+1 дауыс
9.8k көрілді
Мына тақырыптарға шығарма тауып бересіздерме?↓↓↓

1)Мағжан Жұмабаев - Сыршыл ақын.

2)Қазақ поэзиясының сұлу сарайы ( І. Жансүгіров).

3)М. Әуезов - ғасыр перзенті.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мағжан Жұмабаев - Сыршыл ақын

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жан тербетеді, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б.

Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері, өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем жазады.

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Мағжан - көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі, осыдан келіп шығатын тарих төркіні мен оның құбылмалы кезеңіндегі үндеулер Мағжан шығармаларына ғана тән. Сол кезеңдерде Мағжан Шекспир, Пушкин, Соловьевтардан бастап символизм, технократизм және Шпенглерге дейінгі жалпы адамзаттық көркем әрі ғылыми мұраларға бет бұрды. Біздің дәуірімізге дейін жеткен экзистенциализм сарыны ақын шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Алайда арадағы ұзақ жылдар бойғы үзілістен кейін Мағжан Жұмабаевпен қайта қауышудың сәті түсті. Сондықтан ақын туындыларын қайта бастырып шығару туралы да ойлар жиі айтылуда Мағжан қазақ поэзиясында орны бөлек ақын.Ол халқының тарихын терең біліп,жанымен жырлаған. "Батыр Баян" поэмасы ұлттық әдебиетте теңдесі жоқ шығарма.Сондай күрделі тағдырдың иесі болса да , халқын шын сүйген, келер ұрпаққа мол сенім артқан.

Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы

Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.

Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.

Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.

Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.

Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:

Азамат! Анау қазақ ханым десең,
Жұмақтың суын апар, жаным десең.
Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншықтырып қанын десең
Екінің бірі, басқа жол жоқ!

Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

рахмет көп көп))
+1 дауыс

Қазақ поэзиясының сұлу сарайы

Жалпы ақындық қасиет адамға ерте қонатындығы, әдетте өлең шығару жас кезден басталатыныдүйім жұртқа мәлім факт. Бірақ сондай дарынға түрткі болатын игілікті жайт-ойы мен көңілін қозғар орта болмаса, оған қандай да бір жағдай жасасаң да, одан шығар нәтиже шамалы.

Ілиястың өскен ортасы да, өмір кешкен қоғамы да оның ең алғаш қалам тартып, ақындық жолға түсуіне түрткі болған, дарынын, ішкі талант құбылыс-қасиетін ашқан, әсемдік әлеміне жетелеген –Жетісу табиғаты мен өзінің туып-өскен жерінің сұлулығы. Әдетте, сұлулыққа тәнті болған адам ғана құштарланады, іңкәрлік сезімге бөленіп, толғанысқа, қиял-сезімге бой ұрады. Бұл жайтты Ілияс та басынан кешірген. Бойындағы сезімтал қасиеті оның ойын сан-саққа жүгіртеді, қинайды, әбден қалжырап, бәлкім қасындағы өзін сезетіндей адам табылмағасын қолына қалам алуы да ғажап емес. Алғашқы өлеңдерінің бірінде былай деп жырлайды:

Ащы көңіл,
Тұщы өмір,
Төсек –темір, бар ма дос?
Қайғы баптап,
Ойды шақтап
Сырғанақтап жүрмін бос.
( «Шам-шырақ»)
Немесе:

«Жел жалауды желбірет!» деп, ішкі дерттті қалай шығаратын білмей дал болады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ілиясқа жас, албырт кезінде табиғаттың сұлу көрінісі ерекше әсер еткен. Табиғатқа іңкәрліктен туған балғын жырлары айналадағы тылсым сәт пен жарқыл қаққан өмір көріністерінен туса, кейінірек эпикалық шығармаларға батыл ауыз салады.

“Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі - табиғат лирикасы”- дейді, академик Р.Нұрғалиев өзінің “Арқау” атты монографиялық еңбегінде. “Туған жерін, елінің тау-тасын өзен – көлін беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытына нұр алып, сан алуан бояулары буырқанған ғажап суреттер салды. Бұлардың ішінде нақты географиялық адресі танылған (“Ағынды менің Ақсуым”), табиғаттың бір сурттегі көрінісін бейнелейтін (“Ақшам”, “Бұлт”, “Желді күн”, “Жазғы таң”),құбылысты көз алдыңа әкелетін (“Жауында ”, “Жел ”, “Тас”) сан алуан үлгілері бар. Натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылардағы ойлар, символдық бейнелер, ишарат образдар философиялық идеяларға жетелейді, көп мағыналы сарын- әуездерді тудырады”.

Шынында да ақынға суреткерлік, қылқалам шеберлігі секілді қасиетке ие болмай, ірі полотно жазу мүмкін емес. Ілияс өз бойындағы осы бір буырқанған қасиетті ауыздықтай ала алды ма?

-Жоқ !

Шынайы дарын тірі, көрікті табиғатты сезіне отырып оның тылсымынан шыға алмастан, оны мүмкін-қадірінше одан әрі игергісі келетіндіктен, қаламын сілтей берді.

Қазақ ортасында өлең өнері ертеден-ақ ерекше орын алды десек, табиғатты жырлау кенже қалған тақырыптардың бірі. Ілияс мұны сезінбеуі мүмкін емес. Сезінді де, осы тақырыпқа ерекше ден қойды.

Ілиястың табиғат лирикасына орай жазылған қай өлеңін алып қарасаңыз да, ондағы стил өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалып тұрады.

Өлеңіндегі эпикалық кеңдік, теңеу, эпитет, метафора, градация, эпифора, анафора байлығы оның поэзиясындағы негізгі белгілері десек, одан халықтыќ, фольклорлық леп ескендей сезіледі. Олай болуы заңды да. Халқымыздың құт- берекесі дарыған, көне заманнан даналық пен ақындық мекені болған Жетісу жерінің перзенті Ілияс бала күннен бастап өлең мен жырдың қойнауында туып, сонда өсіп-өркендеген. Нәтижесінде, нағыз халықтық пафоста, танымдық-білімдік тұрғыдан берері мол, этнографиялық ғылым саласына жақын жазылған өлеңді оқып тамашалайсыз.

Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан, екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши туырлық,
Он бес бау ішкі-сыртқы белдеу, желбау,
Тұскиіз көрпе, көпшік, шай шымылдық
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпет, көйлек, сәлі бөрік,
Самаурын, үстел кесе, шәйнек, шәугім,
Дөдеге, сандық, кебеже, ақ түндік...

Бұрын-соңды мұндай өлең жазылмаған. Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа серпін, жаңа үрдіс.

Бұл-өлең үлгісін Ілияс жас шағында жазған. Қазірде ұмытыла бастаған үй- жабдығын өлеңмен өріп, атауын атап, түсін түстеп беру Ілияс шығарамларын ерекше ажарландырады. Осы тұрғыда жазылған өлең үлгілері Ілияс поэзиясында кейінгі кезеңдерде берік орын алған.

«Жетісу суреттері» өлеңі Ілиястың ең айшықты шығармаларының бірі. Өз тұрғысында М.Әуезов бұл шығарманы бағалап, былай деген еді: «Мен Ілиясты бұрын білуші ем, өлеңдерін оқып жүретінмін. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындағаным сол «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін» дейді. «Жетісу суретінде» ақын 52 тіршілік иелерін атап өтеді. Өлең жолдары былай келеді:

Мінеки. Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық, бұқпас, сипті, шымшық,
Шапшақай, майлық, маубабұқа, шөже,
Тоқылдақ, сан–сапалақ атаулысы...

Ал аңдар атаулысы: сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан, қасқыр шибөрі, қарсақ, сусар, бұлғын, жанат таутеке, арқар, қарақұйрық, суыр, марал т.б. Жыртқыш құстар: тазқара, балтажұмар, құмай жұртшы, су бүркіт, лашын, тұйған, тұнжыр, тынар, мықи, ителгі, бәрпі, қырғи, тұрымтай, бидайық, бүркіт, тығанақ тағы басқа да құстар мен қазірде ұмыт болған ағаш-шөптердің атаулары өлеңде ерекше жарасым тауып, табиғи түрде орын тепкен.

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, сырғай, балғын, тораңғылар,
Сарыағаш, түйеқұйрық бауыр құрттар,
Қараған, бозқараған, шеңгел, шілік,
Сықылды ағаштардың талайы бар...» - деп, Жетісудың бай, шүйгін табиғатын жырға қосады. Тегінде, «Жетісу суреттері», «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетсудағы су суреті», «Жетсу жәндігі», «Жер түгі»,тәрізді бес бөлімнен, 333 жолдан тұратын көлемді туынды. Бұл шығарма асқан шебердің қолынан шыққан, құлпырып жайнаған, ерекше пафоспен жазылған қазақ поэзиясындағы еш қаталанбас құнды поэзиялық мұра.

Қазақ әдебиетінің құнарлы саласының бірі - поэзия болса, Ілияс сол құнарлы салаға бар күш-қуатын сарқа жұмсаған алпауыт ақынның бірі.

