Зияткерлілік коэффициент – (ағыл.т IQ — intelligence quotient,) адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. Оны арнайы жасалған тест арқылы, қарапайым адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап салыстыра анықтайды.
IQ тесттерін орташа есепке теңестіріп, шамамен 100 деп алатын болсақ, 50% адамдардың IQ-і 90 мен 110-ның арасында болуы тиіс немесе 25 % адамдардың IQ-і 90-нан төмен, 110-нан жоғары болуы керек. Ал 70-ке жетпеген адамдардың ақыл-есі жетілмеген болып саналады.
Тарихы
1912 жылы неміс ғалымы Вильгелм Штерн зияткерлілік коэффициентін енгізді. Ол адамдардың жас аралық ақыл-ой кемшіліктеріне аса мән берді. Штерн интеллект көрсеткіштерін жеке жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деп ұсыныс жасаған. IQ ең алғаш 1916 жылы Стенфор-Бине шкаласында қолданылды.
Адамдардың IQ-ның гендік мәселеге тікелей қатысы бары "Plomin et al." (2001, 2003) атты кітаптан бастау алды. Балаларға жасалған сынақ нәтижесінде тұқым қуалаушылық 0,4 пен 0,8 көрсеткішін көрсеткен. Олардың IQ дәрежесі тек аз мөлшерде генетикалық тұқым қуалаушылыққа тәуелді екені, ал қалғаны қоршаған орта әсерінен қалыптасатыны анықталған.
IQ–ді қалай жоғарылатса болады?
Зерттеулер IQ-дің жоғары болуы 40-80 пайыз адамдардың генетикалық белсенділігіне байланысты деген қорытындыға алып келді. Алайда әртүрлі ізденістер, оқулықтар, білім алу және дұрыс тамақтану секілді іс-әрекеттерімен зияткерлілік коэффициентін жоғарылатуға болатыны дәлелденген.
Жоғарылатудың жолдары:
Алдыңызға мақсат қойыңыз. Неліктен сіз интеллигент адам болғыңыз келеді? IQ-дің қандай болғанын қалайсыз? Егер де сіздің мақсатыңыз болмаса, сізді алдыға жетелейтін де ықпал болмайды, және де сіздің жасаған іс-әрекеттеріңіз аяқсыз қалады.
Оқу. Кітап оқу, өз бетінше іздену секілді іс-әрекеттер IQ-ді міндетті түрде көтереді. Ғылымға бет бұра отырып сіз дүниетанымыңызды кеңейтумен қатар логикалық ойлау мен есептеу қабілеттеріңізді арттырасыз.
Пазлдарды жасаңыз. The Wechsler Adult Intelligence Scale мен the Stanford-Binet ұйымдары адамдардың ақыл-ойын қалай дұрыс анықтау керек екені туралы сан алуан әдістер мен амалдар қарастырған. Сол себепті зияткерлілікті бір ғана әдіспен анықтау қате. Кез келген нәрсеге машықтану үшін бір әрекетті бірнеше рет қайталап, жылдамдық пен есте сақтау қабілеттеріне қатысы бар жаттығуларды жиі жасап тұруыңыз керек.
Суреттермен жұмыс. Суреттермен жұмыс кез келген нәрсені жақсы сипаттауға, суреттерді ажыратуға, бір-бірімен байланыстыруға көп ықпал жасайды. Алдымен өте аз уақыттың ішінде суретке қарап, көзді жұма кездейсоқ бір бөлігін таңдап сипаттауға тырысыңыз. Егер де алдыңызда тыңдаушы кісі болмаса, үнтаспаға жазып, жіберген қателіктеріңізді түзеп алыңыз.
Медитация. Медитация ағзаның қан айналымын жақсартады, сонымен бірге ойыңызды, есте сақтауыңызды бір қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Күніне 30 минут уақытыңызды медитацияға арнаңыз. Сонымен қатар 10 немесе 15 минуттан әр кезде қолыңыз бос бола қалса медитация жасаңыз. Таңғы жаттығулардан кейін және жатардың алдында істегеніңіз абзал.
Жаттығу. Спорт – денсаулық кепілі. Таң ертең тұрып таңғы жаттығулар жасаңыз. Жиі жүгіріп, суға түсіп тұрыңыз.
Дұрыс тамақтану. Аптасына кемінде 3 рет майлы балықпен тамақтаныңыз. Мәзіріңізде жеміс-жидек, көкөніс, дәнді-дақылдардың болғаны шарт. Massaget.kz сайтынан алынған дерек.