+2 дауыс
405 көрілді

Сайттағы сұрақтарға жауаптардың сапалы болуы үшін мынадай ұсыныс:

Белгілі бір санатта жарияланған сұрақ, сол мезетте осы саланың маманына рассылка жіберіліп тұрса.

Мысалы: Денсаулық санатында сұрақ қойылды, сол сұрақ хат ретінде осы сала маманына (мысалы биология) автоматты түрде жіберіліп тұрса.

Компьютер туралы сұрақтар, компьютер мамандарына.

Сайт туралы сұрақтар сайт жасау мамандарына.

Ал сайттың қазіргі жай күйі, мысал сұрақ:

Бас ауырғанға қандай дәрі ішу керек?

мысал жауап:

1. Ауруханаға барыңыз.

2. Дәрігерге барып қаралған жөн.

3. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.

4. Википедиядан алынған сілтеме

5. Гуглдан іздеп қараңыз........ деген сияқты жауаптар көп болып кетті.

Дұрыс жауап алынбаса, болашақта ешкім дұрыс сұрақ қоймас еді. 

Балалар ойын-сауық алаңына айналдырмай, Сайттың негізгі мақсатын ұмытпайық! @admin

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі кезде сайтты ондай мүмкіншілік бар. Сіз қандай да болмасын бір санатты ашып, сол санатқа жазылып қойсаңыз, сол санатта қалай сұрақ қойылса болғаны почтаңызға хат барады. Сіз таңдаған санатта жаңа сұрақ қойылды деп. Ол мүмкіншілік тек санатта ғана емес қолданушыда да қолданылады. Мен сайттағы қолданушыны өзімнің таңдаулыма қосып қойсам, таңдаулы қолданушы сұрақ қойса, жауап берсе менің почтама хат келеді. Санатты немесе қолданушыны таңдаулыға алу үшін оң жақтағы жүлдызша белгісін шерту қажет.

Сайтта сұрақтарға мамандардан жауап алу өзекті тақырып. Әзірге бұл мәселенің шешу жолдарын ойластырып келемін. Тиімді шешім университеттермен жұмыс істеу деп отырмын. Бірақ магистартурада оқитын студенттерге өз саласының білікті мамандарына жауап бергізіп отыра алмаймыз.

Болашақта тиімді бір жолы табылып, өз саласының мамандарынан жауап алынатындай ету жолы табылатыны анық. Әзірге барымен әрекет етіп жұмыс істеуге тырысамыз.

СЖ-ның движогының дамытылуы тоқтап қалған жоқ. Болашақта әлеуметтік желі функцияларын алып дами беретіні анық. Біз өз кезегінде жаңартып, қолдан келгенше өзімізге қарай бейімдеп отырамыз.

Жақын арада СЖ-ның Android және iOS арналған қосымшасы дайын болып қалды. Әзірге осы қосымшаны іске қосып алу басты приоритетте тұр.

Қойылған 10 сұрақтың 1 сұрағы мен 1 жауабы сапалы болса, біз үшін соның өзі үлкен жетістік. Себебі 100 пайыз сапалы болу мүмкін емес. Күнделікті 1 000 адам кіретін жоба болса онда басқару мүмкін болар ма еді, бірақ күніне 10 000-20 000 адам кіретін кезде басқару, қадағалау мүмкін емес. Өз басыммнан өткен соң, осындай пікірдемін.

Сол жұлдызшаны көбісі түсіне бермейді, жұлдызшаның орнына санатқа жазылу, сұраққа жазылу, қолданушыға жазылу деп қойса болмас па екен?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Махмудкаримов Сейткарим 14.03.2017 Жеке бизнес сұрақ қойды
...