0 дауыс
6.5k көрілді
1) Бірінші санның 3/7-і екінші санның 3/4-інен 6-ға кем, ал бірінші санның 1/4-і екінші санның 1/8-інен 4-ке артық. Бірінші санды және екінші санды табыңдар.

2) Бір жерден бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі пойыз егер 3,2 сағ жүрсе, бір-бірінен 480 км қашықтықта болады. Ал егер бірінші пойыз 1,4 сағат жүрген соң оған қарсы бағытта екінші пойыз шықса, олар екінші пойыздың шыққан 2 сағаттан кейін бір-бірінен 412 км қашықтықта болды. Бірінші және екінші пойыздың жылдамдықтарын табыңдар.

3) Ескекті қайықтың меншікті жылдамдығы ағыс жылдамдығынан 3 есе артық. Ескекті қайық 3/4 сағ ағысқа қарсы жүзді, сонан соң 2 сағ ағыспен жүзіп, 19 км қашықтыққа барды. Ескекті қайықтың меншікті жылдамдығы, ағыстың жылдамдығы қандай?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1) (3/7)*x-(3/4)*y=-6

    (1/4)*x-(1/8)*y=4  Осы теңдеулер жүйесін шешу керек

2) 3,2(x+y)=420

(1.4+2)x+2y=412 теңдеулер жүйесі. Жауабы 80  70

3) y=3x

    (3/4)*(y-x)+2(x+y)=19  y қайықтың жылдамдығы, x ағыстың

yeset.ru сайтынан ҰБЕ-ға дайындық есептерінің бейне жазбаларын көре аласыз
...