В.Г.Белинский Пушкин мен Лермонтов поэзиясына орай «Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір-поэзия дүниесі, осы құбылыстарды құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның жаны мен тетігі. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы мен сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні»- десе, бұл анықтама Ілиястың да поэзиясына қатысты айтылған сөз. Олай болатыны- жоғарыдағы атап өткеніміздей, Ілияс поэзиясы бастан-аяқ қазақтың халық әдебиеті мен халық тілінен нәр алып дамыған шығармашылық десек, оның тағы да бір қайнар бұлақ көзінің бірі-классикалық орыс әдебиеті. Бұл бұлақтан өз тұсында әуелі ұлы Абай сусындаса, сол Абайдың сан-салалы поэзиясынан Ілияс та үйреніп, өзіне тәлім алған.

Кейін жиырмасыншы жылдары Пушкин, Лермонтов, Крылов, Державин, Некрасов т.б. ақындардың шығармаларымен көбірек шұғылдана отырып, олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады. Сонымен бірге әлем әдебиеті классиктері Гюго мен Гейне, Гете, татар ақыны Ғ.Тоқайды, тәжік ақыны К. Лахутиді және басқа да дүние жүзі поэзиясының өкілдері мұраларының қыр-сырына үңіліп, одан үнемі үйреніп, үлкен ізденіс жасағаны Ілияс поэзиясының диапазонын кеңейтті.

Ілияс Жансүгіров поэзия әлеміне жастай келді десек, атап өткеніміздей, балғын, талапкер шағында Абайдың поэзиясы оған ерекше әсер етті. Әйтпесе, Ілиястың жас шағындағы «Құтырған күндеріндегі» өлеңдері әр-әр жерде айтылған жерінде қалып, көп мұралы сақтаусыз шашылып қала берген. Сол өлеңдерінің алғашқыларының бірі «Балдырған» атты жинақ дәптерінде енген Абайдың әсерімен жазған өлең нұсқасы төмендегідей келеді.

Салды бұлақ енді әнге,
Құйқылжытқан келді әнге.
Тау мен тас мұңданып,
Арғы мен салды бергі әнге.
Ағаш, тоғай қуанып,
Әкетті ертіп жерді әнге.
Жан-жануар таңырқап,
Тамсандырды елді әнге.
Тоқсан толғап қайырып,
Тоқтады барып әреңге...» - деп жырлайды. Мұнда не ұйқас, не форма, не өлең өлшемдері сақталмаған. Бұл Абайға дейінгі өлеңдері. Бұдан кейін, өзі айтқандай, «... Абай артық әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-қайта тоймай оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік,сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім. Жазуға талабым оянды, Келсе де келмесе шұқылып, өмірді өлең қыла бастадым...»-дейді.

Ақын поэзия әлеміне 18 жаста келеді. Оны дәлелдейтін мына факт. 1958 жылы Қалижан Бекқожин «Халық өмірінің өрен жыршысы» деген мақаласында: «Біздің әдебиетшілеріміз Ілиястың ақындық өнер адымы 1919-1920 жылдардан басталды деп келді. Бұл қазір теріске шықты. Алматының Пушкин атындағы көпшілік кітапханасының архив қорынан жуықта ғана табылған Ілияс Жансүгіровтің өз қолымен жазылған екі өлең дәптері ақынның өлеңді 1915-1916 жылдардан бастап жазғанын дәлелдейді».

1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген «Бес томдық шығармалар жинағында» Ілияс Жансүгіровтің бұл томында ақын өлеңдерінің жазылу хронологиясына қарай жасалумен байланысты, оның «Күзгі гүлге» өлеңімен ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров творчествосы 1915-1916 жылдардан басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР Мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді өзгертіп, оның творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр». Бұл ақынның өз қолымен жазған «Балдырған» және «Қызыл жалау» атты өлең дәптері. Яғни, сол дәптерінде жоғарыдағы аталған «Күзгі гүлге» өлеңі 1912 жылы жазылған . Ал баспа бетін тұңғыш рет 1917 жылы «Сарыарқа» газетінің 15-сі мен 22 тамызы күнгі «Тілек» және «Сарыарқаға» деген атпен жарық көреді. Ілиястың бұдан кейінгі шығармалары баспасөз беттерінен жиі шығып, творчестволық өсу эволюциясы басталады. Осы кезеңдегі поэзияның денін былай деп көрсетеді: «Мен төңкерістен әрі жерде хат шығарып, қисса оқудан артық сауатым болмаған ауыл наданымын. 1917 жылдың тұрғысындағы бостандық пен көбейе бастаған газет-журналдар мені үлкен жазуға еліктірді. Еліккенен еш нәрсе шығара алмадым.. 1921 жылы «Жас Алаш» газетінде 22 мартта шыққан «Жас замандастарға» деген бас мақала менікі және сол нөмірде «Жалпы жасқа» деген өлеңім де басылды. Менің алғашқы баспасөзге шыққан, бірінші шыққан мақалам осы»-дейді.

Жоғарыда аталған «Сарыарқа» газетіндегі басылған жырларын атамағаны ол өлеңдеріне көңілі толмаса керек. Бұл Ілиястың әлі де болса ақындық шеберлігі толыспаған, өзіне сенімсіздеу, сыни көзқарас танытатын тұс.

Осы кезеңге орай Әбділда Тәжібаев Ілияс поэзиясы жөнінде төмендегідей тұжырым ұстанады:

«Біздің байқауымызша, мүмкін үстірт те болар, Ілияс Жансүгіров лирикалары үш басқышқа бөлінеді, әрине шартты түрде: Бірінші басқыш: Ілиястың әлі өзін таппаған, өзгелерге көбірек ұқсайтын тұсы.

Екінші басқыш - Ілиястың өзін-өзі таба бастаған, бірақ ақындық мәдениеті жетіспегендіктен өлеңдерінің әрі шұбарлаң, әрі шұбар тұсы.

Үшінші басқыш-Ілиястың жас жағынан да, өнерлілік жағынан да толыққан, өлеңінің түрі мен мазмұнын келістіре тауып, лирикалық жырларына эпикалық қуат берген тұсы»,-дейді.

Ілияс әр тұста да өз творчествосына аса жауапкершілікпен қараған болса, Ә.Тәжібаевтың көрсеткенідей, алғашқы басқышта «Әлі өзін таппаған, өзгелерге ұқсайтын» кезеңді басынан өткерген. Бойындағы қасиеті - қаншама білімі биіктеп, өлең жырлары мен шығармаларын халық сүйсініп оқып, құрметтесе де өзіне көңілі толмаған. Үнемі өзіне сын көзбен қарап, туған әдебиетіне де жанашырлықпен сезімін әрдайым айқындап отырады. Енді бір 7-8 жыл өткесін өз-өзіне келген ақын сол тұстағы әдебиетте белең алған дөкір социализмнің оралымсыздықтары, кезең идеологиясын жақтаған шикі, талғамсыз шығармалар туралы ойына қаншама тұсау салса да, қажетті жерде аяусыз сын айтатын сәт те туады.

«....Бірқатар құрғақ жасасындар , рапорттар жазылады. Колхоз, совхоз, тракторды жалпылап, жасасындар, науқан жайында өлеңмен үлкен рапорттар, ұзын-ұзын поэмалар мен баталар беріліп жатты. Оны ел сүйсініп оқыған жоқ, қайта жүрегін айнытты.

Сөйтіп, біз сол екі жылда, 1930-1932 жылдың ішінде әдебиетіміздің, әсіресе өлеңдердің құнын арзандатып, сапасын төмендетіп алдық. Менің «Социалдық ауыл», Сәкеннің «Социалистан», Сәбиттің «Көмір-коммунизм», «Алатаудың алыбының» қақ жартысы, Бейімбеттің «Рапорт», Қалмқанның «Екпінді», Асқардың «Құрылыс», Мәжиттің «Құрылыс жыры», «Социализм жыры» деген жинақтары, Тайырдың «Коммунизм таңы», Ғалымның «Балға-орағы», «Доңғалағы», Исаның «Колхоз, Совхоз», Жақанның сол жылғы өлеңдері, Өтебайдың «Ақ алтын», «Қара алтындар» тағы басқалар-сапасы төмендеген шығармалардың белгілері. Бұларда адамды жырлаған мазмұн, тартыс жоқ, тек жалпылау «Көп жасасын» болды. Адамды көрмей, ауылдан қашып, тек «трактор», «аэроплан», «бесжылдық», деп жалпыларп, жауыр поэманы көбейтіп алдық.

Поэзияда әлі жемісі көркем, тілі бай, мазмұны күшті үлгілі өлеңдер жоқ. Қызықты тартыс жоқ. Өлеңге жан бітіретін лирика жоқ..» деп, құрдас қаламгерлердің көркемдік кемшілігін жасырмай ашық айтады да, әдебиет сыншысы есебінде қаламы уытты екенін танытады.

Көздеген мақсаты - қазақ әдебиетінің жарқын болашағы, шығармалардың көркемдік аясының кеңеюі, образдардың айқын ашылуы, реализмнің кең өріс алуы, жалпы әдебиеттің дамуын жеделдету еді.

