+1 дауыс
12.9k көрілді
Мына сұрақ біртүрлі.Бірақ өз ойларыңызды айтыңыздаршы. Бірінші тауық пайда болды ма? Әлде жұмыртқа ма. Осы қызық сұраққа өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

3 жауап

0 дауыс
Алайда бұл сұрақтың жауабын әлі ешкім таба алған жоқ. Дегенмен, жуырда ғана генетик-ғалым, философия майталманы және құс фермасының қожайыны – үш саланың өкілі бірігіп, бұл сұрақтың жауабын тауыпты. Олардың шешімі бойынша, дүниеде бірінші болып жұмыртқа пайда болыпты. Ноттингем университетінің эволюциялық генетика маманы Джон Брукфилдтің айтуынша, жануардың гендік құраушысы өмір сүру барысында еш өзгеріссіз қалады. Бұдан шығатыны, қазір біздің тауық деп жүрген құсымызға айналған ең алғашқы құс алдымен жұмыртқаның ішінде эмбрион түрінде болған. Өйткені жұмыртқа ішіндегі тірі ағзаның ДНК-сы сол жұмыртқаны жарып шыққан құстың ДНК-сымен бірдей құрылымда. Осы тұжырымдарды зерттей келе, ол эволюциялық мағына бойынша алдымен жұмыртқа болды деген шешімге келген.

Бұл пікірмен Лондон колледжінің профессор-философы Дэвид Папино мен құс фермасының иесі Чарльз Боурнс та келіскен. Дэвид Папино бұл сұраққа бас қатырмай былай ғана жауап берген: ең алғашқы балапан жұмыртқадан шыққан, яғни жұмыртқа балапаннан бұрын пайда болды деген сөз.
0 дауыс
Әрине бірінші жұмыртқа пайда болды
қалай сонда жұмыртқаны кім туды
+1 дауыс
Талқылаудың қажетi жоқ мәселе. Алла адамды жаратқандай, бiрiншi тауық пен қоразды жаратқан, себебi жұмыртқадан пайда болған жағдайдың өзiнде де, балапан өздiгiнен өсiп өне алмайды.
...