрақтар

...