+1 дауыс
1.8k көрілді
Әлемдегі ең қауіпті қала? ең қауіпті ел қай ел деп ойлайсыздар?

4 жауап

+1 дауыс
Судан ливия ма  қазір соғыс жиі болып жатр екен ғой. Содансоң Афганистан жерлерінде мина көп екен
0 дауыс
Сьюдад-Хуарес, Мексика

Каракас, Венесуэла

Сан-Педро-Сула, Гондурас

Гватемала, Гватемала

Сан-Сальвадор, Сальвадор

Кали, Колумбия

Новый Орлеан, США

Кейптаун, ЮАР

Порт-Морсби, Папуа-Новая-Гвинея

http://mirfactov.com/top-10-samyih-opasnyih-gorodov-mira/

 

Әлемдегі ең қауіпті қалалар аталды

Мексикандық «Қоғамдық қауіпсіздік және қылмыстық сот әділеттігі азаматтық кеңесі» үкіметтік емес ұйымының талдауына сәйкес Гондурастың Сан-Педро-Сула қаласы төртінші жыл қатарынан ең қауіпті қала болып танылып отыр, деп хабарлады inform.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Осы ұйымның президенті Хосе Антонио Ортеганың айтуынша, 2014 жылы Сан-Педро-Суладағы кісі өлімі әрбір 100 мың адамға шаққанда 171,2-ден келіп отыр. Екінші орында Венесуэланың астанасы  - Каракас (100 мың адамға шаққанда 116 кісі өлтіру оқиғасы) және мексикандық Акапулько курорты (104-тен астам кісі өлтіру) тұр.

Бұл рейтинг пайда келтіреді, бұл саяси жұмыс, ол билікке және азаматтық қоғамға жағдайды білуге көмектеседі, өкімет тарапынан кісі өлімі деңгейін төмендету жөнінде уәде де бар», - деп мәлім етті Ортега.

Кеңестің мәліметтеріне қарағанда, әлемдегі 50 қауіпті қаланың 47-сі американдық құрлықта, соның ішінде 43-і - Латын Америкасында орналасқан.

Дегенмен колумбиялық және мексикандық қалаларда зомбылықпен кісі өлтіру деңгейін төмендету жөніндегі көрсеткіштер жақсарған. Мәселен, қылмыстық Терреонда (Мексика) кісі өлтіру саны бір жылдың ішінде ғана 100 мың адамға шаққанда 54,2-ден 27,8-ге төмендеген. Ал колумбиялық Медельинде 2010 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің төмендеуі 67 пайызды құраған - 82,6-дан 26,9-ға дейін.

Тізімдегі 50 қауіпті қаланың 19-ы Бразилияда, 10-ы - Мексикада, бесеуі - Колумбияда, төртеуі - Венесуэлада және тағы төртеуі - АҚШ-та орналасқан, деп атап өтеді ұйым.
0 дауыс
Тұрғындардың тынышын кетіретін әлемдегі қауіпті нөмірі бірінші ел - Гондурас.

Венесуэланың антирейтингін Gallup аналитикалық компаниясы азаматтық қауіпсіздік индексіне сүйене отырып шығарған. Бұл нәтиже полицейлерге сенім, тұрғындардың қауіпсіздігі мен ұрлық-зорлық фактілерін екшей келе шығарылған. Венесуэллада 74 пайыз тұрғындар полицейге сенбесе, ірі-басты заматтардың 19 пайызы ғана түнде жүруден қорықпайтынын айтқан. Ал 22 пайызы - соңғы жылдары өздері мен өзге жақындарының зорлық құрбаны болғандарын жеткізген. БҰҰ-ның мәліметінше, наша мен қылмыс жөнінен Венесуэланы Гондурас басып озады. Мұнда 100 тұрғынға шаққанда адам өлтіру фактілері 90,4 пайызды құраса, Венесуэлада бұл көрсеткіш 53,7 пайыз. Сарапшылар Латын Америкасындағы қауіпсіздеу елдің қатарына Никарагуаны жатқызады.
0 дауыс
Біздің ауылға келшиш братан Актау жаққа әке-шешеннін атын ұмытып қаласынғо
адок атак ЖАҢАӨЗЕН де турам озн блетн шгарсын қандай екенін

Ұқсас сұрақтар

...