Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді.
Жоғарыда Қарлұқ қағанатының орналасқан жері толық көрсетілген. Ал төменде қағанаттың толық құрамы келтірілген:
Қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. Қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың көпшілігі, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті.
Қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. Қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың көпшілігі, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.
Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы