+1 дауыс
337 көрілді
Ойдан ой туады демекші жаңа ғана ұлтшылдық жайлы сұраққа жауап жазып отырып бір жайт есіме түсті.2014-тің қарашасында ауыр атлетикадан Алматыда өткен жарыста Жасұлан Қыдырбаев алтын медаль алып мерейімізді үстем еткені белгілі.Қанша дегенмен қандас бауырымыздың орны бөлек екен,қатты қуандым сол кезде.Бұл арқылы  Илья Ильин,Мая Манеза,Зульфия Чиншанло секілді спортсмендердің Қазақстан үшін жасаған еңбегін кемітіп,атақ даңқын кішірейтіп отырғаным жоқ.Бірақ қазақ орын алып,қазақ биік тұғырдан көрініп жатса шыны керек өзің алғандай бір марқайып қалады екенсің.Сіздер үшінде солайма?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жасыратыны жоқ, әрине солай, Қазақстандықтың жөні бөлек, ал қазақтың алғаны тіптен басқа екенін мойындаймын
+3 дауыс
Қанша алаламайын десең де қазақ десе бүйрегің бұрып тұрады ғой. Қазақстанның атын шығарып жүрген өзге ұлт өкілдеріне ризашылығым шексіз. Оларға қандас болмаса да, отандасым деп жақын қарауымыз керек сияқты. Осы қоғамда өмір сүреді екенбіз, оның ерекшеліктеріне, яғни көп ұлттылығына үйреніп, оны қабылдай білуіміз жөн деп ойлаймын. Сіздер білмейсіздер ғой, диаспора боп өмір сүрудің қиындығын.... Ештеңе білместен туыласың, бірақ сен туылған ел өзіңдікі емес... (((
+2 дауыс
Иа мен сенімен келісемін Қазақ алса сезімің қуанышың өзгеше болады екен
+2 дауыс
Қазақстандық Қазақ, Қазақстандық Орыс т.б
...