+2 дауыс
7.4k көрілді
Мемлекеттік қызметке түсушілерге арналған тест сұрақтары, дайындық бағдарламарынымен бар бола бөлісулеріңізді өтініп сұраймын?!

Құрметпен осы сайттың жаңа қоланушысы byzhigit

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Тест тапсырмалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТУРАЛЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім болып табылады?
  • Қазақстан Республикасының Президенті қанша мерзімге сайланады?
  • Бір тұлға қанша рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алады?
  • Қазақстан Республикасының Президенті өкілді органның депутаты бола алады ма?
  • Қазақстан Республикасының Президенті Республикаға қарсы агрессия жасалған жағдайда қандай әрекет жасайды?
  • Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын кім тағайындайды?
  • Қазақстан Республикасының Президенті қанша депутатты тағайындай алады?
  • Қазақстан Республикасының Президенті сайлау нәтижелері жарияланған күннен кейін қандай мерзімде Парламенттің бірінші сессиясын шақырады?
  • Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенаты ұсынған Заңға қандай мерзімде қол қояды?
  • Шұғыл қарау үшін жарияланған заң жобасын Парламент қарамаған жағдайдағы Қазақстан Республикасы Президентінің іс-әрекеті
  • Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Палаталарының қандай отырыстарына қатысуға құқылы?
  • Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың Премьер-Министрін кімнің келісімімен тағайындайды?
  • Қазақстан Республикасының Президенті ҚР Үкіметі мәлімдеген орнынан түсуді қанша мерзімде қабылдайды?
  • Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешімді қандай жағдайда қабылдайды?
  • Қазақстан Республикасының Президенті облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын кімнің ұсынысына сәйкес тағайындайды?
  • Қазақстан Республикасының Президенті аудандық соттардың төрағаларын қандай органның ұсынысына сәйкес тағайындайды?
  • Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың Бас прокурорын кімдердің келісімімен тағайындайды?
  • Кім референдум бастамашысы бола алады?
  • ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
  • ҚР Президенті қандай нормативтік-құқықтық акті шығарады?
  • Республика Президентінің нормативтік сипаты бар және нормативтік сипаты жоқ актілері қай кезден бастап күшіне енеді?
  • ҚР Президентінің Республиканың мемлекеттік құпиялары бар актілері жариялануға жатады ма?
  • Республика Президенті қызметінен мерзімінен бұрын қандай жағдайда кетуі мүмкін?
  • Республика Президенті өзінің міндеттерін атқару кезінде жасаған іс-әрекеті үшін қандай жағдайда жауап береді?
  • Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе қандай жағдайда қозғалмайды?
  • ҚР Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған жағдайда ҚР Президентінің өкілеттілігі кімге ауысады?
  • Президент туралы Заң бойынша ҚР Президентімен бірге кімдер қорғалуға жатады?
  • Республиканың экс-Президенті атағы, құқығы мен өкілеттілігі, әлеуметтік қорғау және оны қорғау.
  • ҚР Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін кімнің меншігінде болады?

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ
  • Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
  • ҚР Конституциясында баянды етілген ең қымбат қазынаны атаңыз.
  • Қазақстан Республикасының басқару нысаны қандай?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен басқару нысаны қандай?
  • Мемлекеттік биліктің бастауы кім болып табылады?
  • Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
  • Қандай жағдайларда қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне жол беріледі?
  • Қандай жағдайда қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол берілуі мүмкін?
  • Қандай қоғамдық бірлестіктердің саяси ерекшеліктері бар?
  • Қандай жағдайларда Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердің кәсіптік одақтарының қызметіне жол беріледі?
  • Қазақстан Республикасында діни негіздегі саяси партияларды құруға жол беріледі ме?
  • Қазақстан Республикасы аумағында шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне жол беріледі ме?
  • Қазақстан Республикасында меншік қандай міндет жүктейді?
  • Қазақстан Республикасының жер қойнауы кімнің меншігінде болады?
  • Мемлекеттік ұйымдарда қай тіл қолданылады?
  • Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік нышандары бар?
  • Қандай жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылады?
  • Қазақстан Республикасы өзінің тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді ме?
  • Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың қандай құқықтары танылады және қандай кепілдік беріледі?
