Купон деген не? Толық мәлімет керек?

0 дауыс
2.3k қаралым
Купон деген не? Бұрынғы кезде купон деген болыпты. Ол не? Толығырақ жазсаңыздар. керек болып тұр
• Санаты: Өмір, Тіршілік Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ НЕМЕСЕ КУПОН ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

1993 жылдың алғашқы айлары еске түседі. Жер-жерде — ауызекі әңгімеде, кейін ақпарат құралдарында «жекешелендіру» деген сөз жиі айтыла бастады. Қазақстан бай ел — оның жерасты қазба байлықтары кез келген батыс Еуропа елдерінен асып түседі, тек оны игере білу керек. Бұл — бір. Екіншісі — сол жерасты шикізат қорымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, қызмет көрсету орындарын, тағы не бар — соларды сатып алу керек.

Міне, тап осы жерге келгенде халық абыржып қалды. Олардың алдында неге деген сұрақ кесе-көлденең тұрды.

* * *

«Купон» деген сөзді бұрын-соңды кім білген?! Ол кездегі біздің түсінігімізде бұл — бір күндері мүлік иесі болып шыға келудің алғы шарты. Ол үшін әуелі «Жинақ банкіге» барып, әлгі купонды алуымыз керек және бір қызығы — бір жасқа толмаған балаң болса да, тек тууы туралы куәлігі болсын — қолыңа купон беріледі. Жапа-тармағай банкіге жүгірдік, онда осы мәселемен айналысатын қызметкер бар болып шықты. Не керек, қолымызға «купон» тиді: бұл өзі бірнеше беттен тұратын, сыртында «Инвестициялық жекешелендіру купондары бойынша чек кітапшасы» деген жазуы бар шағын кітапша болып шықты. Басқалар оны қалай алғанын білмеймін, өз басым — отбасымызда бес адам болатын, солардың барлығына әлгі кітапшаны жаздыртып алдық. Бұл — ақша дегесін сөйттік қой.

Әрине, олардың артында иесі бар екенін кейін білдік. Олар — инвестициялық жекешелендіру қорлары деп аталады екен.

Қорлар дегенің Қазақстанда көп болды. Солардың бірқатарын атасақ, мысалы, «Әлем-Систем», «Темірмұнай-инвест», «Инициал», «Бутя-Капитал», т.б. Ал бұл қорлар неге керек болды? Жекешелендіру туралы заңға сәйкес Мемлекеттік мүлік комитеті аукциондар ұйымдастырып, купондары бар қорларға өнеркәсіп орындарын, басқа да кәсіпорындарды сатады екен.

 

толығырақ мына жерден оқысаңыз түсінерсіз http://www.abai.kz/post/view?id=542
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
3.06.2014 • Санаты: Жалпы компьютер i.Bekzhan сұрақ қойды
+3 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы