«Оғызнама» - IX ғасырдағы және одан бұрынғы оғыздар мен оның ханы Оғыз қағанның әскери жорықтры, ерлік істері жайында қарасөзбен жазылған көркем шығарма. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақтаулы.
«Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұралды. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады. Олар: Айқаған атты анадан Оғыздың ерекше көркем болып тууы; сол баланың күн сайын алып болып өсуі; Оғыз батырдың аң аулаудағы ерліктері; Оғыздың ерекше жағдайларда үйленуі;екі әйелінен алты бала сүйгені Күн,Ай,Жұлдыз,Көк,Тау,Теңіз; Оғыз қағанның дүниенің төрт бұрышына жеңімпаз жорықтары; Еділді,Тибетті,Сирияны және т.б. жерлерді жаулап алғаны; қартайған шағында қасына ілесіп жүретін Ұлы Түрік деген данагөйдің ақылымен ел – жұртын жинап той жасап, жерін алты ұлына бөліп бергені эіне т.б. Бұлар жырдың негізгі мазмұнын құрайды.
«Оғызнаманың» басты идеясы – бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күрес болып табылады. Елін, Отанын сүю, оны нығайту үшін жан аямау, халық бостандығы, бақыты үшін болған жорықтарды дәріптеу. Ол Оғыз қағанның өз жерін алты ұлына бөліп бергенде айтқанынан да көрінеді:
- Ей, ұлдарым менің
Мен басымнан көп нәрсе өткіздім.
Талай-талай шайқасты көрдім,
Садақ тартып, оқ аттым,
Дұшпандарымды жылаттым,
Достарымды күлдірттім.
Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім.
Ел – жұртымды сендерге табыс етем,- деп, ел қамы үшін күресу керек екенін өсиет етеді.
«Оғызнама» - түркі халықтарына ортақ көркем шығарма. Онда түркі халықтарының көптеген аңыз - әңгімелері, өлең – жырлары, қанатты сөдері, мақал –мәтелдері ұшырасады. «Оғызнаманың» авторы оны проза түрінде жазғанмен, сөйлемдерін өзара ұйқастыра, тақпақтата құрып айтуға ыңғайлы.
«Оғызнама» - көркем туынды болумен қатар, қазіргі түркітілдес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағұлмат беретін де шығарма. Онда аңыз күйінде болғанмен, Оғыз батыр мен оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтар, оғыз тайпаларының қоныс іздеп көшіп – қонуы, оғыз елінің ішкі қоғамдық - әлеуметік өмірі, олардың көрші тайпалармен қарым – қатынасы, жер – су аттары туралы тарихи шындыққа жақын деректер бар. Бұл жағынан «Оғызнама» сияқты туындыларды қазіргі тарихи тақырыпқа жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілері деп қарауға да болады. Сөйтіп , ежелгі дәуір әдебиетінде қазіргі мәдениетіміздің, әдебиетіміздің ертеден келе жатқан үзілмеген желі екенін дәйектей түседі.