  • Заң мен сот алдында кімнің айрықша артықшылықтары бар?
  • Өлім жазасын белгілеу рәсімі қандай?
  • Адамды санкциясыз қанша мерзімге ұстауға болады?
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының тұтқындалған кездегі құқықтарын атаңыз.
  • Кімнің өз ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар?
  • Ана тілін пайдалануға кімнің құқығы бар?
  • Қазақстан Республикасында цензура бар ма?
  • Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер кіммен белгіленеді?
  • Шетелге шыққан Республика азаматтарының Республикаға қайтып оралуына құқығы бар ма?
  • Қандай жағдайда еріксіз еңбекке жол беріледі?
  • Қандай жағдайда тұрғын үйден айыруға жол беріледі?
  • Қандай жағдайда тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге жол беріледі?
  • Қандай жағдайда адамды өз мүлкінен айыруға болады?
  • Қандай жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру жүргізіледі?
  • Қазақстан Республикасында монополистік қызметке жол беріледі ме?
  • Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыруға жол беріледі ме?
  • Қазақстан Республикасында ақылы медициналық жәрдем бар ма?
  • Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қандай білім алуға міндетті?
  • Лауазымды адамдардың адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды жасыру жауапкершілігі қандай?
  • Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар өткізуге құқылы ма?
  • Кімнің сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ?
  • Қазақстан Республикасын қорғау кімнің парызы және міндеті?
  • ҚР Президентінің өкілеттік мерзімін көрсетіңіз.
  • Республика Президенті болып кім сайлана алады?
  • Конституцияға сәйкес Республика Президентінің кезекті сайлауының өткізілу мерзімін атаңыз.
  • Азаматтарға кешірім жасауды кім жүзеге асырады?
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке кім тағайындайды?
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қызметке кім тағайындайды?
  • Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын кімнің келісімімен қызметке тағайындайды?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын кім бекітеді?
  • Парламент өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылу негіздері.
  • Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі.
  • Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі.
  • Қазақстан Республикасының азаматы қанша жастан бастап Сенат депутаты бола алады?
  • Қазақстан Республикасының азаматы қанша жастан бастап Мәжіліс депутаты бола алады?
  • Парламент депутатының бір мезгілде басқа өкілді органның депутаты болуға құқығы бар ма?
  • Парламент депутатын қылмыстық жауапқа тарту үшін кімнің келісімі керек?
  • Республиканың Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын қызметке тағайындау кімнің ұсынысымен жүзеге асады?
  • Парламенттің бірінші сессиясын кім шақырады?
  • Заң шығару бастамасы құқығы кімге беріледі?
  • Қазақстан Республикасының заңдары қай кезден бастап күшіне енеді?
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі биліктің қай тармағын жүзеге асырады?
  • Үкімет өзінің қызметінде кімнің алдында жауап береді?
  • Үкімет мүшелері кімге ант береді?
  • Мемлекеттік меншікті басқаруды кім ұйымдастырады?
  • Ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болу құқығы кімге берілген?
  • Конституциялық Кеңестің Төрағасы бір мезгілде облыстық маслихаттың депутаты бола алады ма?
  • Кім Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді?
  • Конституциялық Кеңестің шешіміне кім қарсылық білдіруі мүмкін?
  • Адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірілген деп танылған Қазақстан Республикасының заңдары қолданылуға жатады ма?
  • Қазақстан Республикасында сот төрелігін кім жүзеге асырады?
  • Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады?
  • Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?
  • Конституцияға сәйкес Заңды қолданған кезде судья қандай принциптерді басшылыққа алуы тиіс?
  • Қандай адам кінәлі емес деп есептеледі?
  • Тұтқындалған адамның кінәлі екендігі жөніндегі күдік кімнің пайдасына қарастырылады?
  • Қазақстан Республикасының Конституциясымен қандай сот төрелігінің принциптері белгіленген?
  • Қанша жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары судья бола алады?
  • Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қандай қаражат есебінен жүргізіледі?
  • Жоғарғы Соттың нормативтік құқықтық актілерге түсіндірме және түсініктемелер беруі бөлігіндегі функциялары қандай?
  • Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін кім басқарады?
  • Кім мемлекет атынан заңдардың дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады?
  • Қазақстан Республикасының Прокуратурасы жүйесі кімге бағынады?
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өкiлеттiк мерзiмi.
  • Қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді кім жүзеге асырады?
  • Жергілікті өкілді органдарға түсініктеме беріңіз.
  • Қазақстан Республикасының азаматы қанша жастан бастап мәслихат депутаты бола алады?
  • Жергілікті атқарушы органдар қандай жүйеге кіреді?
  • Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қандай нормативтік құқықтық актілер қабылдайды?
  • Әкімдер өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қандай нормативтік құқықтық актілер қабылдайды?
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдері қандай тәртіппен жойылады?
  • Әкімдердің заңсыз шешімдері мен өкімдерінің күшін кім жоюы мүмкін?

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ
  • Біліктілік талаптары және олардың қолданылу жолдары.
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметші ұғымы.
  • Мемлекеттік қызметшіге қай қордан жалақы төленеді?
  • Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол беріледі ме?
  • Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде нені басшылыққа алады?
  • Мемлекеттік қызмет туралы заң кімдерге қолданылады?
  • Мемлекеттік қызметшіге жатпайтын, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдардың тізілімін кім белгілейді?
  • Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган кімге есеп береді?
  • Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін кім құрады?
  • Уәкілетті органның шешімі қандай актінің нысанында ресімделеді?
  • Уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің шешімдері қай нысанда ресімделеді?
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметін саралау.
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін және санаттар тізбесін кім бекітеді?
  • Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленеді ме?
  • Мемлекеттік қызметшілердің басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайдағы мемлекеттік қызметшінің әрекеті.
  • Мемлекеттік қызметшінің жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өкілеттігімен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайлардағы әрекеттері.
  • Мемлекеттік қызметшілер ант беруге міндетті ме?
  • Мемлекеттік қызметші мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға міндетті ме?
  • Мемлекеттік қызметшінің өкілді органдардың депутаты болуға құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшінің педагогтік қызметпен айналысуға құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшінің коммерциялық ұйымды басқару ісіне қатысуға құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшінің үшінші тұлғаның істері бойынша өзі қызмет ететін мемлекеттік органда өкіл болуға құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшінің сенім білдірілген, басқаруға берілген мүліктен табыс алуына рұқсат етіледі ме?
  • Мемлекеттік қызметке кімді қабылдауға болмайды?
  • Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі қандай жағдайларда жүзеге асырылады?
  • Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу қандай негізде жүзеге асырылады?
  • Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін кім айқындайды?
  • Мемлекеттік саяси қызметшілер мен тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін кім айқындайды?
  • Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол беріледі ме?
  • Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қандай талаптар қойылады?
  • Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде не табыс етуге міндетті?
  • Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін арнайы тексеруден өту міндетті ме?
  • Заңда белгіленгеннен басқа, мемлекеттік қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптардың айқындалуы мүмкін бе?
  • Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды қандай лауазымды адам айқындайды?
  • Кадр резервіне тіркелгендер қандай уақыт аралығында тиісті мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады?
  • Азамат конкурстық комиссияның шешіміне шағым жасай алады ма?
  • Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін кім белгілейді?
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметіне шетел азаматы кіре алады ма?
  • Конкурс өткізудің нәтижесінде мемлекеттік лауазымға орналасуға негіз бола алатын белгілер.
  • Кім мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысушылардан кадрлар резервіне тіркеледі?
  • Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған азаматқа қандай мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін?
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметші үшін сынақ белгілеу тәртібі.
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің азаматтармен жұмыс істеу қабілеті қандай жолмен анықталады?
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшіні аттестаттау, оны жүргізудің тәртібі мен талаптары.
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іссапарлары.
  • Қай мемлекеттік орган кадрлар резервін қалыптастырады?
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жалақысы.
  • Бюджет қаржысының қысқаруы жалақыны азайту үшін негіз бола алады ма?
  • Мемлекеттік қызметшіге қандай мерзімге ақы төленетін кезекті демалыс беріледі?
  • Мемлекеттік қызметші кезекті немесе қосымша демалыстан шақыртылып алынуы мүмкін бе?