Ілияс-өзінің әдебиет әлеміне келіп, өмірінің соңына дейін 20 жылға, творчестволық кезеңіне дейін күшін сарқа мол еңбектенген қаламгер. Ілияс-өз заманың көкейтесті кез келген әлеуметтік мәселелерге үн қосып, өз дәуірінің болмыс - бітімін жан-жақты бейнелелеп, жырлап өткен ақын. ХХ ғасыр басындағы қазақтың ағартушылық-демократиялық бағыттары қаламгерлердің оқу-білімге шақырған идеялық ой-толғамдарына ұқсас «Жаңылғаным», «Талғамалар», «Маңым», «Жыбырлық», «Замандасқа» атты өлеңдерінде төңкеріске дейінгі надандық пен жоқшылықтан шығар бір жол - оқу-білім екеін айтып, сонымен қатар адами - моральдық мәселелерге ден қояды.

Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!
Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас!-

«Жыбырлақ» өлеңінде де қазақ ішіндегі жаман әдеттен ада болуға шақырады.

Сынға салдым
Шынға салдым,
Жас талапкер өзіңе,- деп, одан арғысын әр жастың өз таңдауына береді. Ортаға ұран, үміттік әуез сарындас өлеңдерінде де ел теңдігі үшін жан аямай күресуге, әлеумет пен қоғам ісіне адал, белсене араласуға шақырады. Бұл тұрғыдағы шығармаларға «Жастар ұраны» (1922), «Тілек» (1922), «Жанар тау» (1922) т.б. өлеңдері жатады.

Әйел-еркек, жалпы жас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!...
Топтал, тұтас, туғандас!
Жасасын еркің! Жоғалмас.
Жамырас, үлес, жалпы жас,
Қосыл, қозғал, қоғамдас!

Ақын ертеңгі болашақты бүгін ойлау қажет деген идеяны жастарға арнайды. Жарқын күнге жету үшін, өмірде өз жолыңды табудың қажет десе, бірде өз жолын әлі таба алмаған, алдына мақсат қойған жеткіншектерге «Жастар», «Саналы жастарға», «Баласынан анасына хат», «Оқимын » деген өлеңдер тобын жазады.

Қазақстанда кеңес өкіметі орнаған алғашқы он шақты жылдың ішінде күннен-күнге, жылдан-жылға үздіксіз өсіп, жетіліп келген қазақ әдебиетінің сан-саласы тақырыптарының бірі төңкеріске байланысты жырлар. Ол кездегі қазақтың жазушыларының бұл тақырыпты жырламағаны жоқ. Қазақ өміріндегі барлық өзгерістердің негізі Қазан революциясы екенін сезінген жас Ілияс, нендей тақырыпты алса да, оны сол төңкеріс тұрғысынан қарастырып тұрады. Бірақ бұл тұста жас қаламгерде айналадағы болып жатқан өзгерісті толық танымағандықтан, онша терең түсінігі болмауынан, сонымен бірге творчестволық тәжірибесінің аздығынан кейбір кібіртік, сенімсіз аяқ алысы да байқалады. Бұл жолда оның поэзия талаптарын толық түйсінбей, екпінді сөздерді бірінің үстіне бірін тоғытып, жарқыл мен жаңа леп тұрғызуға дыбыс екпінін ойнатуға күш салады.

Тілі қаншама бай, ақындық қуаты аса мол бола тұра, өлеңдерінде композициялық бостандық пен ой үстірттігі аңғарылып қалады. Мәселен, 1924 жылы «Желді күн» атты өлеңінде әмеңгерлік салт бойынша еріксіз шалға тигелі отырған жас әйелдің жан-күйін суреттеу үшін ақын күңіренген желге шулаған шөп, ызылдаған бұтаны қосып, өлеңге эмоциялық реңк сапары созылып, көркемдік қасиеттен айрылып қалады.

«Жел мен келіншек жылайды,
Келе ме деп большевик!
Даттап аруақ, құдайды,
Жел де, келіншек теңселеді» - деп, ұйқассыз аяқталатын өлең, Ілияс поэзиясына көрік беріп отырған жоқ.

Жас ақын поэзиясында ара- кідік болса да кездесетін тағы да бір жайт лирикалық өлеңдерге жанаспайтын ұғым мен түсінікті ауырлатанын, поэзиялық айқындықтан алыс тұрған сөздерді қолдану, эпикалық жырларға тән кесек сөйлемдерді қолдану, эпикалық жырларға тән кесек сөйлемдерді үстемелей бере пайдалануы өлең ішінде сөздің образдық қуатын әлсіретеді. Мысалы, мына төмендегі өлеңді алайық;

«Жайлауым желді қарағай,
Жайлауында елі жарасқан.
Жанымда жайлау жағалай,
Жанса, қалай жақ ашпан?»

Мұнда ақын дыбыс үдестігі мен аллитерацияны пайдаланғысы келгенімен, үш рет қайталанатын «Жайлау» сөзі өлең ырғағына ауырлық туғызып отыр, әрине оқу түсіну де қиын.

Ақын өз кемшіліктерін іштей сезінетін секілді. Әйткенімен, жүре келе халық ішінде ағарту жұысына араласуы, баспасөз жұмысына белсене қатысуы нәтижесінде қаламгердің тәжірбиелік білімі толығып ұғымы ұлғаяды, төңкеріс тарихи орны мен өз өмірі туралы философиялық көзқарасы едәуір дәрежеге көтерілді. Осы тұста оның Мәскеуге оқуға аттануы да бекер болмас керек.

Ілияс өміріндегі бұл кезең аса жауапты кезең. Қанша талабы мен таланты болса да, өзінің ішкі олқылығын сезініп, онша алысқа ұзай алмайтынын түсінеді. Басты кедергі- оқудың, білімнің аздығы аяғына тұсау сала берді. Осы кезеңді былай деп жазады: «1923 жылдың басынан «Тілші» газетінің бір жазушысы болдым. Менің қалам қызметіне айналысқаным – осы 1923 жылдан. «Тілшіде» мақала, оқшау өлең жаза бастадым. «Жетісу әйелі» деген бір журнал шықты. Онда бір өлең, бір әңгімем басылады. Сол «Тілшіде» күні бүгінгі шейін жазып тұрам. Тәшкендегі «Жас қазақ», «Сана», «Шаншар» журналдарына материалдар жібере бастадым. Бұлардың басылғандары да, басылмағандары да болды.

Әлеуметтік қызметіне кеткендігім, Жетісудың облыстық атком мүшесі, ағарту бастығы, институт басқарушысы, газет шығарушы ... білім аздығы, надандығым басымдағы діңкеме тие берді. Оқуды қатты аңсай бердім. Аяғында 1925 жылы күзде тілегім бойынша Жетісудың партия ұйымы оқуға жіберді. Мәскеуге келіп осы күнгі оқып жүрген мемлекттік журналистер институтына түстім.

Тәшкенде алты ай оқыдым ГИЖ–де оқығалы – 3жыл . Барлық тізе бүгіп оқығанымды санағанда 38 ай оқыған болам»,- дейді.

Мәскеуде оқып, өзінің теориялық және тәжірибелік білімін толықтыра келе, идеялық тұрғыдан тез есейіп, жаңа суреткерлік соны биікке еркін көтеріледі. Осы тұста ақындық аяқ алысы да төселіп, поэзияның эстетикалық мазмұны мен түрі тереңдей түседі.

Алдымен өзінің туған табиғатын жырлаған ақын, кейін Жетісу жерін, одан кейін тек Қазақстан жерін жырлаумен шектеліп қалмай, Ресейдің кең байтақ даласы мен орманын жырға қосады. 1927жылы жазған «Ресей жері» өлеңінде кең толғанған ақын, орыс жерін өзінің туған жерінен кем көрмей, майда мақпал торқадай қара топырақты, қыздың қола шашындай томсарған тоғайды, кілегей күрең тортадай бұлты бар орыс жерінің әсем суретін салып, ондағы адамдардың еңбекшілдігін үлгі етіп, сүйсіне жырлайды.

Достық, бауырмалдық, туысқандық, интернационалдық сезімге толы өлеңдерінің ішінде «Ұштасқан үш тілек», «Заводта», «Мәскеу-Қазақстан» ақынның үздік шыққан туындыларының белгісі. Ақын осы асыл сезімдерін поэзия тілімен сомдап, жайнатып көрсеткен, «Мәскеу-Қазақстан» ұзақ сюжетті өлеңінде даладағы жаңа өмірдің жайнай түсуіне тікелей қолғабысын тигізбек боп аттанған жұмысшылардың ішкі толғанысы, оларды қарсы алған қазақтың ен даласы әдемі суретпен, терең толғаумен әсерлі берілген.

Кеңес заманының тұсындағы халықаралық жағдай мен жер жүзілік оқиғалар - әр уақытта да ақынның көңілін аударып келген басты тақырыптардың бірі. Бұл Ілияс Жансүгіровтің қалам жұмысына араласқаннан бері үнемі жазылып жүрген, оның поэзиясынан әжептәуір орын алатын тақырып. 1922 жылы «Тілші» газетінде «Саясат қошқарлары» деген сықақ өлеңінде Батыс Европа елдерінің ала ауыз дипломатиясын мазақтаса, 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналындағы «Қос аяқ» өлеңінде билеуші таптарды сұм жылан образына теңеп, сынап – мінейді. 1926 жылы мамыр айында Ұлыбританияда күшпен басылған көмір кеншілерінің көтерілісіне «Кім үшін?» деген өлең арнайды. 1925 жылы «Тілші» газетінде «Коммуна» атты өлең жазып, бастырады. Бұл туындысында ақын Париж коммунанасы қаһармандары бастаған ұлы істі Кеңес одағы жалғастырып, іске асырғанын, сол идея дүние жүзін нұрға бөлегенін айтып, жырға қосады. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде атақты француз ақыны Виктор Гюгоның «Қырғында» деген революциялық өлеңін қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарады.

Эпикалық поэзиядағы халықтың тарихи өмірінің бейнеленуі

Ілияс Жансүгіровтің ұзын сарынды эпикалық поэмалары қазақ тарихындағы елеулі кезеңдерді, ел басындағы қуаныш пен ауыр күндерді, әр заманда өмір сүрген адамдар өмірін жырлауға арналған. Өнер тақырыбындағы алғашқы «Күй» атты поэмасын 1929 жылы жазды. Сырттай қарағанда, бұл поэмада халық жадында сақталған «Боз інген» аңызы толғанатын сияқты. Ал, үңіле зер салсақ, поэма арнасы сол аңыздан кеңірек. Поэма ертедегі халық дарынының құдыреттілігін, адамның жан дүниесін тебірентетін сиқырлы эстетикалық күшін танытуды мақсат еткен. Ақын алдына қойған ол мақсатын орындап шыққан. «Күй» - лиро-эпикалық шығарма. Поэманың сюжеті бар. Сол сюжетпен қиюласып, тамырласып жатқан лирикалық шегініс те мол. Баяндау, суреттеу қатар жарысып, поэманың жалпы бітімі сындарлы болып шыққан.

Поэманың сюжеті «Боз інген» аңызына негізделген. Поэмада қобызшы Молықбай шалдың айтқаны дей отырып, сол аңызды бастан - аяқ түгел әңгімелеп береді. Халық аңызының идеялық-көркемдік жүйесін сақтай отырып, ақын өзіндік айтпақ ойды да анық аңғарта кетеді. Мәселен, Бағылан бай мен оның серіктері дағдарып отырғанда, оғанақыл тауып беретін – жетім тазша. Аңыздағы да, поэмадағы да жетім тазша – халық өкілі. Бұл жердегі идеялық түйін айқын. Зеректік, білгіштік, ақылдылық – сол дәуірдегі еңбек адамдарының - халықтың бойында деген пікірді білдіру. Сол пікір поэмада айқын өрнектеліп, оқырман зердесіне құйылып жатады.

Поэма кейіпкері қобызшы Молықбай шал да – халық өкілі. Оның бойындағы бұқыраған өнер – халық жасаған ғажайып өнер көрінісі. Поэманың идеялық нысанасы осы бір түйінге саяды.

Ақын көне өнердің иесі «бақайшағы маймаңдаған жорға» Молықбай шалдың қартайған шағындағы портретін келісті бейнелейді:

“Жар қабақ, сида, арсақай сар шұбар шал
Жарықшық, үні тозған, қаңсыған шал”.

Осы «еңкейіп екіндідей күні кеткен» шалдың қобызбен «Ақ көбік» күйін аңыратуын, «Боз інген» күйін күңірентуін, «Көк көбік» күйін күрілдетуін, «Ер Әлінің дүлдүлін» дүрілдетуін ақын шабыттана толғайды. Ақын қобызда тартылған күйді де, сол күйді тартушы қобызшының өнерін де үлкен шеберлікпен тамылжыта суреттеп берген.

“Бас бұрап, төрт түкіріп, толғап тоғыз,
Қозғалар «құлақ күйден» жосып қобыз.
Көтерген көк түндігін күй өргегі
Құлатып асқарда – ағын, мәңгіде – мұз.
Ызғыған ызғырық күн, құлдырап қыл,
Алатау, әсем бұлақ сылдырап тұр.
Қиқылдап қырда – қызғыш, көлде - қаз-қу,
Қыңқылдап таңдай қаққан талды бұлбұл.
... Кейде күй талмаураған, толықсыған,
Кейде өжет, кейде долы, албытсынған.
Кейде паң, кейде дарқан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған”.

Міне, бұл ақын суреттеп отырған қобыздағы күйдің бейнесі. Әдетте, тартылған әдемі күйдің сазын сөзбен жеткізу мүмкін емес дейміз. Бұл рас. Қобыздағы күйдің әсерін, оның мазмұнын айтып беру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұған ақын болу керек. Ақын болғанда қарабайыр ақын емес, дүлдүл ақын болу керек. Ал, І. Жансүгіров күйдің суретін әсерлі өрнекпен беруде ерекше талантын айқын танытты. Күйдің «кейде талмаураған, толықсыған» шағын, «кейде өжет, кейде долы, кейде паң, кейде дарқан» қалпын дәл бейнелейді. Бүкіл табиғаттың тамылжыған жанды келбетін, адамдардың көңіл күйінің алуан сырын бейнелеген ғажайып күйдің әсерлі толқынын ақын аудармай, қаз-қалпында бере алған. Ақын жырының өзі де әсем бір сазға айналып, оқырманның құлағынан кіріп, бойын алып кетеді. Күйді, сол күйдің құдіретін жеткізіп айта білген тіл өнерінің асыл қасиетін танып,тамашалай түсесің. Халықтың сондай алтын қазынасы болған ғажайып күйлерді орындаушы, қолынан өнер тамған қобызшыны да ақынның шабыттана, әсерлі суреттегенін көріп, қайран қаласың.

Қобызшыны Молқыбай шалдың «Боз інгенді» боздатқан өрен өнерін жеріне жеткізе толғай отырып, ақын сол күйді тыңдаған шақтағы адамның алатын сиқырлы әсерін әдемі де шебер суреттейді.

Туған халқының рухани байлығын, күш-құатын танытатын күй өнеріне де, сол күйді сақтап жеткізуші қобызшы өнерпазға да ақынның ризашылығында, жүрек махаббатында шек жоқ.

Тұтастай алғанда, «Күй» - ақынның тарихи тақырыпқа поэма жазудағы алғашқы творчестволық сәтті ізденістерінің жемісі. Жоғарыда айтылған кейбір қайшылық-олқылығына қарамастан, «Күй» - қазақ поэмасының тарихындағы өнер тақырыбына арналған алғашқы сәтті туындының бірі.

Ілиястың 1934 жылы жазылған «Күйші» поэмасы қазақтың эпикалық поэзиясындағы елеулі құбылыс болды. «Күй» ақынның поэма жанрындағы өнер тақырыбын қозғауының басы, әдемі бастамасы болса, «Күйші» соның сатылы, заңды жалғасы еді. «Күйшіде» ақын өнер тақырыбын өрістете түсті. Көркемдік шешімі тұрғысынан қарағанда, ақын ілгеріледі. Сюжеттік, композициялық, образдық, тілдік шеберлік бағытында ақын алғашқы поэмасынан гөрі «Күйшіде» өсу, биіктеу үстінде болғанын толық аңғартты.

Поэма басында Арқадан көшіп, Алатауға беттеген хан Кененің ордасы бейнеленеді. Халық жиналып, ханға қошемет көрсетіп, той жасайды. Біреулер ерулікке бие сойса, біреулер ат сыйлап, мәре-сәресі шығып жатыр. Көп халықтың ішінен не берер малы, не сыйлығы жоқ, жалғыз шешесі бар кедей жігіт күйші келіп, дүйім жұртқа күй арқылы қуаныш, ләззат сыйлайды. Рахаттан кім қашсын? Кененің сылқ-сылқ күлген сұлу қарындасы Қарашаш Күйшінің рахат берер күйлеріне тәнті, соған ғашық болады. Осы тұста шығарма желісі оқыс оқиғаға тап болады. Күйшінің майталман өнерпаздығы өзіне пәле болып жабысады. Ол туған ел мен жерін, шешесін тастап, Қарашашқа күй шертіп, рахатқа батыру үшін басы бүтін құлдыққа берілмек. Күйшіге бұл ауыр тиген соққы. Әрине, қара жұмыс істемейді, тек Қарашашқа күй тартып беру керек. Осы сәтте еркіндік, бостандықтан айырылған күйші ескі сарынды, қайғылы, күйінішті күй тартып, мұңға батады. Оның бүкіл әуенінен қуанышты леп су сепкендей басылған. Азаттықтан айырылып, жарым көңіл күй кешкен өнерпаз, көп ұзамай тағдыр жазуына мойын ұсынып, Қарашаш отауына да үйренеді. Үйренгені аздай «қара қас, қалың қабақ, ордадағы сырықтай, бойы сымдай, балға ашытқан қымыздай» ханшаға сезім көңілі оянып, ғашықтың дертіне ұшырайды. Осы тұста Күйшінің күй ырғағы да сезім толқындарына толып, ұшқыр қиялды елестететін, түлкі алатын құмайға, аңға шапқан тазыға айналып, шат-шадымын, шабыт шақырар әуенге бет бұрады. Күй тартқан күйшінің ішкі тебіренісі Қарашашқа әсер етпей қоймайды. Күйшінің домбырасынан төгілген күй тасқыны қыздың көз алдына фантастикалық бейне, көріністерге айналып, дегбірін алады. Өйткені, Күйшінің ой-қиялы шексіз, бірде самал желге айналса, қыздың бетінен өппек, суға айналса, шомылдырмақ, қымыз болып сусынға айналса, сұлудың ернінен сүймек, ал алтын, күміске айналса, қолынан білезік болып тағылып, жүрек лүпілін сезбек. Домбыра пернесінен төгілген күй Қарашашты тебірентіп, есінен айырады, Күйшіге қосылмақ ойы да болады. Бірақ ол ойынан тез қайтады. Хан тұқымын қалай былғамақ.

Ендігі тұста сюжеттік желіге мына жайт тап болды. Түн мезгілінде Әлімқұл датқаның ерке, сері баласы Сапақ Қарашашты оятпақ боп қасына барғанда, ұйқысы сергек қыз оянып, көзін аша сала, Наркескенге ұмтылады. Ашуы бұрқ-сарқ қайнайды. Ел-жұртты аяғынан тік тұрғызады.

Ғашық дертіне шалдыққан күйші көрген түсіме, әлде өңі ме, сон біле алмай әрі-сәрі күй кешеді. «Қызды оятқан өзім шығармын» деп ажал құрығына даяр тұрады. «Зәнталақ! Пері қаққан! Сен жүрсің бе!»– деп күйшіге тап берген жендетті қыз тоқтатып, «Тиіспе менің күйшіме, оны істеген ол емес, Әлімқұлдың шолжаң ұлы» деп зекіп тастайды.

«Күйші» поэмасының қозғайтын негізгі мәселесі қазақ халық күйлерінің – күй өнерінің ғажайып сыр-сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету десе де болғандай. Міне, осы бір халықтың рухани байлығын тіл өнерімен әсерлі толғаған ақын поэмасында сол құдіретті өнерді жасаушы авторын да үнемі есте ұстап отырады. Ақын ғасырлар бойы жасалған рухани байлық – күй өнерін жасаушы халық, халықтың дана дарыны деп дұрыс түсінеді де, сол халықтың нақтлы өкілі ретінде үйсін руынан шыққан күйші жігітті алады. Күйші жігіт те поэманың орталық кейіпкері. Ұнамды кейіпкер.

Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік сапасы аса жоғары. Сонымен қатар, идеялық мазмұны да терең. «Күйші» кезінде де, кейін де идеялық қадір-қасиетімен жарқырап көзге түседі. Қазақ поэмаларының тарихындағы аса көрнекті туынды ретінде бүкіл жұршылыққа кеңінен танылған, оның халықтық шығарма – асыл рухани байлық екені хақ. Сондықтан да, «Күйші» поэмасы Ілияс талантының шарықтаған шағының тамаша туындысы.

Қазақ поэзиясының тарихында ерекше орын алатын тіні мықты шығарманың бірі – «Дала» поэмасын Ілияс Жансүгіров 1930 жылы жазған. Оны алғаш «Еңбекші қазақ» газетінде бастырған. Поэмада ақын қазақ халқының образын далаға балап жырлаған. Көбіне ишарат, символдық мағына беретін философиялық тереңдігі бар сөзбен көрсетеді. Поэманың басты кейіпкері - әр заман аңғарында зар шеккен, өмір үшін күрескен халық. Халықтың басынан кешкен тарихи оқиғаларды толғау үшін қолайлы тәсіл ретінде шығарманың өн бойында араласып отыратын бір қария адам бар. Поэманың басында, ол былай деп жырлайды:

“Көпті көрген бір кәрі,
Талай-талай заманнан,
Тепкі көрген қыр жалы,
Дөңде отырады осы кез”-
деп, поэманың қорытынды бөліміне «тарих дейтін шал болам» деп аяқтайды.

Поэманың сюжеттік желісі осы қарт адамның шежіресіне құралған. Ақын оны тарихи-философиялық тұрғыдан көрсетпек болып, оған аңыз, ертегі, көркем баяндау мен айшықты образдарды астастырып беруге күш салған. Оның бедерлерін поэманың тарауларына берген атаулардан айқын көреміз. Мәселен, әр тарауға «Ақтабан», «Құл көгені», «Құрбандық», «Сандал», «Бостандық», «Аласапыран», «Айдау», «Той бастау» деген атаулар беріп жырлайды.


Поэма 1730-1930 жылдар арасын, яғни 200 жыл уақытты толығымен шолып айтпақ. Осы ұзақ уақыт ішінде орасан зор кеңістікті алып, нақты сурет, картина арқылы ықшам, қысқа да нұсқа жырлап, бүкіл бір елдің тарихын алдыға жайып салады.

«Ақтабан» тарауында жау шапқанда азан-қазан болып үріккен халықтың ұлардай шулап, шұбырынды күй кешіп, қайың сауып, ши шайнап, бақа, жылан қақтаған оқиғасына кезіксек, «Құл көгенін» оқығанда, көгендегі шал мен баланың ыңырсыған зарын естіп, «Құрбандықта» қорлыққа шыдамай, Еділге түсіп өлген тұтқын қыздың бейнесі көз алдымызға келеді. Ал «Отар жорығында» отаршылыр мен өз елін қоса тапқан қазақтың билеуші табының жасаған қорлығы мен озбырлықтарынан зар илеген қарапайым халықтың қайғы-мұңы сезіледі.

Тұтастай алғанда, революциядан бұрын жат жұрттық отаршылдық тепкісі, шапқыншылық, таптық езгіден құтылып, жоқшылық, сауатсыздық, мешеулік атаулыдан арылып, өсіп-өркендеу жолына түскенін ақын шабыттана жырлайды.

Сонымен , «Дала» поэмасы көркем тарихи, қазақ халқының шежіресі іспетті шығарма деп қабылдасақ, ондағы ел өмірін жырлаған кезіндегі ақынның аңқылдаған желдей екпіні мен қарқыны өлеңге көтеріңкі үн мен қуат беріп, шығарма шырайын күшейтсе, екіншіден, оқиғаның тарихи шынайылылығына көз жеткізеді. Поэмада бұлтартпас қоспасыз тарих беттері мен поэзиялық қанат бітірер күш-қуат астасып, шығармаға ерекше жарасым берген.

«Дала» поэмасы – Ілияс Жансүгіровтің тақырыбы маңызды, идеясы айқын, ал көркемдігі алуан үлгіде көрінетін тағылымды туындылардың бірі. Уақыт жағынан екі ғасырды қамтитын поэма ұлы даланың сыры мен мұңын, қазақ халқының даму тарихының бел-белестерін шабытты сәтпен де мазмұндық-көркемдік үйлесімімен де, ең негізгісі нақты оқиға-көріністері мен бейнелі образ, тілімен тартымды, жинақы жеткізеді.

Ақынның өнер тақырыбына жазылған тағы бір туындысы – атақты «Құлагер» поэмасы. Бұл поэманы ақын қазақ халқының ардагер ұлы Ақан серіге арнаған. Ақан сері – ХІХ ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол – дарынды композитор, ақын әнші. Өзі өмір сүрген заманының әр қилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген, оның әдеби, музыкалық мұрасы мол. Ақан серінің әдеби музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеу еңбектері бар. Сол еңбектердің барлығында Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетілген.

«Құлагер» поэмасы 1936 жылдың қараша айында «Социалистік Қазақстан» газетінің бірнеше сандарында жариаланады. Бұл ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы.

Сол газет нұсқасы бойынша пікір айтқан әдебиетші, сыншылардың сын-ескертпелерін ескере отырып, автордың поэманың соңғы нұсқасын кітап етіп шығаруға әзірлегені жөнінде М. Қаратаев былай дейді: «Ілияс Жансүгіровтің жазушылық қызметі 1937 жылы үзіліс тапты. Үзіліс алдында оның жазып үлгіргені – «Құлагер» поэмасын кітап етіп шығаруға әзірлеген толық, кемелді нұсқасы еді. Газет нұсқасы бойынша әдебиет ортасы поэмаға дән ризалығын білдірумен бірге, жақсара түсу үшін, бірқатар ақыл-кеңес айтқан болатын. Ілияс соның бәрін ескеріп, бірнеше ай бойы өңдеп, жөндеп, толыққан нұсқасын баспаға ұсынған кезде бұл нұсқа жарық көрмей қалды да, қолдан шығып кетті. Қазір жариаланып жүргені газет нұсқасы».

Зерттеушінің атап көрсеткеніндей, «Құлагер» поэмасының толыққанды, кемелденген соңғы нұсқасы қолға түспей жүр.

Поэмаға арқау болған оқиға – тараудың басындағы тұсында сері болсын, пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан және тұлпар ат Құлагер.

«Күйші» поэмасындағыдай, бұл поэмада да Ақан өмір сүрген заманға, қоғамға деген ақынның авторлық тенденциясы айқын. Поэманың толғану атты кіріспесінде-ақ Ілияс Жансүгіров Ақан сері өмір сүрген феодалдық заманға өз көзқарасын толық білдіріп өтеді:

“Бақ туын тұрғанда ұстап бүгін қазақ,
Көңілі судай тасып, оттай маздап.
Ескі күні елім көрген енді ойласам,
Көрінер кейде қорлық, кейде мазақ”.

