0 дауыс
6.4k көрілді
Шыңғыс Айтматов туралы басқа жазушы, ақын, каламгерлердің ойлары керек еді. Алдын ала рахмет!

2 жауап

0 дауыс

Қырғыз ақынының:

«Екі халық достассын,
Қазақ пенен қырғыздай.
Екі жігіт достассын,
Мұхтар менен Шыңғыздай» дегенін таптым. 

Мына сілтемеде Дулат Исабековтың Ш.Айтматов жайлы бүкіл ойы жазылыпты. Ал мында Шаханов пен Айтматовтың өзара достық сөздері келтірілген екен. 

Негізінде Айтматов М. Әуезов, З. Қабдолов, Қ. Нұрмаханов, Т. Ахтанов, Қ. Мұхамеджанов, С. Бердіқұлов, А. Сүлейменов, Ш. Мұртаза, М. Шаханов,  Ә. Кекілбаев, Н. Оразалин сынды қазақтың көрнекті ақын-жазушыларымен  достасқан. Бірақ олардың  пікірін өкінішке орай таба алмай отырмын.

0 дауыс

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов(12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.[1]

Айтматов Шыңғыс Төреқұлұлы

Айтматов Шыңғыс Төреқұлұлы
Дүниеге келгені: 1928 ж. желтоқсанның 12(89 жас)
КСРО, Қырғыз АКСРі, Талас өңірі, Шекер ауылы
Қайтыс болғаны: 2008 маусым 10
Мансабы: жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері

«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қ. Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды. Айтматов жазушы М. О. Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылығына ой айтқан «Ұстаз туралы сөз» атты мақаласында (Біздің Мұхтар. - А., 1976) «Абай жолы»эпопеясының бас кейіпкері - Абайтұлғасына тоқтала келіп: «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» - деп жазды. Айтматов КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының, Лениндік сыйлықтың, көптеген халықар. сыйлықтардың лауреаты.

...