    Заң бойынша мемлекеттік қызметші қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне қандай әлеуметтік қорғау шаралары көзделген?
  • Заң бойынша мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге арналған қандай әлеуметтік қорғау шаралары көзделген?
  • Мемлекеттік органның штаты (саны) қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге қандай төленім жүргізіледі?
  • Мемлекеттік саяси қызметшілердің отставкасы және қызметтен босауы.
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз.
  • Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өз тілегі бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруі мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз бола алады ма?
  • Келісім-шарт мерзімінің аяқталуы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз бола алады ма?
  • Өз табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәлімет беруі мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылады ма?
  • Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына құқығы бар ма?
  • Мемлекеттік қызметшілердің заңда көзделген жауаптылығы мен тәртіптік жазалардың түрлері.
  • Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазаны кім қолданады?
  • Тәртіптік лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттік әкімшілік қызметшіге жауапкершілігі туралы мәселе шешілгенге дейін қандай шара қолданылуы мүмкін?
  • Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайдағы мемлекеттік қызметшінің әрекеті.
  • Мемлекеттік қызметші лауазымы жоғары тұрған басшы жазбаша растаған жағдайда, заңдылығы күмән туғызатын өкімді орындауға тиісті ме?
  • Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін кім жауап береді?
  • Мемлекеттік қызметші өзін жауапқа тартуға байланысты материалдармен таныстырылуға міндетті ме?

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ
  • Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық туралы ұғым.
  • Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік түрлері.
  • Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес лауазымды тұлға туралы ұғым.
  • Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға туралы ұғым.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілеріне кімдер жатады?
  • Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының қолданылу аясын көрсетіңіз.
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза қандай нормативтік құқықтық актілерде көзделеді?
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін атаңыз.
  • Қай органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырады?
  • Мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамдарға қандай талап қойылады?
  • Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында көзделген қаржы-бақылау шаралары.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы.
  • Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану және актілер мен іс-әрекеттердің күшін жою рәсімі қандай?
  • Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың түрлері және олар үшін жауаптылық.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктері.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық түрлері қандай нормативтік құқықтық актілерде белгіленген?
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі ұстанымдары қандай нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген?
  • Мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамның мемлекеттік міндеттерді атқаруға байланысты қойылатын шектеулерді қабылдамауы қандай салдарларға әкеп соғады?
  • Жақын туыстардың немесе жекжаттардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу туралы Заң нормаларының мазмұны қандай?
  • Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алу сияқты сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлері.
  • Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарының зардаптарын жою рәсімдері және оларды жоймаудан туындайтын зардаптар.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ
  • Әкімшілік рәсімдер туралы ұғым және олардың түрлері.
  • Мемлекеттік орган туралы ұғым және оның функциялары.
  • «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңға сәйкес лауазымды адамдар туралы ұғым.
  • Заңмен регламенттелген әкімшілік рәсімдердің қолданылу шектері.
  • Әкімшілік рәсімдерін белгілеу ұстанымдары.
  • Мемлекеттік органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезінде шешімдер қабылдау рәсімі мен нысаны.
  • Мемлекеттік органның жеке қолданылатын құқықтық актілері туралы ұғым.
  • Құқықтық актілерге және оларды рәсімдеуге қандай талаптар қойылады?
  • Құқықтық актінің орындалуын ұйымдастыру мен бақылау (түрлері, жолдары және өлшемдері).
  • Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі.
  • Мемлекеттік органдар құқықтық актілерінің күшіне енуі және қолданылуының тоқтатылуы.
  • Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау.
  • Жеке-дара қызмет билігі туралы ұғым.
  • Алқалы мемлекеттік органдардың қызметтері туралы ұғым, олардың нысандары және ұйымдастырылуы.
  • Мемлекеттік органдарда қызметтік құжаттардың қаралу және өту рәсімдері
  • Ақпарат алмасу туралы ұғым, ақпарат алмасудың мақсаттары мен оған қойылатын талаптар.
  • Қызметтік құжаттардың орындалуын бақылау
  • Азаматтардың құқықтарын іске асыру рәсімдеріне қойылатын талаптар
  • Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі.
  • Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы шешімге шағымдану
  • Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қарау.
  • Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтарды және бағынысты қызметшілерді жеке қабылдау жүргізу рәсімі.
  • Азаматтардың өтініштері бойынша іс қағаздары қалай жүргізіледі?
  • Экономика саласында шешімдер қабылдаудың негізгі рәсімдері және
    оларға қойылатын талаптар.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ
  • Нормативтік құқықтық акт туралы ұғым, оның деңгейі және олардың түрлері.
  • Заңдар, құқық нормасы, уәкілетті орган туралы ұғымдар.
  • Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының қолданылу саласы.
  • Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері.
  • Регламент туралы ұғым.
  • Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама.
  • Нормативтік құқықтық актілердің сатысы.
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары неге негізделеді?
  • Нормативтік құқықтық актіні қабылдап, оны күшіне енгізу тәртібі.
  • Нормативтік құқықтық актілердің тікелей қолданылуы.
  • Қайшылықтар орын алған кезде әр түрлі нормативтік құқықтық актілерінің құқық нысандарын қолдануы.
  • Нормативтік құқықтық актілерді жариялау.
  • Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары: оның түрлері және мазмұны.
  • Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру.
  • Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау.
  • Қазақстан Республикасының Парламенті шығаратын нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлау.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстарын жоспарлау.
  • Нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеу тәртібі мен өкілеттігі.
  • Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу.
  • Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері.
  • Нормативтік құқықтық актінің құрылымы және мәтінінің жазылу стиліне қойылатын талаптар.
  • Нормативтік құқықтық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу рәсімі.
  • Нормативтік құқықтық актінің күші жойылғанын және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер (толықтырулар) енгізілгенін белгілеу.
  • Нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілдік берілген адамдар.
  • Нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу уақыты.
  • Нормативтік құқықтық актінің кері күші.
  • Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімі.
  • Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі.
  • Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату негізі.
  • Орталық мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін қай орган жүзеге асырады?
  • Құқықтық ақпараттық бірыңғай жүйесін қандай мемлекеттік орган жасайды?
  • Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы туралы ұғым.
  • Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу негізі мен рәсімі.

    «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ СҰРАҚТАРЫ
  • Мемлекеттік қызметті атқару – оның негізгі талаптары
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі нені белгілейді?
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің мәтінінің мемлекеттік органның ғимараттарында орналастырылуын кімдер қамтамасыз етеді?
  • Мемлекеттік қызметшілердің өз қызметіндегі міндеттері
  • Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілердің міндеттері
  • Өзіне бағынысты қызметшілері болатын мемлекеттік қызметшілердің міндеттері
  • Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуі.
  • Мемлекеттік қызметшілердің көпшілік алдында өз пікірін білдіруі
  • Мемлекеттік қызметшінің атына негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайдағы әрекеті
  • Мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп негізсіз көпшілік алдында айыптаған жағдайдағы әрекеті
  • Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік борышы
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі
  • Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтамау фактілерін ұжымдық қарау.
Сұрақтарыңыз үшін рахмет, жауаптарында жіберсеңіз сіздің тарапыңыздан үлкен көмек болатын еді... Бәрін жаттап алұға сөз беретін едім...!
Интернеттен іздеүге болады әрине, бірақ кейбіреулері логикалық тұрғыда ойлануды талап етеді (жауабына сай келмей қалады). Ондай кезде күдіктеніп тұрамын, дұрыс-бұрыстығына.
0 дауыс
Ербол сізге үлкен рахмет!!! Осы сайтта қойылған осы мзмұндағы сұраққа нақты көмек көрсетен сіз біріші адам шығарсыз, тағыда рахметімді айтам! Жауабы болса тіпті жақсы болар еді.
0 дауыс
Саламатсыздарма! кімде қазақша тест нұсқасы бар? Бар болса поштама жіберініз өтінем! Коп коп рахмет алдын ала осы 2015 жылдын тесттери болса anariko_90@mail.ru жибериниздерши отиниш
0 дауыс

Теске дайындалу үшін құрастырылған программа Бар !!! 10 000, lil_kz@bk.ru

0 дауыс
Ербол сізге көп-көп рахмет! Жауабы жоқ па?
0 дауыс
Нақты осы сұрақтар келе ма әлде ауысып отырады ма?
...