+1 дауыс
492 көрілді
Голливуд фильмдерін қарасаң бірінен соң бірі жаңа коно кейіпкерлер ойлап тауып жатады, Бэтмен, Железный человек, Супер мен т.б.

Ал қазақ фильмдері немесе анимациялық фильмдерінде мұндай жаңашылдық мүлдем кем. Бар болғаны баяғыдан айтылып, тізесі шығып кеткен тарихи тұлғаларды айналдыра береді. Бұған қандай ой қосар едіңіздер?

10 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

Аха сендерге фантазия жетіспейді!!! Ертөстік Суперменнен, Керқұла атты Кендебай Бэтменнен, Толағай Халктан, Құламерген Тордан кем деп ойламаймын!! Күн астындағы Күнікей қыз, Құртқа, Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қыз Жібек, Баян сұлу, Айман, Шолпан, Қарашаш... Бұл арулардың әңгімесі Дисней ханшайымдарынан кем түспейді. Ал «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар». «Алпамыс батыр» жырлары бірнеше бөлімнен тұратын ұласпалы фильмге арқау болары анық.  Біздің әдебиетіміз де қиялға бай, желісі тартымды. Тек оған жаңаша сценарий мен сапалы түсірілім ғана керек! Қазақтай қиялы жүйрік, сөзге шешен ел жоқ... Өзімізде бармен мақтана білейік! Барша жұртқа паш етіп мақтай білейік! Өзгенікін зор, өзінікін қор санау озған елдің емес, тозған елдің баласына тән әдет!!

Түсініп тұрмын ғой бірақ негізі сол батырларды заман талабына сай қылса жақсы болар еді.
+4 дауыс
Қазақ фильмін дамытуды негізі жастар қолына алу керек!Себебі жастардың фантазиясы ұшқыр.Ал аға әпкелерімізге келсек олардың заманында бәрі басқаша болған.Қазақ фильмінің дамымау себебі фантазия жоқ.
Рахмет, Менің ойыммен ойыңыз сәйкес келіп тұр.
+3 дауыс
Алдымен сол тарихта бар адамдардың өзінен кино түсіріп қатырып алсыншы. Бізде тарихи кейіпкерлер көп қой негізі. Соларды дұрыстап түсіріп алсын, сосын барып ары қарай жаңа кейіпкерлер туралы айтуға болады.
Оған дейін басқа елдер жеті қыр асып кетеді деп ойламайсыз ба?
Дегенмен пікіріңізге рахмет!
+1 дауыс
Өзбектерден үйренiңдер дегiм келедi...
+2 дауыс
иа дұрыс айтасыз.Өскенде мен кино түсіргім келеді.Сонда бәрі жақсы болады десенда)))

Қазақтардың кино саласына жаңа идея керек.Ой анау американский киноларды көріп отырсан қызығып қарайсын(комедия,фантастика).Өзі қазақтар қандай фильмдар түсірді?(мен өзім ШАЛды ғана білем).сіз әлде сериалдарды да айтып отырсыз ба:?
Мақсатыңа жет. Бірақ өскенде фильм түсіру үшін әр түрлі жанрдағы фильмдерді көп қарау керек. Кинокритиктердің мақалаларын көп оқу керек, Жансая.
+3 дауыс
Негізі олардың да көп кейіпкерлері бұрынғы өздерінің ертегі, аңыздарынан алынады. Тек оларды қазіргі балалардың, жасөспірімдердің қызығушылығына қарай жаңадан өңдейді. Бұрынғы кейіпкерлерді жаңа ортаға салып қояды. Сондықтан бізге де бұрынғы батырларды т.б. кейіпкерлерді қолдануға болатын сияқты менің ойымша. Тек дәл сол күйінде түсірмеу керек.
+1 дауыс
Қазақ режисерларына фантазия жетіспейді
+1 дауыс
Өйткені оларда батырлар жоқ, сондықтан Бэтмен, Супермен сияқты батырларды ойдан шығара салады. Бізге ойдан шығаруға болмайды, батырларымыздың алдында ұят)
+1 дауыс
Пікір бөліскендеріңіз үшін  алғысым шексіз!

Дегенмен бұрыннан келе жатқан Мауглиды Уолт Дисней қалай қызықты етіп өңдеген. Сюжеті де барлығы жаңаша бояу, жаңаша мән тапқан. Бірақ ішіндегі кейіпкерлердің барлығы да өз характерін жоғалтпаған. Мультфильм болып КСРО кезінде алғаш рет жасалынғанымен, қазіргі мауглимен тіпті де салыстыра алмайсың.

Сондықтан біздің кинематографтар мен аниматорларға фантазия (чувство юмора) жетіспейді дегенге толығымен қосыламын!
+1 дауыс
Қалыптасқан білім жетіспейді,өнерден бұрын ақшаны көп ойлап кеткен.Шәкен Айманов сияқты өнерді ғана ұстанатын режисерлер жоқ,деп ойлаймын.Ақша тапсам болды деп,ақша үшін жасалған өнер ешуақытта жеміс әкелмейді.Бұл тек кино өнерінде емес,көркем-сурет,музыка,ән-би өнерінде де солай.
...