Ауыл мектептері көп жетістіктерге жете ме әлде қала мектептері ме?

0 дауыс
1.2k қаралым
Ауыл мектептері көп жетістіктерге жете ме әлде қала мектептері ме? неге?
• Санаты: Мектеп

2 жауап

+2 дауыс

Мұндай сауал туындайтындай қала мектептері мен ауыл мектептерінің деңгейлік айырмашылығы аса үлкен деп ойламаймын. Еліміздегі мектептердің деңгейі негізінен ұқсас. Ауылда мамандар жетіспейтіні рас, бірақ қала мектебіндегі білім беру де бір жүйеге түспеген, заманауи техниканы сатып алып қойғаны болмаса, кейбіреуі әлі Кеңестік жүйемен жүреді. Жалпы, қала болсын, ауыл болсын мектептегі білім беру сапасы көңіл көншітерлік емес... Жетістік деп нені айтуға болады? Олимпиададан нешінші орын алды, қанша білім беру ісінің үздігі шықты, қанша түлек Алтын белгі иегері атанды, аудандық, қалалық, облыстық рейтингте нешінші орын алды? дегендер ме))) Мен үшін мектептің ең үлкен жетістігі - шынайы білім сапасы болуы тиіс... Аталғандарды "жетістік" деп айта алмайды екем)

0 дауыс
Қалада оқу ауылдардан жақсы.себебі ауылда Көп мұғалімдер жетіспейді,заманауи техника(компютер,интерактивный тақта деген сияқты)Ал балалары оқиды…
Қалада бәрі болса да балалар оқымайды(бәрі емес,көбісі)
Бірақ көптеген мектептер жақсы…
Жалпы сондай айырмашылық жоқ.
127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы