+2 дауыс
54.0k көрілді
Мен сүйіктіме жақсы көретінімді білдіру үшін, 101 себеп жазуым керек еді?

7 жауап

+7 дауыс

 1. Сүйіктіңіз сіздің оны не себепті жақсы көретініңізді бізден сұрағаныңызды қаламас еді)). 

 2. Егер біреуді не үшін сүйетініңізді білсеңіз, сіз оны сүймейсіз. (Виссарион Белинский) 

    Сүйгендіктен сүйеді. Махаббатта себеп болмайды. (Пауло Коэльо) 

 

жақсы жауап
Жаннара бикеш,сіз өмірде көп оқығансыз ау деймін))
Өмірде көп оқыған деген қалай?
+2 дауыс
Басын осылай баста.

1. Өйткені ақшаң көп

2. Машинаң ұнайды
3.Әкең жақсы қызметте деп қойсайш)
Өтпеді .
+2 дауыс
Сіздің жақсы көретін адамыңыздың қандай екенін білмейміз))Егер осындай болса осылай жазыңыз:
1)Имандысың
2)Мінезің жақсы
3)Сені жақсы көретінімді айтып жеткізе алмаймын дей сал))
+1 дауыс
Құдайым-ай адамдарда кәдiмгiдей жауап берiп отыр ғой ) Александр саған не бар бұл жерде ))
+2 дауыс
Сізге солай себеп жазу керек болып тұр ғой. Қолымнан келгенше...

Сен маған күлімдеуді үйреттің сол үшін жақсы көремін.

Мені қай күні,не үшін ренжіткенің есімде жоқ.Бірақ,сені көргенде тек мені ренжіткен күндерің есіме түседі. Мұнымды кек деп ойлама. Себебі,мен сені жақсы көремін.

 «Ешкімге сенбе» деп айта бересің. Білмейді ғой дейсің бе?! Жарайды.Тілегіңді қабыл алдым.  Сенім демекші... Маған сенбейтін сияқтысың. Сенші...Менің осыдан шабыт алатынымды сенен артық білетін адам жоқ қой. Мен...мен саған сенем.  Бәрін-бәрін ұмытып,саған сенім артамын. Себебі,мен сені жақсы көремін.

  Екеуміз жақсы тіл табысамыз. Сен маған бәрін айтасың. Мен басымды изеп қана отырамын. Бұл менің өзіндік пікіріім жоқ дегенді білдірмейді. Жәй,мен сені түсінгім келеді. Тырысып жүрмін. Түсіну арқылы,сені сол әлемнен құтқарғым келеді. Себебі,мен сені жақсы көремін.

Сен маған ренжіп жеңем деп ойлайсың ба? Бұрыс ойлап,қателескеніңді қаламаймын. Себебі,мен сені жақсы көремін.

Сен мені кешіресің қайта қабылдайсың.СОл үшін де мен сені жақсы көремін.
0 дауыс
101 себеп.
Əдемі күлкің үшін
Мені шын сүйгенің үшін
Жылы сөздерің үшін
Ары қарай осылай жалғаса береді
101 себеп деген осы.
0 дауыс
1.Сен мені əлемдегі ең бақытты жан еттің2.Мен үшін жағымды иісіңді жақсы көрем

3.Сені ойлағанымда жүрегім қатты соғады

4.Сенің тек маған қарайтын көздеріңді ұнатам

5.Менің қателіктеріме көз жұма қарайсың

6.Жүрегімнің соғуының себепкерісің

7.Шын сүюді үйреттің

8.Сен қасымда болсаң бəрін жеңем

9.Сен қасымда болсаң ақыл-естен айырылғандай болам

10.Сенімен ұзақ телефонмен сөйлескен ұнайды

11.Сенің "қайырлы түн" дегеніңді естімей ұйқым келмейді

12.Сен менің бітпейтін еркеліктерімді көтересің

13.Сені сүйем,себебі менің өмірімсің

14.Сенің күлкің үшін бəрін берер едім

15.Сенің қасыңда уақыттың өткенін білмей қаламын

16.Тыныс алуымның себепшісің

17.Сенің қасыңда мүмкін еместің бəрі орындалады

18.Өз күшіме сенуді үйреттің

19.Сені сүйем,қамқорлығың үшін

20.Елдердің көреалмаушылығынан қорғайсың

21.Сен қасымда болсаң қорқынышым басылады

22.Сені таңертең оятқанды жақсы көрем

23.Қылықтарың ұнайды

24.Сен ойлағандай қыз болмасамда,шыдағаныңа рахмет

25.Бар қиындықты сенімен шешкім келеді

26.Сенің арман,жоспарларыңда ұнатамын

27.Қалжыңдарың ұнайды

28.Сенің орныңды ешкім баса алмайды

29.Сен менің қорғаушы періштемсің

30.Маған көмектескің келетіні ұнайды

31.Сені бар болмысыңмен жақсы көрем

32.Қаталдығың ұнайды

33.Күнде оянғанда сені көргім келеді

34.Саған деген сезімімді жеткізу мүмкін емес

35.Сеніңде мені сүйетініңе сенемін

36.Сенімен болашақты армандағанды ұнатамын

37.Сені көргенде бəрін тастап артыңнан еріп кеткім келеді

38.Бəрі сені есіме салып тұрады

39.Екеміздің махаббатымыз мəңгі болғанын қалаймын

40.Маған адал екеніңе сенемін

41.Сенің қасыңда ғана өзімді толық бақытты сезінемін

42.Қырсық мінезің үшін сүйемін

43.Сенің ыстық құшағыңды ұнатамын

44.Қарапайымдылығыңды ұнатамын

45.Имандылығыңды жақсы көрем

46.Маған бірден бір жанашыр өзіңсің

47.Сенің мені қызғанғаның ұнайды

48.Маған түсіністікпен қарайсың

49.Ұзақ көздеріме қарағаныңды ұнатамын

50.Шынайы күлкің ұнайды

51.Екеумізді ешкім айырмаса екен

52.Маған шындықты айтқаныңды жақсы көрем

53.Өзіңдегі барға қанағат етесің

54.Бəріне төзімдісің

55.Жүрегімнің кілті тек сенде

56.Сені ешқашан ренжіткім келмейді

57.Менде тек сен барсың,ал қалғандарын ойлағымда келмейді

58.Еркелеткенің ұнайды

59.Саған ұзақ уақыт ренжу мүмкін емес

60.Мен туралы білгің келетіні ұнайды

61.Сенен көп нəрсе үйрендім

62.Сенімен сөйлескелі өмірім өзгерді

63.Сезімдеріңді жеткізгенің ұнайды

64.Əрқашан сені қолдағым келеді

65.Көптің арасынан мені таңдағаныңа рахмет

66.Мені өзіңе тартып тұрасың

67.Сен өте сүйкімдісің

68.Мен тек сенімен бақытты болғым келеді

69.Өмірімді қуанышқа толтырдың

70.Арамыз алыс болсада саған деген сезімім суыған емес

71.Маған тек сені ойлаған ұнайды

72.Сенімен бірге қартайғым келеді

73.Сенің отбасыңды жақсы көремін

74.Қол ұстасып қыдырған ұнайды

75.Маған адалдықты үйреттің

76.Сенсіз өмірім бос

77.Қоңыр даусыңа ғашықпын

78.Құшақтағаның ұнайды

79.Сен ең керемет доссың

80.Менің қасымда шынайысың

81.Сыйластықты түсіндірдің

82.Сені ойлап кешті батырған ұнайды

83.Сен ұйықтағанда тамсана қарап жатқан ұнайды

84.Мені сыйлағаның ұнайды

85.Тазалығыңа ғашықпын

86.Шынайы ұрысқаның ұнайды

87.Сені сүйемін,себебі жүрегің кең

88.Мен үшін қымбат жансың

89.Мені жұбатқаның ұнайды

90.Мағынасы жоқ сұрақтарыма жауап бересің

91.Сен өте намысшылсың

92.Маған кеңес бергенің ұнайды

93.Менің сырларымды сақтайсың

94.Сөзге жүйріктігің ұнайды

95.Мен үшін жаралғандайсың

96.Сені барлығынан қызғанамын

97.Сенімен түнде сырласқан ұнайды

98.Ернімнен нəзік сүйгеніңді жақсы көрем

99.Əрқашан жанымнан табылғаныңа рахмет

100.Сен ерекшесің,өмірімнің соңына дейін бірге болғым келеді

101.СЕНІ СҮЙЕМ,СЕБЕБІ СЕНСІЗ ӨМІР СҮРЕ АЛМАЙМЫН!!!
...