0 дауыс
904 көрілді
Әкімшілік грантпен оқу бітіріп келген мамандардың алғашқы жылғы еңбек демалысы қанша күн болуы тиіс? Жас мамандардың алғашқы еңбек демалысы қанша күн болуы тиіс?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сарапшы маманның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабына сәйкес, егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi.

Мәселен, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабына сәйкес, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күн; оқу-әдiстемелiк қызметкерлерi, қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн - күнтiзбелiк 42 күн ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын алудың әлеуметтiк кепiлдiктерiн иеленедi.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге ұзақтығы отыз күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

Сондай-ақ Кодекстің 239-бабына сәйкес, азаматтық қызметшілерге 30 күнтізбелік күннен кем емес көлемде жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
...