0 дауыс
1.2k көрілді
Менің үш балам бар. Наурыз айының соңында кіші балам бір жасқа толып, ай сайынғы жәрдемақы тоқтатылады. Отағасының жалақысы – 55000 теңге. Осы орайда менің білгім келгені, біздің отбасымызға Үкімет тарапынан қандай жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек берілуі тиіс? Жәрдемақы мен әлеуметтік көмек беру тәртібі қандай?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әлеуметтік қорғау саласы маманының айтуына қарағанда, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан (азық-түлік себетінің құны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 % мөлшерінде анықталады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі республиканың әр аймағында әртүрлі болуына байланысты азық-түлік себетінің құны да бірдей болмайды) төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 618 теңгені құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен (кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталды) отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді. Сонымен бірге тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқару органдары белгілейді. Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.
0 дауыс

Салеметсізбе мен білгім келгені, үш баланың анасымын. Үкімет жақтан жəне осы орталықтан қандай көмек ала-аламын? Күйеуыммен тұрмаймын, ажырасуга өтыныш жазғам. Қарағанды қаласында Мкр.Сортировка ул. Макаренко 136 үйді жалдап тұрамыз

Қайда бару керек, қандай өтыныш жазу керек? Соны толықрақ жазып берсеніз.

...