Негізгі мақсаты – ескі өмір мен бүгінгі ұрпақты таныстыра отырып, сол шірік заманға өз замандастарының ыза, кегін өршіте түсу. Осылай толғана отырған ақын халқының ескі тарихын, тұтастай қаралап, мансұқтамайды да. Қанайшылар билеген сол қара түнек заманда еңбекші халық жасаған рухани асыл қазынаға да үңіледі.

Сырттай қарағанда, поэманың негізгі сюжеті Ақан серінің бір әніне ғана құралған сияқты. Ал, мұқият қарағанда, поэманың идеялық шеңбері одан да кеңірек. Сол бір уақиғаның керегесін кеңіте отырып, ақын бас кейіпкер Ақанның трагедиясын ашады. Ақан трагедиясы Ақан сияқты мыңдардың трагедиясы екенін жинақтап танытады. Ақан өмірін жырлай отырып, сол бүкіл феодалдық заманның зұлымдығын, ірік-шірігін әшкерелей түскен. Поэманың идеялық түйіні, міне, осында.

Мәселен, поэма сюжеті экспозициясы болып есептелетін «Ас» тарауын алайық. Ақан серінің трагедиясына себеп болған аты шулы Құлагер оқиғасы осы Сағынайдың асы үстінде өтеді. Ал, сол асты терең суреттей отырып, ақын әрі сол тұстағы әр түрлі әлеуметтік топтардың өмірін көзге елестетсе, әрі сол заманның әлеуметтік сыр-сипаты жайлы түйінді-түйінді пікір түйеді. Осы асқа тұлпарын мініп, Ақан да келеді. Ойы –Құлагерді бәйгеге қосу. Құлагерді алғаш рет көрген жұрт: «Бітімі ойқы-шойқы, салпы ерін, салбыр тірсек екен, жазық бауыр, сыйыр сүйек, ұзын тұрық екен, бұл ешқандай бәйге ала алмайды, бұған мініп қоян атса, қойшыға мінгізсе жарасар, ең дауасы – семіріп соғымға сою ғой» - десіп даурығады. Тұлпардың мықты тегін тек Күреңбай сыншы ғана танып «Бабында екен, бағы осы аста ашылар» деп баға береді.

Бәйгеге 1300 жүйрік қосылмақ. Олар Сырдың қыз-қарасы, Жарылғаптың жирені, Семейдің сұр сіркесі, Алатаудың Ақанаткері, Балқаштың бейпіл Бөртесі, Алтайдың серпінді Көктұйғы , Меруерт жалдас Шудың Ақсұры, серке санды Көкшетаудың Құлагері, Ұлытаудың ұбайы, Қаратаудың Құмайы – осының бәрін ақын әр жүйріктің нақты қасиетін тамаша образ арқылы береді. Осы суреттеулер мен бейнелерден белгілі ат сыншысы Күреңбайдың көзімен көрсетеді.

Поэманың басында осы сюжеттермен қоса асқа келген түрлі әлеуметтік топты да көркем тілмен бейнелеп өтеді.

Ет жеп, қымыз ішіп семірген образдарды қызыл көз, саба құрсақ, кебеже қарын болып келеді, семіздерін өгізге, бұқаға, қошқарға теңейді. Осы жайсыз образдарға қарсы контраста ақын Ақан серінің өнерін қояды.

Ақан бойындағы асыл өнер осы тұста ерекше сұлуланып кетеді. Оның көкейінен тәтті, мұңды, сұлу сазды әуендері бірінен кейін бірі асып, халықтың зор қошеметіне бөленді. «Ақ саусақ», «Үш тоты», «Ақмарқа», «Сырымбет», «Көкшетау», «Кербез керім», «Ой ерке», «Жайма қоңыр» әндері Ақанның көмейінен нақышты әуенде шығады. Ләззат әлемі, сұлулықпен астасып, әр тыңдарманға рахат сыйлайды.

Табиғатынан аңқылдақ, ешкімнің бетінен қақпайтын өнерпаз әнші, жүрегіне кек байлаған дүлей күш иесі, арамза Батыраштың ішкі ой-жауыздығын сезбейді. Ақын осы тұста қандай трагедия күтіп тұрғанын аздап болса да байқатып өтеді.

Ақан бәгеге қосылған Құлагердің тізгініндегі жетім балаға қамшы салмай, қалып та қоймай шауып отыр деген сөзінен мүлт кетпей зулап отырады. Жыланды өзегінен өткен соң атты өз еркіне жібергенде, Қусақ көлін айнала келе Құлагер Көктұйғынмен қатарласа шабады. Көктұйғын Батыраштың сәйгүлігі. Өзекке түсіп қайта қырға шыққанда алды Көктұйғын, екінші – Айтпақтың күреңі, одан кейін – Шорманның Бурылы. Ал Құлагер көрінбейді.

Өйткені, екі көзі қанталаған жендет, Батыраштың суық қол, ақбоз атты, қара киімді қарақшысы Қылта өзекте Құлагердің шекесіне айбалта ұрады.

Құлагер өлімі Батыраштан келгенін сезген халық селдей қаптап қара жүрек жауызды таптап жіберердей толқиды. Бірақ нақты айғақ табылмай дал болады.

Ал асыл Ақан айдалада Құлагердің басын құшақұтап көзінен қанды жас ағады.

“Шынымен кеткенің бе, Құлагерім,
Қасымда қасынысып тұрар едің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылар өлгенімше қайтып жерің ?...
Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар,
Соғып ем жан тымда, қанатым да,
Табылмас енді маған сендей тұлпар ! ...”-деп, зар қаққан Ақанның әйгілі шығармасының өз мәтінін ақын поэмаға дәл де орында кіргізген.

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас. Мәселен, оқиғаны басынан бастамай, аяғынан алып қарасақ та жеткілікті. «Туған жер» атты басқы тарауда ақын Көкшетауда жападан-жалғыз қайыңды көлеңкелеп отырған қара шалды, оның үстінде ілулі тұрған аттың қу басын әңгімелейді. Міне, осы әңгіме-жұмбақтың сырын айтпақ боп ақын шегініс жасайды. Бүкіл оқиғаны сол шегініс арқылы береді де, «Аттың азалы әні» деген соңғы тарауда баяғы алдыңғы тараудағы қара шал мен аттың қу басына қайта оралады. Поэма сюжетін құрудағы бұл қаусырмалы композицияны ақын шебер де ұтқыр пайдаланады.

Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы. Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.

Поэмадағы ақынның авторлық мінездемесіне қарағанда: Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып, зекет алып, дүниенің нәжісін бойға жаққан молда» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес. Поэманы оқып отырған оқырманның осы тұста заңды сұрағы туатыны аян. Ақан енді кім? Бұған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады:

“Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қрқынмен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден,
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген...
Кісі емескөп қатынды үйірлеген,
Болған жоқ бір пендеге тию деген.
Текті құс тазалықты қолына ұстап,
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген”.

Міне, осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көркемөнердің көрнекті өкілі – асқан өнерпаз ретінде көрсетеді.

Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет. Ақынның Құлагерді суреттеуі және оның қадір-қасиеттерін баяндауы бас кейіпкер бейнесін тұлғаландырып тұр. Ақан серінің Құлагері туралы және сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің хикаясы жөнінде ақынның поэма жазуы – қазақ поэмасының тақырыптық-мазмұндық арнасындағы ұлттық ерекшелікті де аңғартады. Атқа байланысты оқиға жайлы арнайы поэма жазуы ақынның өз халқының ежелден келе жатқан ұлттық психологиясымен тығыз байланысын танытады.

Ілияс Жансүгіров ауыз әдебиетіндегі, жазба әдебиеттегі дәстүрді тек қана жалғастырып қойған жоқ, өзінше өрістетті. Мәселен, Ілияс суреттеген Құлагердің Қобыландының Тайбурылынан, Алпамыстың Бйшұбарынан, Қамбардың қара қасқасынан, Төлегеннің Көкжорғасынан өзгешелігі бар. Ауыз әдебиетіндегі аттар әсірелеу арқылы берілсе, Ілияс Құлагерді әсірелемейді де, кейіптеп суреттемейді.

Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеалы. Оның түсінігінде ондай тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпіріне ұялаған әсемдік, көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап жүруі де екі талай. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол енді тірі өлік.

Сол заманның зұлым-күшінің нақтылы өкілі ретінде поэмада көрінетін кейіпкер – Батыраш. Ол – Ақан серіге қарама-қарсы бейне. Ақан серімен майданданға ашық шықпай, жар астынан бұқпантайлап келіп, өз арам ниетін іске асырады. Ашық әрекетке баспайтыны – ол Ақан серінің жақтайтын дүйім елден қаймығады, жасқанады. Батыраштың ұнамсыз кейіпкер екені оған ақын берген мінездемеден көреміз. Бір жерде ол туралы:

“Батыраш бала жастан атқа құмар,
Айқайшыл ат әперген баққа құмар.
Арам ой, атанамыс ұр-шоқпары,
Кір көңіл, сарайының батпағы бар”, -

деп сипатталған Батыраш. Осы Батыраштың зұлымдығы поэма оқиғасының шиеленісуі, әрі шешілуі үстінде көрінеді.

Ал, поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмалардағыдай, бұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқырманды эстетикалық ләззатқа бөлеп, бірден баурап алады.

«Құлагер» поэмасындағы ақынның көркемдік шеберлігі, тілінің аса шұрайлығы жайлы М. Қаратаев «Қазақ поэзиясының Құлагері» деген ғылыми зерттеуінде: «Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын, әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нәзік лирикалық сезім, серпінде, кең эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғыраған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мәнінде поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров творчествосының биік шыңы деуге толық дәлел бола алады» - деп түйген болатын. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер» - қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.

Қысқасы «Құлагер» дастаны ақын туралы, оның тағдыры десек те,оның негізгі өзегі – Ақан трагедиясы арқылы әлеуметтік орта және замана лебі, қуанышы мен қайғысы кең көлемде жырланған ірі лиро-эпикалық поэма.

Ілияс Жансүгіров қазақ поэзиясында қайталанбас, аса ірі, кең тынысты шығарма жазған эпик ақын. Соның дәлелі ретінде, дарынды ақын қаламын жоғарыда аталған поэмалары сарындас, сапасы да еш кем емес «Көбік шашқан», «Исатай», «Бақытты Жамал», «Мақпал», «Рүстем қырғыны», «Мәйек», «Кәмпеске», «Байкал» толғаулары басталған күйінде аяқталмай, жарық көрмей қалған. Кедергі болған жайт – оның нағыз творчестволық өрлеу жағында жазықсыз жапа шегіп, мерт болуы. Алайда оның тірі кезінде 20 жыл бойы жазып кеткен мол мұрасы қазақ әдебиетінің барлық сапасына үлкен үлес болып қосылып, мәдениетіміз бен өнеріміздің алтын қоры қомақтана түсті.

«Мақпал» поэмасының тақырып ауқымы мен оқиға өмірімен көлемді туындының табиғаты танылады. Поэма мазмұны әдебиет тарихында кездесетін, нақтырақ айтсақ Ұзақ пен Балтаның қарсы құда болуы, Мақпал мен Шабденбектің дос-жар жүріп, байланыстары сүйіспеншілікке ұласу, қазақ тұрмысының ауыр сәттері, әйел теңсіздігі тағы басқа мәселелерден қоғам жайы, адам мен уақыт арасындағы қатынас едәуір көрінеді. Кей тұстары «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасындағы Қарабай мен Сарыбайдың арасындағы қатынастар, классикалық мұралар мен Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қазақ дстандарының үлгі-үрдістері де танылады. Алайда, әлеуметтік теңсіздік сыры, адам портреті мен оған психологиялық мінездеме беру, көркемдік амал-тәсілдер талап деңгейінен көрінбеген.

«Рүстем қырғыны» - қазақ халық өміріндегі жаугершілік кезеңді – қалмаққа қарсы күресті, феодалдық дәуірдің керітартпа қақтығыстары азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрес болса, рулық кездегі адамға, малға байланысты күрес-тартыс ескілік көзқарастары, соның сарқыншақтарын танытады. Әсіресе, Найман мен Үйсін руының арасындағы қақтығыс, адам тағдыры,ел намысысын тезіне түседі.

«Исатай» поэмасында белгілі нарын қозғалысындағы еркіндікті, азаттықты аңсаған оқиға негіз болған. Исатай төңірегіндегі шаруалардың топтасуы, ортақ жауға деген ашу-ызалары сенімді өріс алады. Сондай-ақ, өнер иесі, кедей – Жалдықара мен хан тұқымынан шыққан Қарлыға арасындағы сүйіспеншілік, еркіндікке ұмтылулары сендіреді. Автор Исатай бейнесін төңірегіндегілердің ауыз бірлігін, ортақ жауға өшпенділіктерін нанымды ашады.

«Байкал» поэмасы Сібір халықтары арасында кеңінен тараған аңыз желісінде жазылған. Поэма оқиғасы Байкал есімді шал меноның қыздары төңірегінде өтеді. Мазмұны, Ангара атты қыз Енисей деген жігітке ғашық болады. Байкал оларға қарсылығын араларына тау-қорған қойып береді. Ангара басындағы ауыр жәйді Бұлақ сіңілілеріне айтып, солардың көмегімен жол тауып Енисейге қосылады. Ангараның Енисейге қосылып, Байкал көлінің дауылды сәттерін ақын адам өмірінің жастық сәтіме, өмірдегі, ордабасындағы көзқарас, тіршілік тынысымен аңыздық сюжет негізінде жеткізеді. Мазмұны тартымды, сюжеті қызық, әсерлі оқылатын бұл поэма – махаббат тақырыбын сәнді суреттеумен мәнді.

Негізінен алғанда жоғарыда еске алған поэмалар қазақ ауылының өмірін, ондағы таптық тартысты, жаңа дәуір адамның ой-санасын, елдік пен ерлік жолындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістерді танып-таразылауда берер дерегі, рухани нәрі мол.

Ілияс Жансүгіров әдебиет саласының басқа жанрларындағы еңбектері жетерлік. Сондай бір қыры – фольклористағы еңбегі. Жасынан өнерге жақын болып өскен Ілияс ел аузындағы әдеби мұраларға, сиқырлы сөзге ерекше ден қойған. Бала кезінде әкесінің әсері болса, өсе келе өз бетімен жинаған ескі әдеби мұралары, творчестволық өсу жолына көп қолғабысын тигізеді.

1933 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне басылған мақаласында былай дейді: «Қазақ ел әдебиетінің осы күнге шейін жүзден бірі жиналған жоқ».

Қоғамдық өмірдің ірі қайраткері, асқан дарын иесі Ілияс Жансүгіровтің творчестволық мұрасын аз сөзбен бағалағанда, ол – халқының мәңгі қадірлеп, ардақтауына, мақтаныш етуіне лайық, кесек поэзиялық мұра қалдырған ер тұлғалы нағыз азамат ақын.

Ілияс өзінің өмірбаянымен бірге, халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігін, салт-анасын, мінез-құлқын жан-жақты толғаған заңғар ақын. Қазақ халқы барда, егеменді еліміз тұрғанда ұлтжанды ұлы ақынымыздың аты биіктей түседі, даңқы асқақтай береді.

Қазақстан тарихындағы саяси-әлеуметтік науқан – қазақ жеріндегі ірі байлардың мал-мүлікін тәркілеу, өздерін жер аудару науқаны 1928 жылы басталды. Оған қызу ат салысқан творчествалық одақтар үгіт-насихаттық жұмыстарды жан-жақты жандандырып, өз тараптарынан үлесін қосып жатты. Әдебиет саласындағы өкілдер қалың қауымға үгіт-насихат жүргізу мақсатында өлең, әңгіме, очерк, дастандар мен деректі шығармалар жазып, көзге түсті. Ілияс бұл науқандық шараға арнап «Кәмпеске» деген шағын поэма жазды. Поэманың басты кейіпкері – Мұқан байдың дүниесін тәркіленген сәттегі ішкі психологиялық қиналысы бейнеленген. Мұқанның малының алынуын, жинаған дүние-мүліктің жалшы-жақыбайға үлестірілуін, зират басына апарып көмген тайтұяқ алтыны мен жамбысы ортаға салынып, шаңырағының ойраны шыққанын ақын фольклордағы жоқтау өлеңінің формасы арқылы шебер көрсете білген. Дүние-мүлік пен елден айырылып, жер аударылған Мұқан мен әйелі Ұлжан бөтен ел мен жұртқа бара жатыр, олардың сауық-сайран дәурені біткен, поезд бұларға адам жұтатын айдаһар болып елестейді. Ақынның мұндағы меңзейтіні – ескі элементтердің жаңа заманның жаңалығын қабыл ала алмайтыны, олардың ғұмыры бітіп, құрдымға кеткенін көрсету.

Коллективтендіру тақырыбына жататын тағы да бір ірі туындысы – 1922 жылы жазылған «Жаңа туған» поэмасы. Басқа шығармамалрмен салыстарғанда, бұл туындысында реалистік бейнелеулер мен образдық ой-толғамдар бояуы қалыңдау шыққан. Поэманың кіріспесінде қазақ даласындағы болып жатқан ұлы өзгерістерді айта орыра, көпшілік қауымның коллективтік еңбекке қалай кіріскенін баяндайды. Алғашында жеті үйден құралған артель болса, кейін адам саны көбейіп, колхоз дәрежесіне көтерілді. Міне, осы тұста колхоздандыру кезінде асыра сілтеу, шолақ, саяси шикі белсенділердің өрескел қылықтары, соңында қалың жұртты аштыққа апарған кезеңді ақын бүкпесіз, ашық жариялайды.

