Мүйізгектер. Мүйізгектер – тері қабатының қалыңдауы. Әдетте мүйізгектер тар әрі ыңғайсыз аяқ киім кигеннен аяқта пайда болады. Қолда қолғапсыз жұмыс істегеннен болады.
Көбінесе мүйізгектер ауыратын болып келеді, олардың беті жарылып, солар арқылы ауру жұқтыратын микробтар түсуі мүмкін. Мүйізгектерден арылу үшін сары балшықтан жапсырма жасап немесе жай ғана балшық басу керек. Сонымен қатар мүйізгектерді шарап жемістерінің немесе сарымсақтың шырыны қосылған балшық суымен ысу жақсы көмектеседі.
Өкшенің мүйізгегін кетіру және қатайған теріні жұм-сарту үшін де пісірілген ыстық пияз қабығын басады.