Ислам( араб.:إسلام( — әлемдік монотеисттік- ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», ( Аллаһтың заңдарына) [1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім ( араб.:القرآن الكريم( — классикалық әдеби араб тілінде ( араб.:الفصحى( Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус)т.б. бар. [2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед.
Исламның негіздері
Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды [3]
Толық мында:
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%BB%D0%B0%D0%BC