0 дауыс
11.3k көрілді
Кәдімгі амеба, сыртқы және ішкі құрлысы туралы мәлімет?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Амёба (гр. Lodosea – өзгергіш) – қарапайымдар типіне жататын тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм кейде одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге тән.[1]
Амёбадың көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бір клеткадан құрылады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амёбаның дене мөлшері 20 – 700 мкм шамасында. Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасында цитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған қорегі әрбір 5 – 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады. Амёбалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амёбадың тіршілігіне қолайсыз жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды. Амёбадың кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың организмінде, сондай-ақ адамның тоқ ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы – дизентерия Амёбасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз ауруына шалдықтырады. [2]
0 дауыс
Кəдімгі амебаның құрлысы ж/е тіршілік əрекеті (өтінем көмек керек !!!)
0 дауыс
Менде сол туралы іздеп отырмын.Маған Амебаның құрылысы туралы мәлімет керек
...