Босануына байланысты демалыс кезінде, уақытша еңбек шарты жасалуы тиіс пе?

0 дауыс
715 қаралым
Қызметкер жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа кеткенде оның орнына жұмысқа алынған қызметкермен уақытша еңбек шарты жасалуы тиіс пе? Егер ондай еңбек келісімшарты жасалса, ол қандай мерзімге жасалады? Уақытша еңбек шарты жасалуы тиіс пе?
Заң

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Сарапшы маманның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 29-бабының, 1-тармағы 4)-тармақшасына сәйкес, еңбек шарты жұмыста уақытша болмаған қызметкердi ауыстыру уақытына жасалынуы мүмкін. Осындай мерзімдегі шарттар негізгі қызметкердің кез келген себептер бойынша жұмыста уақытша болмауы жағдайында (соның ішінде - декреттік демалыста болуы кезінде де) жасалынуы мүмкін.

Кодекстің 53-бабының 4-тармағына сәйкес, жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердің жұмысқа шыққан күнінің алдындағы жұмыс күні уақытша болмаған қызметкердің орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзімінің аяқталар күні болып табылады.

Осы ретте, жалпы еңбек заңнамасының принципі бойынша онымен еңбек шарты (мерзіміне қарамастан) жасалған қызметкерге еңбек шарты мерзімінің аясында еңбек заңнамасымен белгіленген барлық құқықтар мен кепілдіктер қолданылады.
127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы