0 дауыс
3.3k көрілді
Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7 см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13 см. Екеуінің аудандарының қосындысы 146 см квадрат. Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тік төртбұрыштың ені 5 см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44 см квадрат артық болады. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар.
Сұрақтың жабылу себебі: Жаұсы жауап алынды

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1-інші тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енін тиісінше a және b деп алсақ, 2-нші тіктөртбұрыштікін тиісінше x және y деп алсақ.

Бірінші тік төртбұрыштың ені 7 см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13 см. ===> b=7, y=13

Тіктөртбұрыштың ауданы = ұзындығы · ені.

Екеуінің аудандарының қосындысы 146 см квадрат. ===> ab+xy=146 ===> 7a+13x=146

Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тік төртбұрыштың ені 5 см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44 см квадрат артық болады. ===>

(7·3)a+(13-5)x=146+44

21a+8x=190

3(7a+13x)=146·3

21a+39x=438

21a+8x=190

31x=248

x=8 ===> a=6
...