0 дауыс
8.3k көрілді
Номерге 1,2 гудоктан кеин алмаган жагдайда, баска номерге баратын переадресацияны калай коюга болады. ким билет ? отиниш керек боп тур

3 жауап

+1 дауыс
*21*2050# немесе телефонның настройкасына кіріңіз. Вызов функциясынан тауып аласыз.
+1 дауыс
*21*2050# қосасың. ##002# мен сөндіресің.
+1 дауыс
Бағыттау орнату үшін төмендегідей комбинацияны теріңіз:

[бағыттау коды]*[бағыттау жүргізілетін телефон нөмірі]# [ph]

Сіз бағыттаудың келесі түрлерін орната аласыз:

- «шартсыз» (код 21) - барлық кіріс қоңырауларды бағыттау (бұл жағдайда бағыттаудың басқа барлық түрлері жарамсыз болады); бұл ақылы қызмет, желі ішіндегі немесе қалалық нөмірге шалынған қоңырау ретінде тарифтеледі.

- «бос емес» (код 67) - Сіз ұялы телефоныңызбен сөйлескен уақыттағы қоңырауды бағыттау

- «жауап жоқ» (код 61)  - Сіз қоңырауға жауап бермеген кездегі бағыттау

- «байланыс аясынан тыс жерде» (код 62) - Сіз қамту аясынан тыс жерде болғанда немесе телефоныңыз өшірулі қалпында бағыттау.

Мысалы, +7701ХХХХХХХ нөмірінде «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттауын орнату үшін62*+7701ХХХХХХХ# [ph]  комбинациясын теру қажет

Нөмірге орнатылған бағыттаулардың барлығын өшіру үшін ##002# [ph]   комбинациясын теріңіз
...