0 дауыс
105k көрілді
Арман алысқа апарады тақырыпқа шығарма жазу?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің арманым.

Адам баласының арманы көп болады ғой. арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. армансыз адам – ормансыз бұлбұл дейді қазақ халқы. ал мен «арманы жоқтың – жаны жоқ», - деп айтар едім. себебі, менің ойымша, жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі.

Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, асқақ арман деп, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деген тілекті жиі естиміз.

Өз арманым туралы айтып өтетін болсам, менің армандарым көп. саралай отырып, ең бастысын айтсам – жер бетіндегі адамдардың бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен деймін. сол жағдайда ғана барлық адамдардың арманы орындалады.

Менің басқа армандарыма тоқталатын болсақ, олар өте көп. Мен отбасымның мәңгілік бахытты өмірі туралы армандаймын. келешекте білікті маман болғым келеді, әнші де болғым келеді, дәрігер де болғым келеді, мұғалім де болғым келеді. адамдарға жақсылық пен ізгілік сыйлағым келеді. көптеген жетістіктерге жеткім келеді. жер шарын аралап, саяхат жасауды да армандаймын. менің арманым көп.

Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. сондықтан, менің өмірлік ұстанымым – «Тек алға!!!»
0 дауыс

Менің арманым...

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.

Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.  Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды. 

Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!

Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!

0 дауыс

Әр адамның өмірінде өз арманы болады.

Сол себепті әр адам арманының жүзеге асуына ықпал жасайды.Сол адамдардың бірі мен. Менің арманым ата-анамды бойжетіп,өскен кезімде,перзеттік парызымды орындағым келеді.

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – дәрігер болу.

Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. ауырып жанына шипа іздеген жандарға көмектескім келеді.

Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын деп ойлаймын.

Анам да кезінде армандаған екен. Компьютер меңгерсем, интернет арқылы түрлі өзіме керекті деректерді алсам деп ойлатынмын. Аллаға шүкір менің арманыма қазір балаларым сендер жетіп келесіндер дейді. Өзім қатарлас балалардың арманы қазіргі заман талабына сай. Бәрі электроника, техникаға әуес. Есейе келе, бұл армандардың бәрі - алға қойған мақсатымызға айналарына сенемін. Мен сабағымды тек 5 –ке оқып үлкейгенде мұғалімдерімің, ата-анамның үмітін ақтағым келеді. Ешбір адамда арман болмауы,мақсат, міндет болмауы мүмкін емес.

КСЕНИЯ КАЛЯГИНА,
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің оқушысы

0 дауыс

Менің арманым

Дәрігер болу ұнайды

Менің арманым өте көп. Соның бірі бала күнгі арманым, қазіргі кездегі арманым — дәрігер болу.

Себебі, маған дәрігер болу ұнайды және менің кіндігімді кескен анам да, апам да дәрігер, мен соларға еліктеп дәрігер болуды армандадым.

Маған дәрігер болу қатты ұнайды. Болашақта жаны ауырған адамға көмегімді тигізсем, өзімді өте бақытты жан деп бағалар едім.

Және тағы бір арманым, Қазақстан жерін көркейтуге атсалысып, өз үлесімді қосқым келеді.

Осы армандарыма сүрінбей жетіп, халқыма қалаулы, еліме елеулі азаматша болғым келді.

Арманы жоқ адам болмайды, әрине.Әркімнің өз арманы бар. «Сол арманым орындалса екен, соған жетсем екен, қателеспесем екен» деп тілейді. Соған жетуге, қателеспеуге ұмтылады. Ол үшін мектеп қабырғасында жақсы оқып, парасаттылықты, әдептілікті, мәдениетті, мейірімділікті, ақылдылықты, шыншылдықты үйренуі керек. Және тағы да нашақорлықтан, шылым шегуден, алкогольден сақ болуы қажет. Адам өміріне алкоголь, есірткінің қаншалықты зиян екенін білеміз. Сондықтан адамдар, жасөспірімдер, жағымсыз әрекеттерден аулақ болайық. Арманымызды кірлетіп алмайық.

Гүлжібек КЕНЖЕҒАЛИЕВА

0 дауыс

Арман   ар  адамга  тан  касиет. Армансыз  адам  болмайды.

Менинде   арманым   коп.  Мыслы   мен  оз  халкыма   кызмет  етип ,

халкымды  асырасам ба  деймин . Сонымен  коса  уш  

мамандык   иеси  болгым  келеди.Мен сол арманыма  жету

ушин  бар  ынтамен  жумыс истеймин .

 Казак  адебиеттиндеги  Атымтай жомарт  секилди  болгым келеди.Мен. 

Атымтай жомарт  кедей  адамдарды   халык  катарына  косады ойлаган. 

Мине, осылайша  Атымтай  жомарт  оз жетистигине  жетеди .

Кыйындыкты  жену  биздин  миндетимиз 

  
0 дауыс
Бəке аман болсын
0 дауыс
Арман  адамды алға жетелейтін күш.Армансыз адам қанатсыз құс іспеттес. Армандау оңай ал оны мақсатқа айналдыру ше? Әрине арманыңның орындалуына сенің ерік жігеріңмен айқын мақсатың керек. БІРІНШІ АРМАНДАРДА,  ОЛ СІЗГЕ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?ОЛ СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗГЕ КЕРЕК ПЕ ЖОҚ ПА ? МАҚСАТЫҢЫЗДЫ АЙҚЫНДАУҒА ОСЫ СҰРАҚТЫ ӨЗІҢІЗГЕ ҚОЙЫП КӨРІҢІЗ ,СОНДА ҒАНА СІЗДІҢ ӨЗІҢІЗДІҢ АРМАНЫҢЫЗДЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛДЫРА АЛАСЫЗ.
0 дауыс
арман бізді болашақша жетелейді,. ір арман арқылы көп нәрсеге қол жеткіземіз, қазіргі арман ертеңгі болашақ, ол үшін адам армандай білу қажет
...