0 дауыс
4.8k көрілді
Абылай хан мен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты салыстырып, елді билеуінің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы айтып беріңіздерші.

5 жауап

0 дауыс
1990 жылдардың басында «Арғы-бергi өмiрiмiзде Абылайдай асқақ, Абылайдай терең, Абылайдай көреген қолбасшы, Абылайдай мәмiлегер мемлекет басшысы болған емес» дейтін риторика мен Қазақстан президентін Абылайға теңеу байқалған еді. Кейін мұндай пікірлер біршама бәсеңдегендей болды. Мұның себебі не деп ойлайсыз?

​Зардыхан Қинаятұлы: Абылай хан – ұлы тұлға. Әскери, саяси тұрғыдан қарағанда да солай. Оны мемлекеттік деңгейде мойындау керек. Мемлекет құрған хан ретінде жоңғарға қарсы соғыста атқарған рөлі зор. Абылай қазақтың бас ханы болмаған деген пікірлер айтылды бір кездері. Абылай хан 1771-1781 жылдар арасында бас хан болды. Оны Ресей мойындамағанымен, халық өзі мойындады.
 Бірақ қазақтың мемлекеттігін құрған тек Абылай хан деуге де болмайды. Қазақтың 32 ханының әрқайсысының өз рөлі бар. Қасым хан мен Хақназар хан  тұсында қазақтың қазіргі шекарасы қалыптасты. Ол шекара бүгінге дейін өзгерген жоқ. Соның негізінде келе жатырмыз.

 Қазанның 2-сі күні ресми БАҚ жариялаған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Абылай хан туралы мақаласында: «Айбарлы Абылай аңсаған асқақ арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ жетті. Қазіргі жасампаз Қазақстан іргесі берік, ынтымағы мығым, төрт құбыласын тегіс мойындатқан тәуелсіз мемлекетке айналды» деген жолдар бар.Назарбаев - шынымен де көреген басшы,дана саясаткер.

Не десекте әр ел басқарған адамның өзіндік орны бар.

http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_anniversary_of_abylai_khan/25124815.html
0 дауыс
Басқасын білмеймін екеуінің ең ұқсас мінезі екіжүзділік қасиет (бұны жоққа шығаратын адам, тарихты, саясатты білмейтін адам)
билікте жүріп бірбеткей болу мүмкін емес. Ондайларды атып кетеді.
Әркімге (АҚШ, Ресей, Қытай) жағымпазданып екіжүзділікпен актерлік өнерін көрсетіп ел басқарудың өзі өнер.
Дұрыс айтасыз, егер Абылай ондай саясат ұстанбаған болса қазақ деген халық мүлдем жойылып кетер ме еді, жоңғарлар сияқты
+1 дауыс
Ол заман басқа Бұл заман басқа
+1 дауыс
Екеуі де білікті дипломат, көреген саясаткер. Бірі екі алыптың ортасындағы Қазақ елін сыртқы қатерден қорғап қалса, енді бірі бейбіт замандағы Қазақ елінің ішкі тұрақтылығы мен әлем елдерімен байланысын нығайтуға күш салуда. ҚОЛДА БАРДЫ БАҒАЛАЙЫҚ!  БАР КЕЗІНДЕ БАҒАЛАЙЫҚ!
Керемет, не деген сөдер.
0 дауыс
Менімше Назарбаевты Абылай ханмен салыстыруға келмейді.
...