+3 дауыс
457 көрілді
Әзірге сайттың бэкапын Duplicator плагинімен жасап жүрмін. Бірақ скан жасап болған соң кейбір жері warn деп қызыл түс боп шығады. Тесік-жамау бэкап жасалған шығар деп уайымдаймын. Білетіндер болса, бэкаптың қалай жасалған жолы өте дұрыс, әрі тиімді?

2 жауап

+4 дауыс

Мен алдын деректор қорым аз кезінде Sypex Dumper бакап алатын скрипті қолданатынмын. Өте жылдам әрі сапалы бакап жасайтын. 500 мб-дейін жақсы жұмыс жасайды. Қолдану жағы да өте оңай.

Ал қазір менің деректор қорымның көлемі 2 гб және 16 000 000 жазбаны құрайтын болғандықтан ISPManager-дің өзінің бакап алу жүйесін қолданамын. Импорттаған кезде де ешқандай келеңсіз жағдайлар орын алмайды.

Сондықтан мен SSH арқылы экспорттап немесе импорттағанды дұрыс көремін.

Plesk(ps.kz хостингтерінде) болсын немесе ISPManager(hoster.kz) хостингтерінде болсын ftp аккаунт ашқанда SSH рұқсат алуға болады. Ары қарай Putty арқылы ssh қосылып экспорттау үшін:

mysqldump -u пользователь_БД -p имя_БД > имя_файла

Ал импорттау үшін:

$ mysql -u username -p -h localhost DATA-BASE-NAME < data.sql

командасын қолданған дұрыс.

Егер өзіңде хостинг емес VPS немесе жеке сервер болса онда мына жазба саған көмекке келеді.

http://codeo.kz/blog/mysql/23.html

+2 дауыс
Рақмет, Админ! Хостингім ps.kz сол. Жеке блогқа арналған сайт болғандықтан салмағы да көп бола қоймас деп ойлаймын. Жауаптың көп көмегі тиді.
сайтыңның ссылкасын берш
...