0 дауыс
12.4k көрілді
Кешенді Тест тапсыру үшін қандай құжаттар керек?
Құжаттарды қайда тапсырамыз?
Қай уақыттар аралығында құжат тапсыру керек?
Кешенді тест жайлы басқа да мәліметтер керек?!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кешенді тестілеу түсетіндердің тілегі бойынща қазақ немесе орыс тілдерінде 4 пән бойынша жүргізіледі:

қазақ немесе орыс тілі бойынша (оқу тіліне байланысты);
Қазақстан тарихы;
математика;
таңдау пәні.

Егер ҰБТ талапкерге сұрақтарды шешуге 3,5 сағат берілсе, кешенді тестілеу 2,5 сағатта жүргізіледі. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал жалпы сұрақтар саны 100.  ҰБТ сұрақтар саны 125 сұрақты құрайтынын атап өтеміз. ЖОО түсу үшін талапкерлерге 100 мүмкін балдың 70-інен жоғары жинау қажет.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды қабылдау комиссиясы 20 маусымнан 9 шілдеге дейін жүргізеді.

Кешенді тестілеу 17 - 23 шілде аралығында жүргізіледі.

Талапкер құжатты жеке тапсырады. Бөгде адамдардан құжаттар қабылданбайды.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттар пакетін береді:

1) белгіленген үлгідегі бланктегі өтініш;

2) жалпы орта білімді аяқтау туралы аттестат  немесе техникалық және кәсіби білімді аяқтау туралыдиплом (түпнұсқа);

3) тестілеуді жүргізу үшін төлем туралы түбіртек («Қазпочта» немесе ҚР «Халық банкі» АҚ арқылы);

4) 3x4 өлшемді 2 фотосурет;

5) 086-У формалы медициналық анықтама;

6) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Кешенді тестілеу құны  2242 теңгені құрайды.

Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Рахмет @Салтанат
" белгіленген үлгідегі бланктегі өтініш " деген не оны қайдан аламыз?
0 дауыс
Кешириниз, оларды кайда тапсырамыз?
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болсаңыз, Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға тапсырасыз.
0 дауыс
Ақтөбе облысында кешенді тестілеуге қайда құжат тапсырамыз
0 дауыс
туу туралы куаликпен тестке кируге болады ма?

Ұқсас сұрақтар

...