+1 дауыс
2.4k көрілді
Шынайы, сыпайы жауап,пікір жазсаңыздар.Сауалнама мерзімі 1-күндік

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен екеуiн де тойлаймын. Бiрақ Наурыз мейрамы бәрiмiз үшiн ерекше. Оны былай дәлелдеймiн.
Кеңес одағы билік құрған кезеңде 62 жыл бойы ұмыт болған, бүгінде жалпыхалықтық мерекеге айналған Ұлыстың ұлы күнінің қайта жаңғыруы туралы танымал ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ағамызға мына сұрақты қойғaанда:
  -Наурыз мерекесі қандай
мейрам? Мерекенің мәні мен
маңызын, басты ерекшелігін
ашып айтып берсеңіз?- деп сұрағанда ағамыз былай жауап бергенi едi:
  -Наурыз - жаңару мен
жасарудың басы. Наурыз -
қазақтың шын мағынасындағы
ұлттық мейрамы, төл жаңа
жылы, дүниеге көрік берген
шырайлы жыл басы. Наурыз -
береке-бірліктің, теңдіктің,
жақсы тілеудің, қайта түлеудің
тойы. Наурыз - күн мен түннiң
теңелiп, табиғаттың ерекше бiр
түрге бөленiп, жаңаратын кезi,
ел-жұрттың қаһарлы қыстан
аман-есен шығып, бiр-бiрiмен
құшақ жайып, емен-жарқын
табысатын айы. Наурыз -
табиғат атаулының тiрiлiп,
өмiрге жаңа құлшыныспен
қадам басатын шағы. Ертеде
бұл мейрам елдiң бiрлiгiн
сақтап, туған-туысқанның
басын қосып бауырластыққа,
татулыққа шақыратын.
Әр мерекенің өзіндік тойлау
дәстүрі бар сияқты, Наурыздың
да өзіндік тойлау дәстүрі бар.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз
мейрамын көрісуден бастап,
бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе
жастар жағы түгелдей таң
шапағатын қарсы алудан,
тазаланған арықтарға су
жіберуден, ағаш отырғызып,
гүл егу рәсімін өткізуден
бастайтын. Қызықшылық онан
әрмен халық ойындарымен, ән
салып, би билеумен, ақындар
айтысымен, «Қызғалдақ»
мерекесімен, қазақша
күреспен, ат жарысымен
жалғасып кете беретін де, түнге
қарай «Алтыбақан»
айналасындағы тамашамен
аяқталатын.  Бұл күнде күмбірлі
күй тартылып қана қоймай,
кетіскендер бекісіп,
ренжіскендер кешісіп, бітімге
келетін. Қайырымдылықтар
жасалатын. Бұл күнде тек
жақсылықтар тіленіп, туыс-
туған бір-бірін шақырысып,
өлілерге дұға тілеп, тірілерге
берекет сұраған. Бұлақтардың
көзі ашылып, тазалық
жұмыстары қолға алынған.
Ағайындар бір-бірінің үйлеріне
қонақ болып, жасаған Наурыз
көжелерінен дәм татысып,
«Амансың ба? Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын! Қайда барса,
жол болсын!», «Ұлыс бақты
болсын! Төрт түлік ақты
болсын! Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге кірсін», - деп
құшақтасып көріскен.
Тоқшылық, ырыс пен құт
болсын деп қасиетті «Наурыз
көже» дайындалып, мол
дастархан жайылған. Бұл игі
дәстүрлерде Наурыз
мерекесінің ерекшелігі жатыр,
әр дәстүрдің астында мән мен
мағына, тәрбие жатыр. Игілікті
істерге, бейбітшілікке, бірлікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа
тағы да басқа ізгі істерге
шақыратын бұл мерекенің мәні
зор. Сондықтан, бұл мерекенің
маңыздылығын арттыру керек.
Ұлттық құндылықтарымызды
бағалап, қадiрлеуiмiз керек.
Наурыз Тәуелсiздiк күнiнен
кейiнгi үлкен мерекенiң бiрiне
айналуы қажет.-деп жауап бердi.
Осы оқыған қаным қазақ дегендер Наурыз мейрамын алдыңғы орынға қою керек.
+3 дауыс
Маган екеуiн тойлаган унайды. Кобiсi жана жылды орыс, капiрлердiн жана жылы дейдi, оган келiспеймiн. Жалпы ол барлыгынын келе жаткан жана жылы емес пе?! Кыс айындагы озiнiн аяз атасымен ызгарлатып келетiн тамаша мейрам деп ойлаймын. Ал Наурыз мейрамы ол оз алдына ерекше халкымыздын улттык мейрамы. Коктемнiн жайма шуак мезгiлiнде бул мейрамды да асыга кутемiз.
+2 дауыс
Маган екеуіде ұнайды,бірақ жаңа жыл көбірек деп ойлайм,қанша орыстың мейрамы болсада,сондай ыстық мейрам болып қалыптасып қалған.
–1 дауыс
31-қаңтар Жаңа жыл мерекесі
0 дауыс
Менде осы сұраққа ойланамын, өзіме Жаңа жыл ерекше ұнайды, кейбір адамдар ол мұсылмандарға жат мереке деп айтып жатады, бірақ бұл мерекені қаншама ел тойлайды ғой
...