Көк тарландары, Болашақ, Сырғалым, Үй болу қиын , Тракторшының махаббаты атты сериалдарды көрсең болады(өзімнің көрген және ұнатқандарымды жаздым)
Жау жүрек мың бала, Шал, Алып қашу операциясы, Жетімдер, т.б. кинолар да жақсы түсірілген
Қазіргі кезде қазақ киносы әлі де даму үстінде. Меніңше, бүгінде біз кино жанрында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Иә, келісемін әртістер де, режиссерлер де, басқа да кино түсіруге атсалысушылар көп еңбек етуі тиіс. Себебі, Отандық кинолардың көбісінің сапасы төмен. Бірақ, Күлаш Ахметова айтпақшы:
Қазақты жамандама қазақ бала,
Қазақ деген халық қой аз - ақ қана.
Қашанда Ай астында Жер үстінде,
Қазақты құтқаратын қазақ қана.