Ілияс Жансүгіровтің аталмыш тақырыпқа арналған «Мәйек», «Кеңес» атты поэмалары жазылған. Бұл циклдағы ой мен науқандық кезеңдегі актуалды саналатын тақырыптарды мейлінше ашық, батыл айту пафосы айқын көрініп тұр. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық ғұмырындағы әлі де болса анықталмаған, зерттелмеген жайттар барын айтсақ, оның соңғы нүктесін қоятын күн әлі ерте секілді. Соның дәлелі ретінде, дарынды ақын қаламынан шыққан, дүйім жұртқа белгілі, бұрындары таңдамалы туындыларында жарық көрген, «Көбік шашқан», «Исатай», «Бақытты Жамал», «Мақпал», «Рүстем қырғыны», «Мәйек», «Кәмпеске», «Байкал» толғаулары басталған күйінде толық аяқталмай, немесе жарық көрмей қалған туындылары қатарында болса, солардың ішінде сапасы жағынан еш кем емес «Қолбала» деген поэмасы да барын айта кеткен дұрыс. Кедергі болған жайт – оның нағыз творчестволық өрлеу жағында жазықсыз жапа шегіп, мерт болуы. Алайда, оның тірі кезінде жазып, жарыққа шығарған аталмыш мол эпикалық мұралары ішінде «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары қазақ әдебиетінің барлық сапасына жауап беретін, үлкен үлес болып қосылып, мәдениетіміз бен өнеріміздің алтын қоры қомақтана түскендігі кеше ғана еді.

«Қолбала» поэмасы жарыққа ақынның көзі тірі кезінде жарыққа шықпаған. Поэманың бір кейіпкері ретінде сурттелетін Ханкелді туғанынан сотқар, ұры, қайырсыз болып өссе, оның жайлауы Күзек, қыстауы Мойынқұм болып, елге жауша шауып, жайсыздық танытады. Сол елде «Қаракөз, аққұбаша жетім бала» өсіп келе жатса, оның аты «Қолбала» екені айтылады. Сол Қолбала өзі әнші, өзі әділетті болып өссе, ұрыларға туралықпен жөн айтқаны жақпайтыны танылады.Сюжеттің келесі бөлімі Сол Қолбаланың жайсыз түс көріп, оны Үш Қайнардын шыққан көріпкел Бәйтенге жорытады. Бәйтеннің жоруынша, Қолбаланың сақ болып, айналасына жіті көз тастауын өтінеді. Арада біраз уақыт өтіп, көп нәрсе ұмыт болады. Қолбаланы өзінің ұры Ханкелді бастаған ағайындары өлтірмек болып, «тойға жүр» деп алдамалап, Арал дейтін жерге апарады. Сол жерде мерт етіп, сүйегін құмға көміп кетеді. Қолбаланың әйелі күйеуі кешіккен соң сұрау салғанымен, одан еш нәтиже шықпайды. Кейін өлімнің арты анықталғанда, Ханкелдінің қасындағы баукеспе ұрылары құн төлеп, Қолбаланы ұмыттырады. Поэманың негізі қысқаша сюжеті осында.

Поэманың нұсқалары шамалауымызша, ауызша таралған болса керек. Сол айтылған сәтте қағазға түскендіктен, ондағы кейбір жолдар түсініксіздеу шыққан. Бұл әрине, дайындап газетке шығарған автордың кінәсі емес, оны естіген адамның жазуында болса керек.

Мәселен, поэма басында, алдыңғы нұсқасында: «Үшқайнар, Ақсу, Діңгек жүрді қыстап...» деп Үшқайнар жер аты болып қабылданса, ол кейінгі нұсқасындағы «Үш Қайнар» ру аты ретінде айтылған. Мұндағы ақынның айтпағы «Үш Қайнар» руының ол тұста Ақсу мен Діңгек жерінде қыстап жүргені айтылмақ. Сонымен бірге, кейінгі жолда «Шығады жайлауға да жаз жылыстап» деген жолды кейінгі нұсқасындағы «Жаз жайлауға шығады ел жылыстап» дегені дұрыс келеді. Ал кейінгі жолдағы алғашқы нұсқасындағы «Баласы Солтанбайдың үшеу екен...» деген жолдар мағынасы дұрыс болғанымен, оның екінші нұсқасында «Солтанайдың баласы үшеу екен...». Бұл жерде Солтанай ма, әлде Солтанбай ма? Ол жағы белгісіз? Осыны анықтау болашақтың еншісінде болмақ.

Сол Солтанай әлде Солтанбай ма? Соның баласы алғашқы нұсқасында «Қангелді», «Ханкелді» деп орфографиялық жағынан келгенде дұрыс оқылғаны орынды болар деген ойдамыз. «Қанекең» деп деп алғашқы нұсқасында, екінші нұсқасында «Ханкелді» делінген. Сол Ханкелді «Қайырсыз қанды, суыт, ылғи ұры» делінсе, ол «Қайырсыз, қаны суық, ылғи ұры» болуы керек. Себебі, «Қайырсыз қанды суыт, ылғи ұры» деген тұрақты тіркес қазақта қолданылмайды.

«Содан бері бірталай заман өтті, Күз кезімнің уағы келіп жетті» деген сөйлем түсініксіз. Ол «Содан кейін бір талай заман өтті, Күз күземнің уағы келіп жетті», яғни «күз кезімнің» емес, «күз күземнің келіп жеткені» жөнінде айтылған.

Поэмада қазірде халық арасында, тарихи деректерде белгілі адамдардың есімін де кездестіруге болады. Солардың ішінде Найманның ішіндегі Қайнар руынан шыққан игі жақсылары Шынасыл, Әбдібай, Тұрсын, Тәшен секілді адамдар қатарында атақты меценат болған «Мамания» мектебін ашқан Тұрысбек пен Сейтбатталдың әкелері Маман Қалқабайұлының есімі де кездеседі.

Ілиястың поэзиясының ауқымы қаншама мол, шалқар болса, оған айтылар ой-пікір де осал болмаса керек-ті. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейінгі тұста жарық көрген (1960 жылдар мен 1986-1998 жылдары)таңдамалы шығармаларына қазақ әдебиетттану ғылымының аса көрнекті ғылыми-зерттеушысі академик Мұхаметжан Қаратаев, Әбділда Тәжібаев, Мырзабек Дүйсенов, Тұрсынхан Әдірахманова, Рымғали Нұрғалиев, Бақыт Сарбалаев және тағы басқа ілиястанушылар өз тарапынан ақын поэзиясынның сан-салалы құпиялары мен ашылмаған қыр-сырын дәйекті зерттеу еңбектері мен монографиялар жазып, сол арқылы дүйім жұртты бір серпілтті. Осы игі қадам арқасында әдебиет жиырма жылға тарта поэзия нәрімен сусындатқан Ілияс ақынның кейбір танылмай, көрінбей жатқан асыл көмбелері, тіс жарар таза бұлақ кәусары баяу жылжып, қазақ әдебиеттану ғылымының алтын қорына қосылды. Бүгін Ілияс Жансүгіровтің күйлі, сыршыл сан ғасырлық, «Сұлу сөзбен алтын сарай салдыртқан» өлмес поэзиясы қазақ жұртының қымбат қазынасы, осы арқылы оның өр тұлғасы алаш елінің құлай сүйген адал да қадір тұтар сүйікті перзентіне айналды.

Иманғазинов Мұратбек Мүбәракханұлы

ф.ғ.д., профессор

Әдебиеттер:

1. Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш. Шығармалары. А.,1989
2. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Монография. А.,1965.
3. Әбдірахманова Т. Ақын арманы. А., Жазушы. 1965.
4. Ақберен. Жинақ.- А.,1972.

рахмет көп көп)
+1 дауыс

Мұхтар Әуезов - ғасыр перзенті

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры үстіміздегі ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын түсінуімізге көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғандабіз жалпы өткен кезге көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көруге мүмкіндік аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. Ғасырдан ғасырға, заманнан заманға ұласып келе жатқан «Абай жолы» романы – қазақтың мәдениеті мен дәстүрін ашық айқын көрсететін әдеби мұраларымыздың бірі. 

Мұхтар Әуезов мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды, оның өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай. Жазушының қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Осы дүлдүл қаламгердің тұңғиығының бізге есігін ашқанына, міне, 150 жыл толып отыр. Мұхтар Әуезов – қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа, қазақ әдебиетінің шыңына айналған, қазақ халқының ғасыр перзенті.

«Мұхтар Әуезов – сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын,өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс,» - деп Рымғали Нұрғалиев айтқан. Сондықтан да, уақыт өткен сайын қаламгердің ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсейік.

Халқымыз таланты, болмысы бөлек дарындыларға қашан да кенде емес. Әр заманда да ел көшін алға сүйреген әр тұлғалы азаматтар болған. Сондай ерен тұлғаның бірі – есімін ерекше ілтипатпен айтуға болатын белгілі жазушы – Мұхтар Әуезов. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылық қызметінің барлық қырлары туралы егжей-тегжейлі айту қиын. Мұхтар Әуезов – қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. М. Әуезовтың қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы орны ерекше.

Жазушының шығармашылығы – қазақ өнерінің кемелденуінің айғағы. 

Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – Әуезов. Ол – әлемдік құбылыс. Әуезов – ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.

рахмет көп көп)
...