+1 дауыс
4.1k көрілді
Мұғалімдер мен дәрігерлердің айлық табысынан ұсталатын жеке табы салығын есептегенде міндетті зейнетақы қорымен ең төменгі күнкөріс деңгейі соммасы шегерімге алынады. Сол сияқты тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінен бюджет есебінен несие алғандардың ай-сайынғы төлемі жеке табыс салықты есептеуде шегерімге жатқызыла ма? Жалпы табыс салығын есептеуде бюджет есебінен алынған несие есепке алына ма?

3 жауап

0 дауыс
Мына жерде бар http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V950000073_
0 дауыс
Жеке табыс салығы. Төлем көзінен ұсталынбайтын жеке табыс салығы

  Салық Кодексінің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер Салық Кодексінің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
   Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
   Жеке тұлғаның:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Салық салу объектілері Салық Кодексінің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
  Мынадай табыс түрлері төлем көзінен салық салынбайтын табыстарға жатады:
1) мүліктік табыс;
2) дара кәсіпкердің табысы;
3) жекеше нотариустар жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табысы;
4) басқа да табыстар.
  Осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 2 және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар мүлiктiк табыс болып табылмайды.
  Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарды қоспағанда, осы баптың бірiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында және 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген табыстар басқа да табыстар болып табылмайды.
  Егер осы Кодекстің осы бабында және 182-бабында өзгеше белгіленбесе, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына Салық Кодексінің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.
  Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының Салық Кодексінің 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
  Төлем көзінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасы Салық Кодексінің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыс пен осы Кодекстің 166-бабы 5 және 6-тармақтарының ережелері ескеріліп, Салық Кодексінің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
  Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушіде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші Салық Кодексінің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы төлем көзінен салық салынбайтын барлық табыс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді.
  Салық Кодексінің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысын айқындаған кезде жүргізілмеген болса, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады.
  Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерінен басқа дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кәсіпкердің табысы бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы дара кәсіпкердің Салық Кодексінің 133-бабында көзделген табыстары мен шығыстары сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сәйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған табысына Салық Кодексінің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.
  Бұл ретте есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының Салық Кодексінің 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады.
  Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер Салық Кодексінің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.
   Салық кезеңінің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша дербес жүзеге асырады.
  Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер Салық Кодексінің 61-тарауына сәйкес арнаулы салық режимдерінде көрсетілген шеңберлерде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеуді жүргізеді.
0 дауыс
Жоқ табыс салығын есептегенде несиеге төленетін сомасы шегерілмейді (бұл жерде несие төленетін ақы да табысқа жатқызылады) әрине подоход. ұсталады. (Несиеге төленетін ақша бюджет есебінен болсын, басқалай болсын айырмашылығы жоқ)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 7.05.2013 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
Аноним 24.11.2016 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...